Воскресенье, 22 декабря, 2024
-8.8 C
Kokshetau

25 мың жетімнің көз жасы!..

Мына кең далаға қарашы!? Қазақтың даласы. Жеті атасынан бермен қарай емес-жетпіс жеті атасынан келе жатқан Дешті Қыпшақтың  ат сауыры терлеп, терілігі терге малшынып жүріп қорғап қалған даласы! Осы далада үн бар, тыңдап құлақ сал; жырлағын келмейді, жылағын келеді, боздаған ащы үн! Жетімнің үні. Жиырма бес мың жетімнің..! Шетел асып сусылдаған доллардың  сайқал күлкісімен сатылған шерлі жетімдер! Атаңа нәлет тексіздер, имансыздар, құдайсыздар, Отаның сатып жатқандар. Бізде бәрі сатылды. Көл сатылды, шөл сатылды, дала сатылды, жер сатылды. Бәрі сатылып болған деп отырсақ, сонау алпыс қырдың ар жағынан ащы үн шығады.  Шетел асқан 25 мың баланың үні..!  Сылдырлап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай ғажап заманда өмір сүріп жатырмыз деп кеуде керіп жүрсек, құдай атқырлар, жетімдерді сатып жіберіпті. Бізде  бәрі бар, байлық бар, барлығы қазақтың еншісінде деп гәпіріп кеуде кердік. Қыртып жүрдік. Қыртқанның жөні осы екен деп.

Өткенде АҚШ -тан Қазақстаннан бала асырап алған бір отбасы сөйлеп жатыр.

-Қазақстаннан қыз баланы,Алматыдан алдық. Сол кезде таксиге отырып  ұшаққа билет алуға келе жатқанда, такси жігіт, кішкентай қызды көріп еңіреп тұрып жылады,-дейді. Намысы бар жігіт қой. Намысы жоқтар билікте отырады.  Министір, депутат, әйтеуір лауазымға ұмтылады. Такси жігіт,  күнкөріс үшін далада жүр, бірақ кеудесінде қазаққа деген махаббаты бар, бірақ үні шықпайды, шықса қамалады, сотталады, қуғынға түседі.  Баласын, қаны бір қарындасты ақшаға сатқан арсыздарды Құдай атады. Олар, бірақ Құдай-ға сенбейді. Тамұқ пен пейіш бар. Алла бар десе, жай сол құлағымен тыңдауы мүмкін, бірақ жүректерінде тырнақ ұшындай иман жоқ. Имансыз адам хайуан итпен бірдей, байып, қалтасы қаржыға толса болды. Оған Отан. Оған намыс. Оған Қазақ емес —  ДОЛЛАР қымбат!..

Енді-енді жараның беті тырналып, шетел асқан жетімдер  зарлап ата-анасын іздеп жатыр.  Жетімдер үйінен кеткендер. Барлығы қаракөз. Басқа ұлттың баласын сатпаған. Өзімізді сатқан.  Қоғамның ең әлсіз мүшесі баланы. Сол баланы, жат біреудің қолына беріп, шекара асырып жатқандар ойланды ма екен!? Мынау бәлкім «ұлы ғалым шығар», бәлкім ертең маңдайы жарқыраған классик тұлға шығар деп. Біздің жағымпаздығымыздан, жәдігөйлігімізден осындай жетімді сыртқа бердік. Ащыны айта алмаймыз. Тұшыны жақсы көреміз. Өтірікті бал қыламыз, шындықты шәуілдетіп ит қыламыз.  Бірлі -жарым шындықты айтқандар «көмексіз болса ер жігіт, жалғыз теңдік таба алмас» деп бармағын шайнап, құсаланып жүр!  Сұңқары өліп, қарғасы төбесінде қиқулап, елдің сәні кеткен. Мінбедегі ағалар, көкелер мың күндік қазақтың тағдырын ойламай, түстікпен келе жатыр:

Бұл балаларды кім сатты?

Баласының баласының басына  келсін!

Бұл балаларды кім сатты?

Өзі мүгедек арбасына таңылып, зар қақсын!

Бұл балаларды кім сатты?

Бір жұтым суға зар болсын!

Бұл балаларды кім сатты?

Өлмесін, көрге кірмесін, дүниенің сұлулығына қарап өлімтік боп зар қағып жатсын!..

P.S Баяғыда балабақшада аспазшы болған, бір кемпірдің қолы дірілдеп, өз денесіне өзі ие бола алмай, ас іше алмай  отырады екен. Сонда, жаңадан түскен келіні:-Апатай-ау, қолыңыз неге сонша дірілдей береді?-деп сұрапты.

-Е, айналайын келін шырақ, басын жас, ғұмырын алдында, ешқашан баланың ырыздығына қолында салма,  балабақшаның балаларына тамақтың сылдырын беріп, қою тамақты ұрлап үйге тасып едім, міне қолымның дірілдегеніне он бес жыл болды, алдыма келген асты, қасықты шайқап, өзім дірілдеп отырып әрең ішем -деп зар қағыпты.

Қазақтың тірлігінде үмітінде, бірақ үміті өз қолында емес! Бит пен бүрге, қанден мен қорқаулардың  қолында, сосын барып, жетімі шетел асып кетті. Бейбарысты тағдыры айдаса, бұл жетімдерді  жаттың қолына беріп, көсеуі ұзындар отқа тастады. Кешір бізді жәудіреген жетім құлындарым! Кешір..!

Қауқарсыз қазағым үшін, тізерлеп тұрып кешірім сұраймын, сен менің бетіме түкір!!!

Бірақ кешірме!!!

Жеңіс Оспанов.

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img