-6.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында қызметтік міндетін атқару кезінде полиция инспекторы қаза тапты

Ақмола облысында қызметтік міндетін атқару кезінде полиция инспекторы қаза тапты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының полиция департаменті қызметтік міндетін орындау барысында патрульдік полиция инспекторының қаза болуына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Қайғылы оқиға биылғы жылдың 7 желтоқсанында «Астана–Ерейментау–Шідерті» автожолында болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, жүргізушілерге жылдамдықты төмендету мен жолдың тарылғаны туралы ескертіп тұрған патрульдік полиция инспекторы Әскербеков Асанәлі Асхатұлын қағып кеткен.

Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы толық анықталып жатыр.

Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әріптесінің отбасына, туған-туыстарына терең және шынайы қайғырып, көңіл айтады.

Департамент аталған факті бойынша жан-жақты, мұқият әрі объективті тергеп-тексеру жүргізілетініне сендірді.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз