Әділдік бар жерде өркендеу бар!..

Әңгімені тоқетерінен бастайын. Осы аптаның жетінші күні жаңа қолым тиді. Кеше түннің бір уағына дейін күн тәртібімен біраз кітап оқып, күнделік жазып, түн ортасына ауа төсегіме қисайдым. Кештеу тұрып ас-суымды ішіп қайтадан аяқталмай қалған кітапты қолыма алып шұқшиып, керекті конспектімді жазып басымды жаңа көтеріп уһ деп отырған жайым бар.

Өткен аптада Көкшетаулықтар ғана емес дүйім қазақ елінің баласы бас шаһар, Қазақия елінің Бас Ордасы-Астанада бас қосты. Отыз жылдан бері әрі тарт -бері тарт, құрығыңды былай сілте, олай сілтемен келе жатқан қазақтың шыны керек көсегесі көгергені шамалы. Иә, бастысы не айтса да, қалай айтса да көзінің қарашығынан қымбат Тәуелсіздігі бар. Тәуелсіздік мұратқа, бодандық құлдыққа жегетіндігін енді-енді түсіндік. Шынайы демократиялық тұрғыдан өмір сүріп, бостандықтың не екендігін дәмін татып қалған қазаққа даму керек.

«Атамыз асап-асап байқатпай жеуші еді» депті баяғыда мешкей атасы жайлы айтқан бір бала. Сол баланың ақжүрегінен шыққан сөздің тұжырымы терең. Өткенді жамандап, даттап қаралап Біз бен Сізге енді «мүйіз шыға қоймас», кетері кетті, сонымен кетсін! Қиындықтың, сотқарлықтың, тентектіктің не екендігін кешегі қаңтарда көзіміз көрді. Бейкүнә балалар мен албырт, аңғал жастар, жазықсыз адамдар оққа ұшты. Пәле арқалап, жала жабылып кеткендері де аз емес… Ақ- қарасын қазір айырмасақ, болашақ айыра жатар. Бірақ, осыған кінәлі өткен шақ. Биліктің мөртаңбасын қолына ұстағандар. Ақыры қара су қайнаған, қара қазан жарылып, отыз жылғы тұтам өтіріктің соңы өртке айнала жаздады. Қазақты қашанға құдай жылата берсін! Әйтеуір шап-шапқа келгенде, бір арнаға төгіліп құйылған теңіз арнасындай лықсып барып орнына келді.

Хош сонымен Астанада бас шаһарда үлкен жоба қолға алынып жатыр. Қыңқ етпес, таяқ тимес біздегі әкім-қаралардың кейде көз жұмып мемлекет қаражатын «әкесінің еншіге бөлген ұсақ малындай» оңды-солды шашатындығы (шашып келгендігі жасырын да емес) ал енді қараша халықтың хал-күйі қалай? Айналып келгенде заңды біле тұра белден басып, ішіп-жеп қойып шетелге қашып сол жақта жүріп судан таза, сүттен ақ боп отыратын небір мешкейлер, мерездер бар. Ал халық болса… көретінін биліктен көреді. Аш болса да билік кінәлі, тоқжарау жүрсе де билік кінәлі.

Экономиканың басты мұратының жемісі ол ауыл еді. Қазіргі ауылдың ахуалы жаңа туған баланың еңбегіндей былқылдап тұр. Шаруасы бітті десек те болады. Алдымен малы жайылатын жер жоқ. Жері болса оны игеретін халы жоқ. Міне Ақмола облысында биылғы қыс тым қатты түскендіктен, қар қалың болғандықтан жылқысы азық таба алмай қырылып жатыр. Жарықтық түз малы атанған сом тұяқты, жерден «тіске басар» таба алмай шырқырап қырылып жатқандығы жасыратыны жоқ, жанға батады. Ал қазақтың жерін өзінің меншігіне айналдырған бай-бағландар егістік даласына күзде қылтанақ қалдырмай жалап-жұқтап алатындығы да өкінішті.

