Суббота, 21 декабря, 2024
-18.5 C
Kokshetau

Халықтың талабы: «Aманат» партиясының депутаты «мандатын» кері тапсырсын!

Қатардағы емес. Алдыңғы орыннан табылатын баяғы экс-президент іргетасын қалаған «Нұр Отан» қазіргі «Аманат» партиясының депутаттары барлық жерде отыр. Парламентте. Сенатта. Облыстық. Аудандық мәслихаттың бәрінде. Жарай-ды… Халық қаласын, қаламасын бұлардың қайығы судан өткендер. Тіпті ішінде ірі бизнес саласының өкілдері бар.

Жалпы «ресми тілде» қаратпа сөзбен «Халық қалаулылары» дейді. Солай деп ақтарылып кейбір мемлекеттік арналардың тілшілері тігісінен жатқызып айтып -ақ жатады. Халықтың қалаулысы қандай болуы керек?

Елім деп егілетін, жұртым деп жұмылатын,
Отаным деп ел үшін, ертеңгі ұрпақ үшін қызмет атқаратын адамды халықтың таңдап алған, сүйіп алған, қалап алған қалаулысы деп толық айтуға болатын шығар!? Бірақ, елінің жерін иемденіп капиталистік қанаушы түсінікпен халықтың малын жеріне жайғызбай отырған адамды СІЗ ҚАЛАЙША ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛАУЛЫСЫ ДЕП АЙТА АЛАСЫЗ!?
АЙТА АЛМАЙСЫЗ!..

Екі кеште элетрондық поштамды ашып едім. Тілдей хат кеп отыр. Мән бермедім. Оның үстіне соңғы бір ай шамасында күнделікті күйкі тірліктің соңына түсіп ұзын күнім қысқарып сарсаңда жүрмін. Жаңа көзім шалды. Ақмола облысы, Ерейментау ауданы Күншалған ауылдық округінің тұрғындарының атынан келген ҮНДЕУ ХАТ екен.

Мұндай хаттар маған жиі келеді. Жалғыз біздің ғана облыс емес, басқа өңірлерден. Бәрінің мәселесін шешіп береміз деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Өйткені, біздің жазғанымыз біреулерге ұнаса, біреулерді бүйірінен бүйі шаққандай ерін бауырына алып тулап жатады. Сосын қоқаңдап телефон шалады. Сөз бостандығы дегенді ауыз толтырып айтқанымен, орындалмайтыындығы өкінішті.

Хат иелері былай деп бастапты «Біз Күншалған ауылының тұрғындары ауылымыздың бойдақ малдарын оның ішінде жылқы мен ірі қарамалды жаз жайлауға апарып кезекпен бағамыз, жайылымдық жер Күншалған ауылдық округі әкімшілік шекарасында орналасқан, аумағы шамамен 4000 га құрайды. Бұл жер учаскесі географиялық орналасқаны ауыл тұрғындарына мал жаюға өте қолайлы, ағашы, тауы жоқ өзенде алыс емес. Ауылымыздың жан-жағы ағаш таулы жер, оның үстіне ол жерлер Бұйратау ұлттық табиғи паркінің күзету қарамағында жылына 4-5 адамға әкімшілік хаттама толтырылып айыппұл салынады» қысқасы ауыл тұрғындарының хатының әлқисасы осылай басталады. Расында да ауылда тұрып қаланың тас пәтерінде телмірмей, жан баққан ауыл тұрғындары үшін мал ұстау қияметке айналып бара жатыр.

Былтырғы жылы біраз жерде қуаңшылық болып, Қамбар атаның төлі қыста қынадай қырылды. Сай-салада қалған жылқының өлімтігінен аяқ алып жүре алмай қалғандығын елдің көбі жақсы біледі. Бірақ бұған билік тарапынан ешқандай оң көзқарас тақа бола қойған жоқ.

