3.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Кенесары какой-то непонятный» — бұл сөз тек мұғалімнің аузынан емес, отарлық санадан...

«Кенесары какой-то непонятный» — бұл сөз тек мұғалімнің аузынан емес, отарлық санадан шыққан сөз

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында болған бір бейнежазба елдің жүйкесін шымырлатты. Мектеп мұғалімі әлеуметтік желіде: «Қаламыздың атауын ауыстыруды ұмытыңдар. Ешқандай Кенесары болмайды. Кенесары какой-то непонятный», — дейді.

Осы бір жеңіл айтылған сөз – жеңіл емес. Бұл — санадағы салқындықтың, тамырдағы рухтың әлсірегенінің дәлелі.

Өйткені Кенесары — «непонятный» емес, Кенесары — қазақтың азаттығының соңғы қамалы.

Мұғалім деген – ұлттың ұрығын себуші адам. Ол тарихты түсінбесе, ұрпақ кімнен үлгі алады?

Балаға білім беріп жүрген адам өз елінің батырын менсінбей сөйлесе, бұл жай қателік емес — бұл рухани құлдықтың айғағы.

Біз неге өз жеріміздегі қазақ атауын қорғай алмаймыз? «Державинск» деген бөтен атау не берді бұл елге?

Кеңесары — қазақтың қайсар рухы, ал сол рухты мойындамау — өткеніңнен бас тарту.

Қала атауын қазақша атау — ешкімге қарсы әрекет емес. Бұл — өз еліңнің, өз тіліңнің, өз тарихыңның алдында иілу.

Бірақ бір мұғалімнің сөзіне қарасақ, кейбіреулер әлі күнге дейін «Державинск» деп тұруды артық көрмейді, ал «Кенесары» атын айтуға қымсынады.

Тарихи әділеттілік — қаулы қабылдаумен ғана емес, санадағы өзгеріспен орнайды. Ал сана отарлық ұйқыдан оянбайынша, елдік рух та толық бой көтермейді.

Біздің елде «Кенесары» атына қарсы шыққан адам — шын мәнінде тарихқа қарсы шыққан адам. Кенесарыны түсінбеген — қазақты түсінбеген.

Мұндай сөз айтқан мұғалім өз ұлтының намысын қорғай ала ма, әлде биліктің қорқынышынан арыла алмай жүр ме?

Бір ғана сөйлем – «Кенесары какой-то непонятный» – ұлттың рухани диагнозы сияқты.

Бұл тек мұғалімнің пікірі емес, бұл — әлі де бой көтеріп тұрған отарлық сананың үні.

Державинск Кенесары деп аталсын! Өйткені біз өткенін менсінбеген ел емеспіз. Біз Кенесарыны «непонятный» деп емес, еркіндіктің мәңгілік символы деп білеміз.

Еске сала кетсек, бұдан бұрын «Қағаздағы татулық пен нақты қоғам: Ассамблея өз міндетін орындап отыр ма?» тақырыбында мақала жариялаған болатынбыз. Сонымен бірге, «Өз қағынан жерігендер» туралы да жазған едік.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз