ТикТок әлеуметтік желісінде “зейнеткерлер, жастарға орын беріңдер!” деген қоғам белсендісі үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
Гүлбике атымен ТикТок әлеуметтік желісіне тіркелген келіншек зейнет жасынан асып кетсе де, жұмыстан кетпейтін кісілерге ренішін білдірді.
“Зейнеткер болса да, жұмыстан кетпейтін, жастарға орын бермейтіндер, өліктерің сол жерден шықсын! Қаншама жастар жұмыссыз сандалып жүр. Ал зейнеткерлер зейнетақысын да алып, жұмыстың айлығын да алып жүр. Ниеттерің қара ғой. Осыған дейін жетпеген ақша, енді жете ме сендерге, зейнеткерлер?! Алжығанша, сол жұмыста жүре беріңдер! Зейнеткерлер сендердің кесірінен аяқ-қолы балғадай қыз-жігіттер бала-шағасын асырай алмай, жұмыссыз қиналып жүр”, – деген қоғам белсендісі жұмыс істеп жүрген зейнеткерлерді сыбап салды.
Видеоға сілтеме: @gulbike.83