-0.3 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында есірткіге масайған такси жүргізушісі ұсталды

Ақмола облысында есірткіге масайған такси жүргізушісі ұсталды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының патрульдік полиция қызметкерлері есірткілік масаң күйде көлік жүргізген такси жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Екатеринбург – Алматы тасжолының 1006-шақырымында болған. Полицейлер Toyota Alphard автокөлігін тоқтатқан. Рөлде 2002 жылы туған азамат отырған. Ол тиісті рұқсат құжаттарынсыз жолаушы тасымалдаумен айналысқан.

Көлікте үш жолаушы болған: екеуі жүргізушінің туысы, ал үшіншісі — inDrive қосымшасы арқылы табылған клиент. Белгілі болғандай, ол Нұр-Сұлтаннан Қостанайға дейінгі жолақысы үшін 15 мың теңге төлеген.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушіден есірткі қолдану белгілерін байқаған. Медициналық сараптама нәтижесі оның есірткі заттарын пайдаланғанын растады.

Құқық бұзушыға қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылды:

  • ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі – есірткі немесе алкоголь әсерінде көлік жүргізу;

  • ӘҚБтК 463-бабының 1-бөлігі – рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысу.

Көлік айып тұрағына қойылды.

Полиция департаменті тұрғындарға көлікті мас күйде басқару мен заңсыз тасымалдың жол қозғалысы қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретінін ескертеді. Мұндай әрекет үшін жүргізуші куәлігінен айыру, әкімшілік қамау және айыппұл көзделген.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз