10.7 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЦифрландыру туралы жазған «Арқа ажарының» өзі заман талабына жауап бере ала ма?

Цифрландыру туралы жазған «Арқа ажарының» өзі заман талабына жауап бере ала ма?

Сондай-ақ, оқыңыз...

Президент Жолдауынан кейін әдеттегідей елдегі мемлекеттік басылымдар асығыс «қолдау мақалаларын» жариялап үлгерді. Ақмоладағы «Арқа ажары» газетінің соңғы санында да сол дәстүр қайталанды. Бұл жолғы тақырып – «жаппай цифрландыру» мен «жасанды интеллект».

Бірақ мынадай сұрақ туады: цифрландыру деген не, жасанды интеллект қалай жұмыс істейді, оның қоғамға нақты пайдасы қандай – осының бәрін түсінбейтін, әлеуметтік желімен жұмыс істей алмайтын, оқырманы санаулы ғана газет бұл тақырыпқа қаншалықты сенімді түрде қалам тербейді?

«Арқа ажары» – облыстағы ең көне газеттердің бірі. Бірақ бүгінгі күні оның қоғаммен байланысы жоқтың қасы. Ресми парақшалары жаңартылмайды, жастар түгілі орта буын да қағаз газетті оқымайды. Осындай жағдайда редакцияның жасанды интеллект жайлы құрғақ ұран тастауы – халықты сендіре ала ма?

Бұл – тек бір өңірдің емес, мемлекеттік БАҚ-тың ортақ кеселі. Жылдар бойы билік дәлізінің жаңғырығына айналған газеттер қоғамнан алыстап кетті. Қазіргі таңда олар үшін басты міндет – реформаларды талдау емес, жоғары жақтың сөзін қайталау ғана. Жаңа технология, жаңа көзқарас туралы айтылады, бірақ күнделікті тәжірибеде ол көрінбейді.

«Жаппай цифрландыру» деген ұран елдің дамуына қызмет етуі тиіс. Бірақ бұл сөздің өзі шынайы мәнінен айырылып, ресми жиындар мен жалған мақалалардың сәндік тіркесіне айналып барады. Шын мәнінде цифрландыру – интернеттің жылдамдығы ғана емес, ақпараттың қолжетімділігі, қоғамның ашықтығы және халықтың сенімін арттыратын жаңа медиа кеңістік.

Президент көтерген мәселелер – құрғақ қолпаш үшін емес, нақты қадамдар жасауға бағытталған. Ал бұл міндетті ең алдымен БАҚ өзінен бастауы тиіс. Өйткені қоғамға сапалы ақпарат пен ашық қызмет керек, ресми ұран емес.

Президент көтерген цифрландыру мен жасанды интеллект тақырыбы – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бірақ мұндай ұғымдарды 20-ғасырда қалып қойған «Арқа ажары» газеті сияқты қағаз басылымдар үстірт түсініп, жалған пафоспен жеткізу – қоғамға пайда әкелмейді. Ал бұл міндетті насихаттап отырған БАҚ ең алдымен өзгелерді емес, өздерін өзгертуге тиіс.  Өңкей зейнеткерлер басшылықта отырған газеттің жасанды интеллект жайлы сөз саптауы – жасы тоқсаннан асқан қарияның TikTok трендін түсіндіруімен тең. Қоғамға цифрландыру жайлы құрғақ ұран емес, сол цифрлық кеңістікте нақты жұмыс істей алатын сапалы медиа қажет.

spot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз