Қарағанды қалалық сотының шешімімен Алика Мұхамадиева 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Алайда оның жас баласы болғандықтан, жазаны өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.
Мұхамадиеваға ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы, 1-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бап әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздырғаны үшін жауапкершілікті көздейді.
Заң бойынша мұндай әрекет үшін 2 мыңнан 7 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.
Сот процесін Қазыбек би аудандық сотының судьясы Арғын Құтышев жүргізген.


                                    



