Суббота, 21 декабря, 2024
-17.9 C
Kokshetau

Қазақстан БРИКС-ке кіруден неге бас тартты?

Халықаралық түрлі ұйымдар қатары уақыт өткен сайын көбейіп барады. Саны болғанымен, сапасы жоқ ондай ұйымдар нақты мәселе шешпейді, жәй түрлі елдердің өкілредінің басын қосып, маңызды мәселелерді талқылаған болады, бірақ оны шешудің нақты тетіктері болмағандықтан, талқыланған мәселе сол күйінде қалады.

Тәуелсіздігін алған отыз жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі атанды. КСРО шекпенінен шыққан мемлекеттердің басын қосқан ТМД ұйымы жәй аты бар да, заты жоқ еш мәселе шешпейтін өлі ұйым болып қалды. Алғашында кедендік одақ, кейінірек Еуроазиялық одақ болып құрылған экономикалық сауда байланысын реттейтін ұйым да нақты жұмыс жасамайды. Қазақстан бұл ұйымнан еш пайда көріп отырған жоқ, керісінше біршама залалдары тиюде. Мәселен, кедендік алым  салынбайтын ұйым мүшелері Ресей мен Белорусь өз тауарларын біздің рыногымызға бөгеліссіз әкеліп сатады да, ал біздің өнімдерімізге түрлі жасанды тосқауылдар қойып, өз нарықтарына жуыта қоймайды.

Биыл астық мол шығып, диқандарымыз жақсы табыс табамыз деп қуанған еді. Ал Роснадзор Қазақстан астығын өз аумағы арқылы өткізуге тиым салды. Бұның өзі артық астығымызды сатуды қиындатып отыр. ОДКБ ұйымынан көмек күткен Армения көмек ала алмай, Карабахтағы біраз жерінен айрылып қалды. ШОС деп аталатын ұйым да аты дардай болғанымен, еліміздің нақты экономиккалық мәселелерін шешуге анау айтқандай көмегі болмай тұр. Оны айтасыз, барша әлем елдерін біріктіріп отырған мүйізі қарағайдай Біріккен ұлттар ұйымы да түрлі аумақтарда болып жатқан қақтығыстарды реттеуге дәрменсіз болып отыр.

Міне, осындай жағдайда Ресей тарапынан Қазақстанға жасалған БРИКС ұйымына кіру туралы ұсынысқа еліміздің президенті Қ.Тоқаев Қазақстан ұйымға кіруден қалыс қалатыны туралы мәлімдеді. Ең алдымен, бұл ұйымға кіру шаралары күрделі және біраз сатыдан тұрады екен. Екіншіден, бірқатар дамушы елдерді біріктірген аталмыш ұйым жәй клуб сияқты ешбір мәселе шешпейді. Ұйым өкілдері жиналып, әлемдік маңызы бар біраз мәселелерге байланысты ұстанымдарын ортаға салады, ортақ шешім қабылдайды. Сонымен іс бітеді. Яғни, бұл ұйым бүгінде нақты жұмыс жасап тұрған әсери қорғаныстық сипаты бар НАТО немесе экономикалық саяси одақ болып отырған Еуроодақ сияқты жұмыс істейтін тетіктері қарастырылған ұйым емес. Бұл ұйымның әлемдік сасатқа да, экономикалық байланысқа да айтарлықтай еш ықпалы жоқ. Осы орайда, Мемлекетіміздің басшысының осындай шешім қабылдауы орынды деу керек.

БРИКС ұйымына кіруден қалыс қалу жөніндегі президентіміздің шешіміне наразылық танытып жатқандардың бәрі орыс тілді блогерлер мен қоғам белсенділері. Олардың пайымынша, Қазақстан БРИКС ұйымына кірмеу арқылы көп нәрсені жоғалтады-мыс. Шындығында аты бар да, заты жоқ бұл ұйымның елімізге берер көк тиындық пайдасы болмайтынын ұйымның өткен және қазіргі жайына қарап анық бағамдауға болады.

Қазан қаласында өткен аталмыш ұйымның саммитінде біраз маңызды мәселелер талқыланды. Ол экологияға, Палестина мен Израйл арасындағы қақтығысқа және басқа да халықаралық мәселелерге қатысты. Саммитке қатысқан 30-дан астам елдердің өкілдері өз ұстанымдарын ортағы салды. Тіпті, жиында Ресей мен Украина арасындағы соғыс та талқыланып, Ресейдің өз әскерін Украйнадан шығаруы қажеттігі туралы ұсыныстар да айтылды. Бірақ айтылған ұсыныс-пікірлердің бәрі сол сөз күйінде қалды. Өйткені, ұйымның өз шешімдерін нақты жүзеге асыратын тетіктері жоқ.

Ресми емес деректерге қарағанда, аталмыш саммитті өткізуге ресей тарапы 29 млрд рубльдей қаржысын жұмсапты. Соғысқа байланысты әлем елдері тарапынан салынған санкциялардан әбден экономикасы тұралаған ресей үшін сонша қаржыны жәй бір еш мәселе шешпейтін жиын өткізуге жұмсаудың қаншалықты қажет болғаны белгісіз. Жалпы, бұндай халықаралық ұйымдар мен жиындардың қай елге болмасын еш пайда әкелмейтінін тәжірибе көрсетіп отыр. Назарбаев билік құрған тұста өткізген қаншалықты халықаралық шаралар елімізге еш пайда әкелмей, қыруар шығынға ұшыратқаны белгілі. Осы орайда, Қазақстанның тағы бір халықаралық пайдасыз ұйымға кіруден бас тартуы құптарлық қадам десек, болады.

Қалкөз Жүсіп.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img