Воскресенье, 22 декабря, 2024
-8.8 C
Kokshetau

Тіл үйренудің орнына — түрлі дін үйреніп, сақал қойып, қара жамылып, қазағынан жеріп кеткен жайы бар…

Жылдар бойы Көкшетауда қазақ ұлтының еңсесін көтеретін іс -шаралар атқарылмай келді. Облыстың идеология саласын басқарғандар үнемі «сен тимесең, мен тимеймін бадырақ көз деп»- деп жүре берді. Қаламызда жалпы халықтық мерекелерде негізгі тіл — орыс тілі.

Көкшетау қазағы соңғы 15 жыл ішінде — орыс тілді қазақтарға айналып болды. Кеңес билігі тұсында тіпті осыншама қазақ дәл осы Көкшетауда орысша сөйлемеп еді. Бұл өзі жеке зерттелетін ұлттық проблемаға айналып отыр. Ол кезде қазақ тілінің мәйегін сақтап келген ауылдар тірі еді.

Сондықтан, ол кезде қалада тұратын болар — болмас «асфальтный» қазақтар сөйлеуші еді. Кезінде большевиктер жаппай ұжымдастырып , колхоз құрса, коммунист Назарбаев жаппай жекешелендіріп, ауыл халқы тентіреп кетті. Қала қазақтанды , бірақ ,қазақы мәдениеттенбеді. Мәдени инфраструктура, идеология сол баяғы советтік дәстүрден қол үзбеді.

33 жылда Көкшетау қаласында 4 мектеп қана мемлекет тілінде. Төртіншісін дауласып жүріп зорға дегенде қазақ тілінде аштық. Халықтың 60 % жуығы қазақ болып тұрған Көкшетау Қазақстанда орыс тілі,мәдениеті, коммуникациясы орысша қала ретінде танылады.

Жағдайдың бұлайша қалыптасуына қазақ тіліне қатысты жалпы мемлекеттік саясаттың тұрақсыздығы объективті себептің бірі. Қазақ тілінің престижінің төмендеуіне филолог ғалымдарға дейін өз үлестерін қосты. Орыс тілінің шылауында болып келген тілді ағылшын мен де тоқпақтап есінен тандырды.

Өзбек олай істемепті,бірақ оларда ағылшын тілін жылдам үйренгені бізден көп, алақандай грузин өз тіліне біздің тіл мамандары сияқты нигилистік көзқараста болмапты, бірақ олардың жастары үшін орыс тілі маңызды емес. 900 мың ғана халқы бар эстон барлығын өз тілінде сайратып қойды.

Қазақ тілінде әлемде 20 миллион қазақ сөйлейді. Ал біздің жастарымыздың санасының деңгейі соңғы жылдары тіпті де түсіп кеткен. Тіл үйренудің орнына — түрлі дін үйреніп, сақал қойып, қара жамылып, қазағынан жеріп кеткен жайы бар…

Асланизм осы саяси ессіздіктің нәтижесі. Біз проблеманың үнемі салдарымен күресеміз, түпкі себепті тауып, диагноз қойып әлеуметті емдеудің орнына.

Ғалымтай Төлепбергенов, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img