-10.4 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Тоқтамаймыз, аялдама жоқ»: Көкшетаулықтар қалаішілік автобустардың аялдамаға тоқтамауына шағымдануда

«Тоқтамаймыз, аялдама жоқ»: Көкшетаулықтар қалаішілік автобустардың аялдамаға тоқтамауына шағымдануда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қаласының тұрғындары қоғамдық көліктердің қозғалысына қатысты мәселе көтеріп отыр. Соңғы уақытта кейбір автобустар жолаушыларды түсіріп-мінгізбей, белгіленген бағыт бойымен аялдамаларға соқпай өтіп жүр, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.

Редакциямызға хабарласқан тұрғындардың айтуынша, автобустар Сарыарқа шағын ауданында көл бойымен өтіп, Түрік лицейі мен «Аяла» балабақшасының ортасынан айналып өтеді, алайда осы аумақта ресми аялдама қарастырылмаған. Осыған байланысты жүргізушілер «аялдама жоқ, сондықтан тоқтамаймыз» деп жауап береді.

Аталған жағдай әсіресе оқушыларға қиындық туғызуда. Ата-аналардың айтуынша, балалар қай жерде автобусты күту немесе түсу керегін түсінбей, ұзақ уақыт әбігерге түседі.

Сонымен қатар тұрғындар №20 техникалық мектеп-лицейіне қатынайтын маршруттың кері бағытта толық жұмыс істемейтінін атап өтті. Автобус бір бағытта лицейге барады, ал кері бағытта оқу орнына соқпай, айналып өтіп, Түрік лицейі мен «Аяла» балабақшасының маңынан тоқтамай өте шығады.

Қала тұрғындары бұл мәселені тиісті мекемелер назарға алып, аялдама орнату немесе маршрут сызбасын қайта қарау қажеттігін алға тартады.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз