13 маусымда Израил қарулы күштері Иранның ядролық нысандары мен әскери басшы құрамына қарсы шабуылды бастады. Ел астанасы Тегераннан бастап, көптеген ірі қалалар мен жергілікті әкімшілік ғимараттары Израил ракеталарының шабуылына ұшарады. Ресми емес мәліметтерге сай, сол күнгі шабуылдардың салдарынан 585 ирандық көз жұмып, 133 адам жарақаттанған. Бұған жауап ретінде Иран қарулы күштері Израил аумағына баллистикалық ракелалардан шабуыл жасаған. Шабуылдың салдарынан 24 израилдық қаза тауып, 500-ден астам адам жарақат алған.
13 маусым күні болған израилдық шабуылдан кейін Иран мемлекетінің діни көшбасшысы осы шабуыл үшін израйлдықтардың қатаң сыбағасын аладындығын атап өтті. Иран мен Израил арасындағы бұл қарулы қақтығыстың соңы үлкен соғысқа ұласып кету қаупі бар. Өйткені Израилдың артында азуы алты қарыс алып мемлекет АҚШ тұр. Содан болар, көптеген ирандықтар қазірдің өзінде үйлерін тастап, шет елдерге қашуда. Ютуб каналына салынған видеода шекаралық аймақта жаяу топ-топ болып кетіп бара жатқан ирандықтар көрінеді. Қолдарында киім-кешегі мен аздаған азықтарынан басқа ештеңесі жоқ босқындар қарасы өте көп.
1970-ші жылдары елді басқарып отырған шахты қуып шығып, төңкеріс арқылы билікке келген діни көшбасшы Иранды ислам республикасы деп жариялап, сол кезден бастап Иран мемлекеті дамудан мешеу қалды. Әйелдерін паранжыға орап, қатаң діни шариғат заңын енгізген бұл елде әйелдердің оқып, білім алуына, мемлекеттік қызметтер атқаруына тиым салынған. «Тентек шоқпар жинайды» дегендей, экономикасын тұралатқан Иран қару-жарақ өндірісін дамытып, ядролық қару жасауға бағдар ұстанды. Осыған орай, бұл елге санкциялар салынып, әлемдегі ең бай мұнай державасы саналатын Иран өз мұнайын сата алмай, қайыршылыққа ұшарады. Халқы кедей, тұрмыс тауқыметін тартқан ел көршілермен үнемі қырғы-қабақ жағдайда. 1980-ші жалдары Иран іргелес Иракпен бірнеше жыл соғысты. Мыңдаған адам қаза тапты. Оған қоса, Хамас сияқты лаңкестік ұйымдарды қаржыландырып, қолдап отыр. 2023 жылдан бастап Иран Израилмен қырғиқабақ соғыс жағдайында.
Егер ақыл таразысына салып қарасаңыз, Иранның Израилмен соғысатын еш жөні жоқ. Шалғайда жатқан Израил Иранға соқтығысып жатқан жоқ. Жалғыз ғана текетірес жағдай Израилдің Сириядағы Иран елшілігін атқылауы болды. Бұндай ұсақ-түйек оқиғаны екіжақты келісім арқылы шешуге болар еді. Дегенмен де, айналасынан жау іздеп үйренген Иран үшін осы оқиға қырғиқабақ соғыс жағдайына ұшыратуға жетіп артылған еді. АҚШ Израилдің қолымен Иранның ядролық бағдарламаларын жоюды көздейді. АҚШ-тан қолдау алған Израил алыстан ататын ракеталармен соққылар жасауды жалғастырса, Иранның қарулы күштері ғана емес, ең алдымен бейбіт тұрғындарының зардап шегері анық. Соғыстан қашқан ирандықтар саны қазірдің өзінде күн санап көбейе түсуде.
Осы арада айта кетерлік жай: біздің елімізде де мешіттер санын көбейтіп, ислам мемлекетін құрсақ деп армандайтындар бар. Монархиялық билік кезінде зайырлы ел болған және экономикалық жағынан қарыштап дамыған Иранның ислам мемлекетіне айналғаннан кейін мешеулеп артта қалуы, халқының тұрмыс жағдайының өте ауырлап кетуі ислам республикасын орнатуды аңасайтындарға сабақ болуы қажет-ақ. Мынаған назар аударып қараңыз: халқының басым көпшілігі атеис Норвегия мемлекеті әлемдегі ең бай елдердің бірі болып саналады. Норвегиялықтар тұрмыстың еш тауқыметін тартпай, барша халық бақуатты тірлік кешуде. Ал мұнай қоры жағынан Норвегияны әлденеше орап алатын Иран ислам республикасы әлемдегі ең кедей елдердің бірі, халықтың тұрмыс жағдайы өте ауыр. Алла берген байлығын дұрыс пайдаланбай, халқын қайыршылыққа ұшыратқан ел билігін ұстаған діншілдер енді елді соғысқа ұрындырып, халықты босқынға айналдыру қаупі төнуде.
Қалкөз Жүсіп.