10.2 C
Kokshetau
Басты бетҚұқықАвторлардың құқықтарын қорғау қалай жүзеге асады

Авторлардың құқықтарын қорғау қалай жүзеге асады

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстанда зияткерлік меншік жүйесін дамыту ісі жалғасып келеді. Авторлық құқықтан басқа сабақтас құқықтар да маңызды. Сабақтас құқық жүйесі орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және телерадиокомпаниялардың мүдделерін қорғайды.

«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңына сәйкес, сабақтас құқықтар эфирлік немесе кабельдік хабар тарату ұйымдарының ұйымдарының туындыларын, қойылымдарын, фонограммаларын және хабарларын пайдаланудан туындайтын қатынастарды реттейді.

Қарапайым сөзбен айтқанда, автор шығарма жасайды — ол ән, фильм, кітап немесе сценарий болуы мүмкін. Онда сабақтас құқықтар осы туындыны жаңғыртып және тарататындарды қорғайды.

Сабақтас құқықтар субъектілерінің туындының авторымен, ал фонограмма жасаушылардың, эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының да орындаушымен шарты болуы тиіс. Барлық сабақтас құқық субъектілерінің туындыны пайдалануға айрықша құқығы бар (орындалу, қойылымдар, фонограммалар, хабарлар). Бұл басқа тұлғалар осы құқықтардың субъектілерінен орындаудың, қойылымның, эфирлік немесе кабельдік хабардың бастапқы жазбасына рұқсат алуы керек дегенді білдіреді. Сондай-ақ олар фонограммаларды шығаруға, қайта өңдеуге және басқа да бірқатар әрекеттерге рұқсат береді.

Сабақтас құқықтар субъектілерінің де сыйақы алуға құқығы бар. Бұл құқықтар пайдаланушылармен жасалған келісімдер арқылы реттеледі, ал сыйақы алу мен төлеу олардың субъектілері құрған сабақтас құқықтарды басқаратын арнайы ұйымдармен реттеледі.

Басқаша айтқанда, орындаушылар мен өндірушілер өз жұмыстарының нтижелерінің пайдаланылуын, оның ішінде қайта шығаруды, таратуды, көпшілік алдында орындауды және эфирге шығаруды бақылау құқығын алады.

Сабақтас құқықтар авторлардың шығармаларын кең аудиторияға жеткізетін тұлғалардың шығармашылық жұмысын олардың жұмысының нәтижесін заңсыз пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етеді.

Мысалы, концерт немесе телебағдарламаның жазбасы орындаушының немесе телеарнаның келісімінсіз интернетте таратылуы мүмкін. Егер сабақтас құқықтар қорғалмаса, құқық иелері әлеуетті кірістерін жоғалтады, ал нарық сапаның төмендеуіне және жаңа мазмұнды жасауға деген ынталылықтың төмендеуіне соқтырады.

Қазақстандағы сабақтас құқықтар институты авторлардың шығармаларын ұсынатын және тарататын тұлғаларды қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық жүйенің маңызды элементі болып табылады. Ол дұрыс іске асырылса, орындаушылар мен өндірушілердің әділ сыйақысына, шығармашылық және хабар тарату саласының дамуына, зияткерлік меншіктің құқықтық кеңістігін нығайтуға ықпал етеді.

Д.Қоңқаева, Ақмола облыстық әділет департаменті зияткерлік меншік құқықтары бөлімі басшысының міндетін атқарушы.                                        

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз