20.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында бірқатар ірі автожолдарда орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Ақмола облысында бірқатар ірі автожолдарда орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биыл «Көкшетау – Зеренда», «Көкшетау – Рузаевка», «Көкшетау – Омбы» сияқты маңызды автожолдар жаңартылуда. Жолдардың сапалы жөнделуіне ерекше көңіл бөлінуде.
Маңызды жобалардың бірі – «Көкшетау – Кішкенекөл – Бидайық – РФ шекарасы (Омбы бағыты)» республикалық маңызы бар автожолының 14-50 шақырымдарындағы учаскесінің орташа жөндеуі. Жөнделетін жалпы ұзындық – 36 шақырым.

Өткен жылдан бері мұнда 12 шақырымда жол жамылғысының негізі ресайклинг әдісімен жаңартылды, 11 шақырымда ірі түйіршікті асфальтобетон қоспасынан төменгі қабат төселді, ал 1,5 шақырымда майда түйіршікті асфальтобетоннан жоғарғы қабат төсеу
Ақмола облысы бойынша РМК «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалының инженерлері нысанға үнемі барып, жол-құрылыс материалдарынан сынамалар алып, жөндеу жұмыстарының сапасына тексеру жүргізіп отырады.

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар «Көкшетау – Атбасар» автожолының Зеренда ауылынан Көкшетау қаласына дейінгі бөлігі де жаңартылып жатыр. Өткен жылы бұл учаскенің үш шақырымына жаңа асфальт төселген болатын. Қазір жол ені 11 метрге дейін кеңейтіліп, фракциялық қиыршықтастан негіз төсеу, кейінгі ресайклинг пен цементтеу, асфальттау жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жолда қозғалыс үш жолақ бойынша ұйымдастырылады, олардың бірі реверсивті жолақ болады. Мұндай қозғалыс схемасы жолдың өткізу қабілетін едәуір арттырып, апаттылықты азайтады, әсіресе жүктеме көп болатын маусымда, әрі туристер мен өңір тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасайды.

«Бұл жобалар өңірдің инфрақұрылымдық дамуы үшін өте маңызды. Олар сапалы әрі ұзақ мерзімді болуы қажет. Сондықтан жол-құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда. Жол активтері сапасының ұлттық орталығының филиалы жөндеу жүріп жатқан учаскелерге тұрақты түрде шығып, жұмыстардың сапасын қадағалап, жол материалдарынан сынама алады. Бұл сынамалар кейін стандарттар мен талаптарға сәйкестігін анықтау үшін зертханалық сынақтардан өтеді», – деді РМК «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» Ақмола облыстық филиалының директоры Талғат Қайратхан.

Аталған жобалардың жүзеге асырылуы өңірдің көлік инфрақұрылымын жақсартуға, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және автокөлік жүргізушілері үшін жайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

spot_img
spot_img
Мәселе
spot_img
Барлық мақалалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз