-17.8 C
Kokshetau
Понедельник, 9 декабря, 2024

Абылай-хан қаласынан айтып тұрмын

spot_img

Ер –елге қорған еді кезінде.  Қазір қорған болатын кейбір жігіттер дүр бабасының тәрбиесінен ажыраған соң, басынан бағы тайып,  бұғалыққа түскен асаудай аптығып басылып қалды. Оның үстіне басқаның сөзін сөйлеген, біздегі кейбір пысықайлар тоқсаныншы жылдары «қазағым» деп  шырылдаған жуан жұдырықты жігіттердің көзін жойып, топырағын торқа қылып отырды.

Қара қылды қара жаратын, қас жақсысынан айырылған ҚАЗАҚ үйірінен адасқан үйректей, қай жақты бағытқа аларын білмей сеңделді. …90 жылдардың ортасында бұл қазақ не көрмеді? Әлгі оңтүстіктен шыққан кейбір ағаларымыз мақтайтын Терещенко қырда отырып жан бағып отырған сорлы қазақты одан сайын төмендетіп, ауылды құлатуға реформа жасап берді.  Қиянат пен қырсық та қырсызға үйір демекші, 70 жыл бойы Мәскеуді азық түлікпен асырған аталарымыздың еңбегі сорға сіңгендей зым-зия қылды.

Пәтуәсіз уақыт сабырлыны тонап, саналыны арытып,  қыр қазағын одан сайын орға итерді, сорға жетектеді.   90 жылдары ауылдарды сол қалпында ұстап қалғанда,  қазіргідей тақымы бос болып қалмас еді.

Ауыл біткен соң қазақтың бағы да тая бастады. Ойбай отыз жылда көтерілдік, көктедік, көкке жетеғабыл жетіп қалдық деген өңкей қырттың қырт әңгімесінен ешқандай нәтиже көрген жоқпыз.  Айдағаны бес ешкі, сол ешкісіне шөп пен жем таба алмай отырған қазақтың қазіргі қал-күйі ешкімге қажеті жоқ.

Дүние, қарап тұрсам, кең бір сарай,

Сарайға көзім талды қарай-қарай.

Тағдыр мен тәңіріңе жала жаппа,

Өзіннен ер жігіттің бақ пен талай,-демекші қайран қазақтың басына ТӘУЕЛСІЗДІК деген қанша ма ғасырдан бергі аңсатқан, аңсаған арманына қол жеткізіп еді! Бірақ сол тәуелсіздікте біз діттеген мақсатымызға қол жеткізе алып отырмыз ба?Ылғи бір шенді жемқорлар билікке қолы жеткен соң халықты алдарқатып қашпаған қашардан уыз дәметіп әбден сорлатып қойды.

Сорлағаны сол әлі күнге дейін өз еліңде отырып тілі еркіндікке жете алмай отыр. Мәңгүрттеніп мәз болып жүргендерге сенің ауылың, сенің ауылдағы қазағын көк тиынға да керегі жоқ.  Есемізді жіберіп, тілді білмейтіндер биікте болған соң тау мен төбенін айырмашылығы  сияқты ара –жігі ажырап қалды.

Ал енді қазаққа келгенде біздің елде пәрменді, мықты заң бар. Басқа ұлтқа келгенде заңы   жүрмейтіні қызық.  Олардың қақсауығы, ділмары, оттампазы т.б –лары қазақтың көшесін, ауылының атауын ауыстырарда қарсы шығады. Мысалы Щучинск қаласының атауын Абылай-хан қылайық деп осындағы аға буын бастама көтерді. Білдім арты –ләм болмайтындығын, мән болмайтындығын. Өйткені, ертең жем-жемге келгенде есемізді жіберіп, психафизикалық тұрғыдан ақсап иммуниетіміздің әлсіз болып қалатындығын.

Бір ғана әлемжелісімен Щучинск қаласындағы «Тираж» деген инстапарақшаны басқарып отырған А. Каримов «пост» салды да жіберді. Бітті шулады бәрі. Ылғи басқа ұлттың өкілдері. Ішінде өзіміздің бейшара, надандарымызда бар. Щучинск атауын өзгерткенше алдымен инфрақұрылымын түзеп алсын, көшесін жөндесін, жарығын қоссын т.т.

Шырылдаған бірер азамат қана осында. Ауыстырайық деп. Бұл туралы мақала «Егемен Қазақстан» газетіне жуырда жарық көрді. Жарайды, ал ол газетті кім оқиды, мен оқимын, сосын ауылдағы ата-әжем, мұғалімдердің өзі газет оқымайды «газетті, кім оқиды?» деп олардың аузынан жанға бататын жағымсыз сөз шыққандығын талай естіп жүрмін.  Кітап оқымаған, газет-журнал қарамаған мұғалім қандай ұлтқа қызмет атқарады деп ойланамын да,   ұрпаққа еге болып отырған мұғалімдердің арасынан Абай мен Құнанбайды ажырата алмайтындары да бар екендігін көргенде іштей күрсінемін. Бұны  жұрттың мақтап жүрген «Супер Министірі» біледі ме екен? Әй білмеймін. Ол «СуперМинистірдің»  жеке шаруасы.