Екі ортада қараша халықтың халы мен малы төмендеп, пәсейіп, көлеңкесі ғана сорайып бара жатыр. Ал егін егіп, егістігін баптап отырған шаруа қожалығына қай басшы болсын «ау-деп» аузын аша алмайды. Себебі, оларға мүмкіндік беріліп отыр. Моратория бар біздің елде.

Президент Әділетті Қазақстан бағытын қолға алып жатқанда, жаңа бір жылымықты сезгендей азды-көпті шындықты айтып жүрген әріптестеріміз қалам құдіретімен халықтың сөзін сөйлей бастадық. Құлағы кереңдер естісін, соқырлар көрсін, дымбілместер илансын деп. Әй бірақ сол… жазған, айтқанымызды теріске шығарып, алтын мысқалымен, ақыл тұспалымен деп ақыл айтушылар телефонымызға қоңырау шалып я болмаса ақылын айтып данышпансып шыға келді. Баяғы ілгерлетпеу, аяқты қия бастырмау ескі әдісті қолданып.

Мысалы осыдан екі жыл бұрын Сандықтау ауданы жайында пост жазып едік, тіпті әншейінде ұлтының қамын ойлап, қамығып отыратын біреулер телефон шалып, «тегін кеңесін» телпегін баса киіп отырып бергісі келді. Тілі ұзарғанды, беті қызарғанды көрмей, аймаңдай шындықты айтқымыз келген мені, менің аз ғана тобыма оқсыз шабул жасады. Бұл әрине ездік. Масылдық. Бейшаралық. Баяғы «ескі мектептен» миы уланған кезеңнің нәтижесі.

Жан-жақтан менің жекеме шығып жай-күйін айтып көмек сұрайтындар бар. Бі-рақ, баяғы ескі соқпақ, қорқақтықпен шалбарын теріс киіп алғандар «мені жау көретіндерін» қайтесіз!? Мейілі… Билік биттің қабы сияқты. Әрі кетсе-жыл, бері қараса-ай ғана дем алуы мүмкін. Қалады. Аюдай ақырған талайынан қалып жатқан биліктің, кресло мен лауазымды қызметтін құны көк тиын!..

Жарайды, біраз өкпе назды, іштегі ащы қыжылды шығарып алдық. Бас шаһарда өткен басқосуға Ақмола облысынан Бақыт Смағұл ағам көпті бастап барып келді. Өзінің пікірін ортаға салды. Һәм ақиқат қашан да аңғал келеді демекші, Бақыт Смағұл шындықты айтып жазып жүрген аз журналистердің бірі ғой «Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының Ақмола облысы бойынша жауапты өкілі болып сайланды. Иә, сайланғаны абзал!..

Қордық мақсаты оппозитциялық бағытпен емес-неғұрлым әділдікке ұмтылу арқылы халықтың мұң мен мұқтажын зерттеп, нақты сарапқа салып, таразы басын тең ұстау. Мемлекет бюджеті қайда кетіп жатыр?.. Қандай қаражат, қайда аударылды. Нақты тірі фактымен сөйлету үшін құрылғандығын елге айтқызымыз келеді. Иә, бәлкім титыңдап, тырбыңдап Қазақия елі ұлы мақсат жолында осындай бетбұрыстар арқылы дамуы мүмкін. Өйткені, отыз жыл бойы тәуелсіздіктің таңы атқаннан бері жеңілдігі көбіктей, ауырлығы табыттай уәдемен халық екіұдай күй кешіп келгендігін Сіз бен Біз анық біліп отырмыз.
Әділдік жолында өркендейік ағайын! Іске сәт болсын деп тілекші болыңыз!.. Ел үшін еңбек етейік. Қазақтың аспандағы бұлты ашық, күні күлімдеп, жұлдызы жоғары болғай! Біздің үніміз іріп емес, асқақтап шықсын. Әйтпесе талай хиқметті бастан кешірдік. Әлі қанша кешіреміз. Бұл алдағы уақыттың жемісі.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img