4.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарҚоянды: халық көп, қауіп көп — өрт сөндіру бекеті әлі жоқ

Қоянды: халық көп, қауіп көп — өрт сөндіру бекеті әлі жоқ

Сондай-ақ, оқыңыз...

Жылыту маусымы басталғалы он күннің ішінде үш үй отқа оранды. Бұл — жай ғана төтенше жағдай емес, ауыл өміріндегі жүйелі мәселенің көрінісі. Ақмола облысының Целиноград ауданындағы Қоянды ауылы тұрғындары өрт қауіпсіздігіне қатысты дабыл қағып отыр.

Ресми деректер бойынша, Қояндыда 20–25 мың адам тұрады. Алайда шын мәнінде халық саны 50 мыңға жуықтайды. Ауылда 5000-нан астам үй бар, олардың басым бөлігі — көпбалалы отбасылар. Осыншама ел қоныстанған мекенде бар болғаны бір ғана өрт сөндіру көлігі бар. Оның өзі ескі әрі жиі істен шығады.

Ең жақын өрт сөндіру бекеті Софиевка ауылында, шамамен 10–12 шақырым жерде орналасқан. Ал қыстың қары қалың, боранды күндері немесе жазғы аптапта жол қатынасы қиындап, көмек дер кезінде жете бермейді.

«Өрт шыққанда бар үмітіміз — өз қолымызда. Әркім шелегін алып, су тасып жүгіреді. Ал өрт сөндірушілер келгенше, үй түгел жанып кетеді», — дейді ауыл тұрғыны Ермұхамбет Ахунов.

Былтыр бұл мәселе аудан әкімінің қатысуымен өткен жиында көтерілген болатын. Сол кезде Қояндыға өрт сөндіру бекетін ашу жайында сөз болған. Бірақ арада бір жыл өтсе де, мәселе шешімін таппаған.

«Уәде көп, іс жоқ. Біз қағаз жүзіндегі жоспардан шаршадық. Халықтың қауіпсіздігі сөз емес, іс арқылы қорғалуы керек», — дейді ауыл тұрғындары.

Мамандардың айтуынша, халық саны 10 мыңнан асқан әр елді мекенде өрт сөндіру бекеті болуы міндетті. Ал Қояндыдағы жағдай бұл нормадан әлдеқашан асып кеткен.

Ауыл тұрғындары енді нақты іс-қимыл күтеді. Себебі өрт — тілсіз жау, ал оған қарсы тұратын құрал мен жүйе болмаса, үлкен трагедия қайталанбайды деп ешкім кепілдік бере алмайды.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз