Free shipping on any purchase of 75$ or more!

contact@yourstore.com

+55 123 548 987

-16.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

More articles

Қалкөз Жүсіп
Қалкөз Жүсіп
ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етті. Қима аудандық «Дала таңы» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Атбасар аудандық «Атбасар» газетінің» редакторы, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болып еңбек етті. Сондай-ақ, республикалық «Заң газетінің» ұзақ жылдар Ақмола облысындағы меншікті тілшісі болды. Қазақстан ақпарат саласының үздігі, түрлі республикалық конкурстардың жеңімпазы.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді.

Спикердің айтуынша 2024 жылы Департамент өз құзыреті шегінде азаматтардың 76 өтінішін қарады, мемлекеттік органдардың қызметінде 63 тексеріс, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау бойынша 19 талдау жүргізді, сондай-ақ Әдеп жөніндегі кеңестің 9 отырысы ұйымдастырылды.

Департаментпен жүргізілген жұмыс нәтижесінде 528 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.

«Мысалы, 363 қызметшіге оларды үстеме жұмысқа тарту фактілері бойынша демалыс күндері мен сағаттары берілді, тәртіптік жаза қолдану туралы 36 актінің күші жойылды. Бұдан басқа, бір конкурстың қорытындылары мен тәртіптік комиссияның бір шешімі жойылды, 111 адамға демалыс шығыстарын уақтылы төлемегені үшін 390 519 теңге мөлшерінде өсімпұл төленді, 8 адамға 332 308 теңге сомасында іссапар шығыстары төленді» — деп Думан Әбілев мәлімдеді.

Талдау қорытындысы бойынша мүгедектігі бар 6 қызметшінің құқықтарын бұзу фактілері анықталды. Медициналық қорытындыда белгіленген мүгедектіктің болуына қарамастан, аталған адамдар үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленбеген. Департаменттің араласуынан кейін қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді.

Сондай-ақ 2 700 000 теңгеден астам сомаға сыйақыларды және 383 868 теңге мөлшерінде іссапар шығыстарын заңсыз төлеудің 16 фактісі анықталды. Департамент талаптары негізінде барлық қаражат бюджетке қайтарылды.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау желісі бойынша 6 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оларға 166 140 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

60 мемлекеттік қызметші әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Әдеп жөніндегі кеңес отырыстарында 39 мәселе қаралса, олардың 85%-ы профилактикалық сипаттағы мәселелер болды. Сонымен қатар 6 тәртіптік іс қаралып, нәтижесінде 2 қызметшіге қатысты «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде жаза қолданылды және 2 адам атқаратын лауазымдарынан босатылды.

Мысалға, Думан Әбілев атап өткендей, қызметтік автокөлікті алкогольдік мас күйінде басқарғаны үшін Зеренді ауданы әкімінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Әдеп жөніндегі Кеңестің шешімі негізінде мемлекеттік орган ғимаратында аудан әкімінің орынбасарымен болған төбелеске байланысты Шортанды ауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымынан босатылды. Сонымен қатар, оқиғаның екінші қатысушысының атқарып отырған лауазымынан өз еркімен босатылуына байланысты оның жауапкершілігі Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралған жоқ.

Бұл ретте, қарамағындағыларға тиісті бақылау жүргізбегені үшін Департамент хатының негізінде Шортанды ауданының әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Жазира Сейтмағанбетова,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

 

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisement -spot_img

Latest