-6.5 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҮйіне шырша орнатпақ болған акмолалыққа қылмыстық іс қозғалды

Үйіне шырша орнатпақ болған акмолалыққа қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында үйіне жаңа жылдық шырша орнатпақ болған ауыл тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды.

Полиция мәліметінше, Сандықтау ауданында өткізілген «Шырша» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында бір түп қылқан жапырақты ағаштың заңсыз кесілгені анықталған. Оқиға 23 желтоқсан күні Новоникольское ауылы маңындағы орман алқабында болған.

Рейд кезінде учаскелік полиция инспекторы шыршаны заңсыз кесіп жатқан азаматты ұстаған. Алдын ала есеп бойынша келтірілген шығын көлемі шамамен 60 мың теңгені құрайды.

Күдіктінің айтуынша, ол жаңа жылды қарсы алу үшін үйіне шырша орнатпақ болды. Алайда бұл әрекет қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөтен мүлікті заңсыз иемдену ретінде бағаланып, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу, тасымалдау және сату фактілерінің алдын алу мақсатында тексерулерді күшейткенін хабарлады. Полицейлер орман алқаптары мен жаңа жылдық шыршалар сатылатын орындарға ерекше бақылау жүргізіп отыр.

Полиция өкілдері азаматтарға рұқсатсыз ағаш кесу, оны сақтау және тасымалдау заңмен қатаң жазаланатынын еске салып, заң бұзушылық деректері анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз