Басты бетЖаңалықтарМектепке дейінгі мекемелерде сөйлеу тілі бұзылған балаларға көмек көрсетуде логопунктің маңызы

Мектепке дейінгі мекемелерде сөйлеу тілі бұзылған балаларға көмек көрсетуде логопунктің маңызы

Сондай-ақ, оқыңыз...

Мектепке дейінгі мекемелердегі логопункттің маңызы өте зор, себебі ол балалардың сөйлеу тілін дер кезінде түзетуге және олардың жалпы дамуына оң әсер етеді.

Логопунктте маман балалардың дыбысты дұрыс айтпау, сөздік қорының аздығы, сөйлем құраудағы қиындықтар сияқты мәселелерін ерте байқайды.

Ерте анықталған проблема тез әрі тиімді түзетіледі. Логопед балаларға дыбыстарды дұрыс айтуға, сөздерді анық жеткізуге және байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Бұл кейін мектепте оқуына жеңілдік береді.

Сөйлеуінде ақауы бар бала жиі ұяң болады. Логопункт арқылы ол өзіне сенімді бола бастайды, қарым-қатынасқа еркін түседі.

Дұрыс сөйлеу – оқу мен жазудың негізі. Логопунктте дайындықтан өткен бала мектеп бағдарламасын жақсы меңгереді.

Логопед тек балаға ғана емес, ата-ана мен тәрбиешілерге де кеңес береді. Бұл баланың дамуын кешенді түрде қолдауға мүмкіндік береді.

Логопункт – мектепке дейінгі ұйымдағы маңызды түзету-дамыту орталығы. Ол баланың тілдік, танымдық және әлеуметтік дамуына ықпал етіп, оның мектепке толық дайын болып баруына көмектеседі.

Айнұр Қадырбаева,
Көкшетау қаласы бойынша білім
бөлімінің жанындағы Көкшетау
қаласының «Мирас» бөбекжайы»
МКҚК логопеді

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз