-1.8 C
Kokshetau
Басты бетКөзқарасЗеленский бейбітшілікті қалай ма?

Зеленский бейбітшілікті қалай ма?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Соңғы аптадағы әлем назарын аударған басты мәселе – АҚШ президенті Трамптың Украинадағы соғысты тыюға байланысты жасап жатқан әрекеттері болып тұр. Әуелі Путинмен екі сағаттай телефон арқылы сөйлескен АҚШ президентінің бұл бағыттағы әрекеті Сауд Арабисындағы Ресей-АҚШ өкілдерінің кезедсуімен жалғасты. Украинаның қатысуынсыз өткен ол кездесуде бейбіт келісім туралы нақты мәселелер шешілмесе де, бұның өзі жұртшылық  тарапынан Трампты  Ресейге бүйрегі бұрды деп  айыптауға негіз болуда. Басқа елдерді айтпағанда АҚШ-тың өзінде президенттің бұл әрекетіне наразы болғандардың шерулері өтіп жатыр.

Украинадағы соғыстың басталғанына үш жыл уақыт өтіпті. Осы кезең ішінде Украина президенті Зеленскиидің айтуынша, 45 мыңдай украин солдаты қаза тауып, 350 мыңдай сарбаз жарақат алған. Ал Ресейдің шығыны 450 мың жауынгерінен өлідей айрылып, 700 мыңдай сарбазы түрлі деңгейде жарақат алған. Күн сайын жүздеген, тіпті мыңдаған адамның өмірін жалмап жатқан қанды қырғын жалғасып жатыр. Осындай жағдайда АҚШ президентінің соғысты тоқтатуға жасап жатқан әрекеті құптауға тұрарлық қадам. Дегенмен де, оның бұл әрекеті үшін айыптап, Путинмен ауыз жаласып кетті, Украина мүддесін аяқ асты етті деушілер көп. Әлеуметтік желілерді ашсаң, Трампты айыптаған хабарлардан көз сүрінеді. АҚШ президенті Ресейге бүйрегі бұрып, Украина мүддесін аяқ асты етуді көздеп отыр ма? Осы мәселеге назар аударып көрелік.

Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, әрнәрсенің екі жағы болады. Трамп соғыстың басталуына Украина жағы кінәлі дегенді айтты. Бұның өзі Украйналықтарды былай қоғанда, сол елге бүйрегі бұратын барша халықтардың наразылығын туғызды. Шындығында 2014 жылы Қырымды аннекциялап алып, 2022 жылы ақпанда Украинаға баса көктеп кірген Ресей емес пе. Оны барша халық біледі. Ендеше неге Трамп Украйнаны айыптап отыр? Егер АҚШ президентінің сөзінің астарына назар салып қарайтын болсақ, негізгі айыпкердің Украина жағы екенін түсінуге болады. Неге? Оған бірнеше негіз бар. Ең алдымен, Украина басшылығының тәуелсіздік жылдарында жүргізген ішкі-сыртқы саясатындағы олқылықтар соғыс өртінің тұтануына себеп болды деп айтуға болады.

1994 жылы Украинаның сол кездегі президенті Леонид Кучма  АҚШ, Ресей, Ұлыбритания елдерінің тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты сақтауға кепіл боламыз деген сөздеріне сеніп, әлемдегі үшінші қуатты ядролық қаруынан бас тартты. Салиқалы саясаткер Кучма жас бала сияқты неге аңғалдық танытып, үш алып мемлекеттің сөзіне сенді? Тарихта ондай келсім шарттардың бұзылу жайлары аз болмағаны белгілі. Мысалы, Германия мен КСРО 1940 жылы 10 жыл мерзімге бір-біріне шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойған еді. Арада бір жыл өтпей жатып, Германия соғыс жарияламастан КСРО-ға тұтқиылдан шабуыл жасады. Осындай жайларды біле тұрып, Украина президентінің сонша аңғалдық танытып, қолындағы қуатты қаруын біреуге бере салуы  қателіктің ең үлкен үлгісі болса керек. Егер де Украина ядролық қаруын сақтап қалғанда, Ресей ешқашан елге басып кірмес еді. Бұл даусыз шындық.

