Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында Степногорск қаласына бағытталған автожолдың 39-шақырымында Honda CR-V және Nissan Primera көліктері соқтығысты.
Апат салдарынан Honda көлігінің төрт жолаушысы жарақат алды, олардың екеуі – кәмелетке толмаған балалар. Сонымен қатар Nissan көлігінің бір жолаушысы зардап шекті. Барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.
Қазіргі таңда полиция оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатыр. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.