Суббота, 21 декабря, 2024
-18.5 C
Kokshetau

Қазақстанда жастар арасында жұмыссыздық өршіп тұр…

Жыл сайын оқу орындарын мыңдаған жастар бітіріп, өздеріне лайықты, жақсы еңбек ақысы бар жұмыс таппай қиналады. Бүгінде кейбір деректерге қарағанда 250 мыңға жуық қазақстандық азаматтар шетелге көбінесе жұмыс іздеп миграциялап кеткен. Қазақстан көп уақыт бұл фактіні аса мойындамай келді.

Сол себепті Оңтүстік Кореяға барған қазақ еңбек мигранттары бұл елде заңсыз жұмыс істеп келді. Олардың құқтары қорғалмады. Жуырда Кариб теңізі арқылы АҚШ қа заңсыз өтпекші болып, қайығы суға батқан мигранттар ішінде де қазақстандықтар табылды. «Арқадан -арқар ауып несі бар, қысы жайлы болса»- дейді халық даналығы. Біз қайда, Кариб теңізі қайда?

Қазақстан қазір халықаралық турбуленттік кезеңде. Бұл кезең ең бір болжап болмайтын қатерлі кезең. Ешкімнің қателігін кешірмейді. Өткен 33 жыл Қазақстан жеке ел болған заманда ең құрығанда Өзбек сияқты өнеркәсіп орындарын жасамадық.

Назарбаев бастаған олигополия шетелдік капиталмен бірігіп елден капиталды сыртқа тасумен болды. Назарбаев кезінде елге әкелген Құдайдың еркесіне айналған «инвесторлар» экономистердің есебі бойынша әр жыл сайын 6 млрд $ шамасында салық төлемей келеді екен.

Сорақысы сол квазимемлекеттік компаниялар Қазақстан мойнына 162,5 млрд $ қарыз іліп қойған. Ол қарыздың біразы Қазақстанға көптеген претензиясы бар Қытайға тиесілі екен. Қытайға қарыз ЖІӨ 10% құрайтын көрінеді.

Қарыз үшін Қытай бізден бағалы кен орындарын тегін алып жатыр, ауылшаруашылық жерлерін де соларға беру тоқтамай тұр. Қытайға,үндіске кім болса соған орын бар да, қазақ баласына туған жері- Отанында орын жоқ. Қазақ баласы орын таппай қаңғып қалды.

Сауд Арабиясында немесе Араб әмірліктерінде біздегідей Астананың Байқоңыр ауданында кезінде тақыр мен батпақ жерді тазартып, жанкештілікпен үй салып алып,онда 15 жыл тұрып келген қазақ отбасын бульдозермен келіп сырамыз дер ме еді?

Бізде Шаңырақ пен Бақайда болды ондай, әлі де солай. Осындай жағдай неліктен көбіне қазақ отбасына қатысты болып жатады? Осыны көрген жүрегі бар адамның жүрегі тоқтап инфаркт бола жаздайды екенсің. Әр қазақ жалғызым. Жарайды, әлдебір себептермен ол үй алынуы керек екен.

Онда бер ол отбасыға лайықты өтемақы, осылай істеуге мәжбүрміз деп үстіне тағы моральдық өтем бер. Ондай мүмкіндік бар ғой мемлекетте. Жоқ, «железобетонный каток заң» қазақ дегенде қатыгез, бір беткей. Үкімет деген сол адам үшін ғой. Жазалау, жапыру, күштінің мүддесін орындау үшін емес шығар.?

Ғалымтай Төлепберген, тарихшы-ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img