Ал енді Щучинск қаласына жаңа қазақша атау беруді қолға алып жатырмыз. Бастама басталды.  Махамбетше айтқанда:

Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығарға,

Хас үлектен туған кәтепті,

Қара нар керек біздің бұл іске!, — деп отырмыз.  Щучинск қаласы 1858 жылы стацина болып құрылған дейді. Құдай-ау, бұлар көтен зорлықпен қазақтың жеріне келіп, сосын соңғы хан Кенесарының атқа қонғандығын білмейді ме, 70 жыл бойы тарихы болмаған дегенді айтып келгендігін білмейді ме, тіпті оны білмесе И. Калашниковтың «Жестокий век», І.Есенберлиннің «Көшпенділерін» оқыса. Әй оқымайды –ау, өйткені өздерінің тарихтарын қолдан жасап, кезінде пиарлап алған бұлар, басқаның тірі тарихын қайтсын!? 70 жыл бойы Кенесары ханды қазақ халқының жауы қылып көрсеткен мұңсыздар, қазақты жер бетінен жойып жіберудің алғышартын дайындап қойған ғой.

Француздың жазушы Жюль Вернн «Кенесары хан» жайлы  кітап жазып Дешті Қыпшақтың баласы, бұғалыққа көнбейтіндігін әлемге пірімжария қылып дәлелдеп берген. Иә білді де атаңа нәлет Сперанскийдің саясатын мықтап жүргізді қазақ халқына.  Тағы да Махамбет айтады. Иманды болсын жарықтық. Қайран Махаң-ай!

Жапанға біткен бәйтерек-жайқалмаған желден-ді,

Хан-төренің кешігіп, кідірмегі елден-ді,-дейді. Бір ғана «Тираж» арқылы  қазақша атауға қарсы болып отырған А. Каримовты сотқа берейік дедім, жергілікті аға буынды шақырып алып. Тағы да сол мәймөңке сөз, соттан жеңіліп қалсақ таза позор боламыз деп ойланды, олар күбжіктеп. Өйткені, оның тіреуі көп шуылдақ, ішінде қарын бөлеміз да бар. Дулат Бабатайұлы:

Жаттан рақым не күтсін бастан жаны кеткен ер,

Шуылдаған қарғадай көшбасшысы өткен ел.

Шуылдап қалдық. Баспа бетіне шығарып жатырмыз. Щучинск қаласының  көшелерінің біразы ананың да, мынаның да атында. Тіпті  қазақты қырған Пугачевтың атында да көше бар. Күні кеше Марфуға Бектемірова есімді атақты, классик жерлес апамыз ақынның атына осы жендет Пугачевтың көшесін беру керек деп жергілікті  басылымдарға мақала жазып жатырмыз, алдағы уақытта сабақты инені сәтімен бастаймыз, құрғыр шаруадан қолымыз жүрмей жатыр.  Әзірге бастамасы бұл.

Иә, бір ғана адам шектеу қойып қарсы шығып отыр деп ҰЛЫ АБЫЛАЙДЫ мойындамаған «Тираж» әлемжелісінің авторына қазақтың ақшасы құнды да, тарихы құнсыз ба?  Құс ілген қудың ұятта ісі болмайды деп ол жүр. Бәрі –бір ертеңді-кеш Щучинск қаласының атауында  көшелерінде ауыстыратын уақыт келеді. Әркімнің қабағына қарап, қаңсып отыра береміз бе? Бұл тәуелсіз ел атанған қазақтың әрбіреуінің басты мақсаты болуы керек. Щучинск қаласы Абылай-хан бола ма, байырғы атауы Бүркітті екен –Бүркітті бола ма, бұл осы жердегі есті қазақтың шешімімен жүзеге асатын басты  шаруа екендігін айтқым келеді.

Пікір қосып, ой айтыңыз Абылай-хан 48 жыл бойы хандық құрған қасиетті орда Бурабай ордасына ҰЛЫ ХАННЫҢ ЕСІМІН БЕРУ ЕЛДІКТІҢ БАСТЫ БЕЛГІСІ АҒАЙЫН!

БҰЛ МЕНІҢ ПІКІРІМ, АҒАЙЫННЫҢ ПІКІРІ ҚАЛАЙ ЕКЕН!?

АБЫЛАЙ ОРДАСЫ.

spot_img
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Оспанов
Ақмола облысы Бурабай ауданының Абылай хан ауылында дүниеге келген. Абылай хан атындағы орта мектепті аяқтап, он тоғыз жасынан бастап баспасөз саласында қызмет атқарып келеді. Өзекті мақалалары әр түрлі деңгейдегі басылым беттерінде Бурабайдың Жеңісі деген атпен жиі жарық көреді.
Сондай-ақ, оқыңыз...
- Advertisement -spot_img
Өзге де мақалалар
spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here