Украинаның ішкі-сыртқы саясатында да қателіктер өте көп болды. Тоталитарлық жүйе шекпенінен шыққан ел бірден Батыс елдері сияқты демократиялық қоғам құрамыз деп елікті. Соның салдарынан елде бейберекеттік орын алып, майдандар бой көтерді. Егер де, 2014 жылы майдан болмаса, онда Украина Қырымнан айрылмас еді. Елдегі бейберекеттікті пайдалаған Ресей Қырымды аннекциялап алып, Луганск мен Донбасқа әскер кіргізді.

Украина басқа да одақтас республикалар сияқты КСРО-дан мұра болып қалған орасан зор қару-жарақ қорына ие болды. Жемқор шенеуніктер сол қаруды шетелдерге арзанға жаппай сатып, мол ақшаны қалталарына басты. Украина көп жылдар қаруды сатуда әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің бірі болды. 2022 жылы соғыс басталғанда украиндық жауынгерлердің  Ресейдің қалың қолына қарсы тұрар қаруы болмады. Ресейліктердің 10 снарядына бір снарядпен жауап беруге тура келді. АҚШ пен Батыс елдерінің көмегі болмаса, Ресей бірнеше айдың ішінде қарусыз қалған елді түгел басып алған болар еді.

Украина билігінің сыртқы саясатындағы жіберген кемшіліктерінің салдарынан Ресеймен ара қатынас жыл өткен сайын шиеленісіп кетті. НАТО қабылдамаса да соған кіреміз деп өрекпіп, Ресей мен бұрыңғы КСРО елдерінен іргесін аулақ салған Украина не онда жоқ, не бұнда жоқ жағдайға ұшырады. Батыс қабылдамаса, ТМД-дан Украинаның өзі іргесін аулақтатты.  Осының салдарынан Ресеймен арақатынас жылдан жылға ушығып, ақырсында соғысқа ұшыратты.

Міне, елдің ішкі-сыртқы саясатындағы осындай олқылықтар Ресеймен соғысқа себеп болғаны анық. Бұл арада бар кінәні Путинге артып, Украина еш жазықсыз жәбір көруші ел деп санау  дұрыс болмайды. «Не ексең, соны орасың» деген халық даналығы бар. Қазіргі соғыс Украина билігінің ұзақ жылдар бойы жүргізген қате саясатының нақты жемісі деуге болады. Трамп соғыстың басталуына Украинаны айыптағанда осы жайды меңзесе керек.

Мыңдаған жасты қыршынына қиып жатқан қанды соғысты тоқтатуға күш салып, бар жұмысын тастап, осы іспен айналысып жатқан АҚШ президентінің әрекеті атап өтуге тұрарлық қадам. Дегенмен де, күні кеше Вашингтонда өткен Украина президенті Зеленскимен кездесуде бейбіт келісімге деген үміт үзілгендей болды. Соғысқа басты кінәлі деп Путин мен Ресейді айыптаған Зеленскии қызбалыққа салынып, өзінің ашу-ызасы мен эмоциясын көрсетті. Шын мәнінде 40 млн халқы бар үлкен мемлекеттің мүддесі үшін ел басшысы эмоция дегенді жиып тастап, салқынқанды салиқалы ұстаным ұстануы керек еді. Рада депутаты Гончаренконың реніші орынды. Украина жағының нақты талаптары мен соғысты тыюға кепілдік сұраудың орнына әңгіме әуенін өкпе-ренішке аударған  Украина президенті кездесуде еш нәтижеге жетпеді.

АҚШ вице президенті Венстің мәлімдемесінен ұққанымыз АҚШ алдағы уақытта Украинағы көмектесуді доғаруы мүмкін. АҚШ-тың қолдауынсыз Украинаға қиын болатыны анық. Өз қару-жарағы жоқ, қораныс саласы өндірісін енді ғана жолға қоя бастаған елдің қазіргідей соғыста жеңбек түгілі, қорғанысын қамтамасыз етуі қиын болатын түрі бар. Батыс елдері көмектесеміз деп жатыр, дегенмен де ол уәденің қаншылықты жүзеге асары белгісіз.

Қазір бюелгілі болып тұрған жай: Украина мен Ресей арасындағы соғыс жуық арада тоқталмайтын сияқты.

Қалкөз Жүсіп.

spot_img
spot_img
Мәселе
spot_img
Барлық мақалалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз