-12.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында қаза тапқан полицеймен қоштасты

Ақмола облысында қаза тапқан полицеймен қоштасты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында ішкі істер органдарының қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция аға лейтенанты Асанәлі Асхатұлы Әскербековті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Қоштасуға оның отбасы мен туған-туыстары, қызметтес әріптестері, облыс тұрғындары және ардагерлер қатысты. Бәрінің жүрегінде – адал қызметімен ел сенімін ақтаған офицерге деген құрмет, ауыр қазаға деген күйзеліс.

Рәсім барысында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің атынан жолданған көңіл айту жеделхаты оқылды. Онда Асанәлі Әскербековтің есімі кісіге қайырымы мол, кәсібіне адал, ел мүддесіне берілген офицердің жарқын үлгісі ретінде есте қалатыны атап өтілді.

Асанәлі Асхатұлы көп жыл бойы ішкі істер органдарында абыройлы қызмет атқарды. Полиция департаментінің басшылығы оның кәсібилігін, жауапкершілігін, принципшілдігін және адами болмысын ерекше қадірледі. Әріптестері оны сенімді жолдас, адал офицер, ел патриоты ретінде еске алады.

«Бұл – отбасына ғана емес, бүкіл департамент ұжымына ауыр қаза», – деп атап өтті облыстық ПД өкілдері.

Қоштасу рәсімінен кейін қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан офицердің рухына құрмет ретінде үш рет оқ атылды. Бұл – оның мемлекет алдындағы еңбегін мойындаудың белгісі.

Асанәлі Әскербековтің есімі батылдықтың, борышқа адалдықтың, Отанға қызмет етудің символы ретінде әріптестерінің жадында мәңгі сақталмақ.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз