-18.8 C
Kokshetau
Среда, 8 января, 2025
Басты бетПікірҚазақстан өз даму жолын табуы керек

Қазақстан өз даму жолын табуы керек

Date:

Related stories

Өзге елде сұлтан болғанша…

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, бүгінгі...

Халық блогерлерден неге бет бұрды?

Жыл тоғысына да келіп қалдық. 2024 жыл қазақстандықтар үшін...

Декларация тапсырудан кімдер босатылады?

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінен босату жөніндегі тұжырымдаманы қайта...

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...
spot_imgspot_img

Шынында да биліктің қандай да бір формасын таңдағанда өткен тарихи тәжірибе Назарбаев дәуірінде мансұқталғаны, хандық мемлекет кезінен келе жатқан мемлекетшілдік саяси дәстүр жоққа шығарылғаны, 2009 жылы бұрынғы Елбасының: «Қазақта мемлекет болмаған, себебі оның шекарасы болмаған…? » деген сөзі, оның ізін ала бір кездері Алтын Орданың шалғайынан шығып ел болған елдің басшысы Путиннің Селигердегі форумда  ресейлік жастарға қарата : » У казахов не было государства, он создал это государства» деп мәлімдеуіне негіз болды емес пе? Бәріміз жабылып жүріп, өз басылымдарымызда ол олай емес деп мақалалар жазғандай болдық. Қазақтың мемлекеттілігінің тарихын Жошы Ұлысы — Алтын Орда тарихымен байланыстыру туралы ой сол кезде айтылған болатын. Сондықтан, Жошы Ұлысы тарихын ұлықтау бірден — бір дұрыс бағыт деп санаймыз.

Айтпақшы, Президент парламенттік- демократиялық тәжірибені айтқанда өзі осы жылы  сапарлап қайтқан Моңғолияны да еске ұстап отыр деп ойлаймын. Кейбір саясаттанушылар мен саясаткерлер пікіріне сүйенсек,посткеңестік елдерге тән нәрсе ол біздің демократиялық институттарға деген нигилистік көзқарас дәстүріміз. Осы көзқарастың қателігін дәлелдеп отырған саяси тәжірибе ол Түркиядағы Президент сайлауы. Реджеп Тайып Ердоғанның дара билігі қаншама күшейсе де түрлі ішкі және сыртқы себептерге байланысты ол нағыз альтернативті сайлау арқылы билікте қалды. Себебі, Түркияда негізін Мұстафа Ататүрік қалаған демократиялық институттар өзінің іргелігін тағы да танытып отыр.

Грузиядағы саяси тәжірибеге келсек, мұндағы демократиялық басқарудың табыстары, қоғамның Еуроинтеграциялық бағытта даму бағытын таңдауы тікелей Михаил Саакашвилидің күшті Президентттік билік институтты басқарып тұрған кезінде жүзеге асқанын айтуымыз керек. Президентті формальды саяси тұлғаға айналдырған реформа ол биліктен кеткесін жүзеге асырылғанын есте ұстаған жөн. Саакашвилидің дара, қатаң билігі, жіберген қателіктері оны саясаттан ығыстырып шығаруға себептер болғаны тағы да ақиқат. Грузияны соғыспен өз ықпалына көндіре алмаған Ресей тарапы енді Грузиядағы Президент билігінің әлсірегенін, Парламенттік Республиканың әлсіз жағдайларын өз мүддесіне шебер пайдалып кеткенін көріп отырмыз. Ресейлік грузин текті олигарх Иванашвилидің Грузияны көлеңкеде отырып билік жасауына алып келді. Грузиядағы қазіргі саяси дағдарыс, көше демократиясының күші осыны аңғартады. Грузиядағы бұрынғы Президент Зурабашвили мәлімдегендей ешқандай тәртіпсіздік, әлдеқандай мемлекеттік төңкеріс емес. Бұл жай ғана саяси үдеріс. Сондықтан Парламенттік басқару да кей жағдайда ұтымды бола бермейтіндігін, саяси манупуляция жасау арқылы сыртқы күштердің елдің ішкі саясатына араласып, халық қалауына кереғар келетін шешімдер қабылдап, осындай саяси дағдарыстар тудыру мүмкіндігін көріп отырмыз. Дегенмен, Грузия шағын ел сондықтан оның бұл дағдарыстан тіпті, шынығып шыға алатынына күмән жоқ.

Ал бізге оралсақ, әрине Парламентттің өкілеттігін нығайту мен сайлау жүйесін әлі де жетілдіре түсу керек. Бірақ, Қазақстан территориясы ауқымды, этноконфессионалдық құрлымы күрделі елдің бірі екендігін ұмытпаумыз керек. Қазақстанда жерлік, этникалық, сепаратизм қаупі барлығын естен шығармаған жөн. Президент атап өткендей Тәуелсіздік тұсындағы жетістігімізді де ұмытпауымыз керек. Мәселен,1993 жылғы Конституция бойынша Қазақстан Президенттік -Парламенттік Республика еді. Өзінің форматы жағынан АҚШ тағы басқару жүйесіне жақын еді. Сондықтан, Қазақстанда біздің өзіміздің тарихи саяси дәстүрімізді ескеретін билік жүйесін қалыптастыруымыз керек. Ал Парламент пен азаматтық демократиялық институттар билік тармақтарын тежейтін, биліктің бір қолда немесе белгілі бір топтың қолында шоғырлануына жол бермейтін,әрқашан да басты билік Ұлы мәртебелі Қазақ халқының құзырында қалатын жағдайға жетуімізге жол ашуға тиісті. Ешкім заң мен тәртіптен тыс болмауға тиісті. Оңтүстік Корея, Жапония, АҚШ,Франция елдеріндегідей Заң үстемдігі салтанат құруы керек.

Ғалымтай Төлепберген.

Қалкөз Жүсіп
Қалкөз Жүсіп
ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етті. Қима аудандық «Дала таңы» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Атбасар аудандық «Атбасар» газетінің» редакторы, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болып еңбек етті. Сондай-ақ, республикалық «Заң газетінің» ұзақ жылдар Ақмола облысындағы меншікті тілшісі болды. Қазақстан ақпарат саласының үздігі, түрлі республикалық конкурстардың жеңімпазы.

Subscribe

- Never miss a story with notifications

- Gain full access to our premium content

- Browse free from up to 5 devices at once

Latest stories

spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз