11.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында трактор-тиегіштің астында қалған ер адам көз жұмды

Ақмола облысында трактор-тиегіштің астында қалған ер адам көз жұмды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға ағымдағы жылдың 6 маусымында сағат 13:30 шамасында Державинск қаласынан екі шақырым жерде болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Lunking маркалы доңғалақты трактор-тиегіштің кабинасында бір ғана орын қарастырылғанына қарамастан, жолаушы сүзгі кассетасында тұрған. Қозғалыс кезінде жолаушы тепе-теңдігін жоғалтып, абайсызда трактордың артқы дөңгелегінің астына құлаған. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Трактор жүргізуші сау болған. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазіргі кезде, трактор мамандандырылған тұраққа орналастырылып, тергеу амалдары жүргізілуде», — деп түсіндірді ведомстводан.

spot_img
spot_img
Мәселе
spot_img
Барлық мақалалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз