Бізге қазір ұлтсыздық емес, ұлтшылдық керек

Біздің оппозиция деңгейі Атырау мұнау зауытынан орысқа үлес берсек, онда тұрған ештеңе жоқ дейтін көзқарас  деңгейінде. Ал не дейсіздер осыған? Олар қазақтың қанын сорып, жанын алып болмап па еді?

ХХ ғ.басында Қазақ ең ұлтшыл халық болды. Большевиктер «Кіші қазан» төңкерісін жүргізуі,  қазақ ауылын кеңестендірем деп, бірден қазақты  аттан түсіріп, жерге отырғызуы – седентаризациясы, суда жүрген шортанды суырып алып, құрғаққа лақтырғандай болды емес пе? Осының салдарынан 7 миллионға жуық қазақтың 2,2 милионы ғана қалды. Қалғаны елден безді, аштан өліп, сүйегі шашылып далада қалды. Бұл апатқа кім кінәлі?.. Осыған адал, әділ жауап әлі жоқ.

Жоғары жақтан соңғы кезге дейін ойбай аштықты айта көрме деп зар илеп келді. Басқаша айтқанда, қылмысты кім жасағанын айтпа дегенге саяды. Голощекин Сталиннің қазақты жуасытып, біржола басып тастау тапсырмасымен 1925 жылы келді. Алайда Алаш азаматтары оған оңайлықпен жол бермеді. Ол өз жоспарын тек 1928-1930 жылдары ғана жүзеге асыра алды. Ходжанов, Сәдуақасов, Мыңбаевтарды ығыстырғасын ғана. Дәл осы кезде Ахмет, Мағжан, Міржақып сынды Алаш ардақтылары қуғындалды. Бәрі жоспармен синхронды жүрді. Ақыры, ол 1937-1938-дің ең қасіретті Үлкен террорына ұласты.

Қазақ ұлты ұлтсызданды. Ғабит Мүсірепов: – «Кезінде ұлтшылдықпен күресіп едік, енді ұлтсыздықпен күресуімізге тура келеді»  деп еді жарықтық. Құдайдың қалауымен коммунист қарашекпенін жамылған зорлықшыл орыс империясы күйрегенде біз кіммен қалдық? Біз ұлтсызданған Шариков пен Швондерге ұқсаған партиялық номенклатурамен қалдық. Түркі текті Бұлғақов дұрыс сөз салып отыр анау Шариковтың аузына: Профессор Преображенский сұрайды не оқыдың? деп. Шариков: Энгельс пен Каутскийдің жазысқан хатын оқыдық, – дейді.  «Профессор сен қайсысының пікірі дұрыс деп санайсың?»  Шариков: «екеуінікін де дұрыс деп есептемеймін, не ойланатын бар,  ал да бөліп бер», – дейді. Сонда профессор:  «Біліп едім өзім де солай деріңді» деп санын бір-ақ соғады.

Совет кезінде Шаяхметовтан өзге бір де бір қазақ басқармады елді. Ал Қонаевтан билікті мұраланған Назарбаевтың 30 жылда бітіргені басты қатырып экономиканы жасамай, бар байлықты өзара қылдай бөліп алу ғана болды. Қазақ қазір қалада да, ауылда да тақырда отыр.  Ал орысқа келсек, оған бәрібір, аштық туралы айтсаң да, айтпасаң да сен жаусың.  Сенің ұлт, мемлекет болып тұруға қақың жоқ. Қазаққа Украинның кебін кигіземіз қалайда деп күнде шулап жатыр.  Ақ Орда «естімесе» де, Әлем жұртшылығы естіп отыр. Өзекті жанға бір – өлім деген. Елжанды, ұлтжанды тұлғалар  басқаруға келмесе, мынау құрдымнан шығу неғайбыл болып бара жатқан сықылды…

Ғалымтай Төлепберген, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

ТОП-5

Халық блогерлерден неге бет бұрды?

Жыл тоғысына да келіп қалдық. 2024 жыл қазақстандықтар үшін...

Декларация тапсырудан кімдер босатылады?

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінен босату жөніндегі тұжырымдаманы қайта...

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Жаңалықтар

Халық блогерлерден неге бет бұрды?

Жыл тоғысына да келіп қалдық. 2024 жыл қазақстандықтар үшін...

Декларация тапсырудан кімдер босатылады?

Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың 4-кезеңінен босату жөніндегі тұжырымдаманы қайта...

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...
spot_img

Сондай-ақ, оқыңыз...

Танымал айдарлар

spot_imgspot_img