Ал енді мемлекет жыл сайын түрлі бағдарламалар шығарып «ойбай ауылдың тұрғындары жұмыспен қамтып жатырмыз бәленбай адам жеке кәсіпкер» деп ресми ақпарат бергенде алдарына жаяуды да, аттыны да салдырмайды. Ал ауылдағы ағайын қолында бар малын қалай бағып отыр, қалай сақтап отыр, бұл жағынан ешкімнің басы ауырып, балтыры сыздай қоймайды. Сонымен әрі қарай былай дейді ауыл тұрғындары «Акдым-1 ЖШС-нің егін алқаптары орналасқан ауыл іргесіне дейін орналасқан. Біздің бұл жағдайымызды түсініп халыққа кезекті есеп беру барысында аудан әкімінен осы 4000 га жерді халыққа, ауыл тұрғындарына беруін сұрағанбыз, ол кісі халық сұрағына құлақ асып Президентіміз Қ. Тоқаев айтқандай бірінші халықты жайылымдық жермен қамтамасыз ету керегін ескеріп мәселені оң жақты қылып шешіп берген болатын, бірақта халық қалаулысы деп танылған Аманат партиясының облыстық мәслихат депутаты Әкімов Б. С. мырза өзінің депутаттық мандатын өзінің жеке мүддесіне пайдаланып партияның абыройын түсіріп жатыр.

Ол кісі өзінің ЖШС бола тұра оның жалғыз құрылтайшысы болып депутаттық мандатын жеке басының пайдасы үшін пайдалануда, осы ЖШС аталған 4000 га жерді алуды көздеп, халықтың жеріне қол сұғып отыр.

Әкіміов Б. С депутаттық мандатын партия атынан пайдаланып аудан әкіміне және жер комиссияна қысым жасап, шығарған шешімінен бас тартуға мәжбүрлеп жатыр»,-дейді хатта.

Сонымен қатар ауыл тұрғындары «Аманат» партиясының атынан Ерейментау ауданынан Ақмола облыстық мәслихатына депутаты Б.С. Әкімовты партия қатарынан шығаруды және депутаттық мандатын кері қайтаруды талап етіп сұрапты.

Әншейінде әділдіктің жаршысымыз, халықшылмыз дейтін «Аманат» партиясының басшылары һәм жоғарыдағылар бұған не дейді екен. 700 бас жылқыны кезекпен баққан күншалғандықтардың мұң -мұқтажын ескере ме, ескермей ме бұл жағынан жауап бере алмаймыз. Өйткені, қазіргі уақытта «күштің аты күшті» ертең-ақ біреулер бұл депутат мырзаны қолдап, партия қорғап қалуы мүмкін. Ал енді Президент күнде айтып жатыр «Еститін Үкімет» алдымен халықтың мұң-мұқтажына назар аударуымыз керек деп. Бер жақтағылар Президенттін саясатына кейде үндемей отырып, қарсы тойтарыс беретін сияқты. Себебі, біз жазғанымызбен еститін ешкім жоқ. Жабулы күйінде қалып жатады. Сосын барып шулайтын халық. Тайраңдайтын қалталылар. Ал енді көрейік Ақмола облысының «Аманат» партиясының өкілдері кері байланысқа шығып Күншалғандық тұрғындардың жанайқайларын естіп, депутаттарын тәртіпке салса.

Салатын шығар? Салмай ма ол енді аты дүрдей, салмағы пілдей партияның жеке шаруасы! Халық сенген партия ғой. Сенімді ақтар ма екен?!

R.S Айтпақшы ескерту жекеме шығып, қоңырау шалып, қоқан-лоқы жасаудың маған қажеті жоқ. Маған халықтың мүддесі қымбат. Сосын барып сайт парақшамыз заңды тұрғыда тіркелген. Бізде алдымен Халық. Президент саясатын қолдау. Жеке басты қорғау емес!..

Бурабайдың Жеңісі.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img