-34.3 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЩучинскідегі дәмханада жарылыс: 6 адам қаза тауып, 20 адам зардап шекті

Щучинскідегі дәмханада жарылыс: 6 адам қаза тауып, 20 адам зардап шекті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бурабай ауданында бесқабатты тұрғын үйге қосылған бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасы жарылды. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тауып, 20 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды.

Ақмола облысының ТЖД хабарлауынша, оқиға орнына 5 минут ішінде барлық қажетті күштер мен құралдар жеткізілді. Құтқарушылар өрттен 8 газ баллонын шығарды және 10-нан астам адамды аман алып шықты. Өрт толық сөндірілді, қазіргі уақытта құтқарушылар қирандыларды тазартып, зардап шеккендерді анықтау жұмыстарын жүргізуде.

Оқиға орнына ТЖД басшылығы, облыс әкімінің орынбасары, барлық құтқару қызметтері – өрт сөндіру, құтқару, медициналық, полиция және газ-техникалық инспекциялар келіп жетті.

Санавиация мен реанемобильдер дайындықта тұр.

Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен барлық жағдайлары анықталуда. Ақмола облысының ТЖД жедел желі ашты: 8 (7162) 514-298.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз