Free shipping on any purchase of 75$ or more!

contact@yourstore.com

+55 123 548 987

-5.8 C
Kokshetau

Халықтың мүддесіне қайшы заң қабылдайтын депутаттардың қажеті бар ма?

More articles

Қалкөз Жүсіп
Қалкөз Жүсіп
ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етті. Қима аудандық «Дала таңы» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Атбасар аудандық «Атбасар» газетінің» редакторы, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болып еңбек етті. Сондай-ақ, республикалық «Заң газетінің» ұзақ жылдар Ақмола облысындағы меншікті тілшісі болды. Қазақстан ақпарат саласының үздігі, түрлі республикалық конкурстардың жеңімпазы.

Машинаны 5 минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салу туралы заң күшіне енгенде әлеуметтік желілерде жұртшылық арасында үлкен пікір туып, бұл мәселе қатты талқыға түскен еді.  Қырық жылдан астам уақыт жеке меншік машинасын пайдаланып жүрген бір танысым айтады, таңертең күн суықта машинаны қыздыру үшін кем дегенде 15-20 минут уақыт кетеді деп. Сонда осы заңды ойлап шығарушылар неменеге сүйеніп осындай  өлшем енгізген?

Халық арасында қатты талқыға түсіп, сын пікірлер туғызған бұл заңның күші жойылыпты. Билік басындағылар өз қателіктерін түсінді ме, әлде халықтың наразылығынан сескенді ме, кім білсін. Дегенмен де, осындай ақылға сиымсыз заңды жасаған билік басындағылардың ерсі әрекеті жұртшылықтың көңілінде үлкен кірбің қалдырды. Жалпы, елдің қамын жеп, халыққа қажетті заңдар дайындайды деп сенген депутаттар мен құзырлы орган өкілдерінің керісінше, халыққа қарсы әрекет ететін заңдар дайындайтыны бірінші рет болып отырған жай емес. Мәселен, қазір халық арасында теріс пікір туғызып отырған  сағат белдеулерін біркелкі етуге арналған заңды алып қаралық. Барша әлем елдері қалыптасқан географиялық белдеулер бойынша сағат өлшемімен жүреді. Ал біздің бір депутат айды аспанға шығарып, еліміздегі сағат белдеулерін біркелкі етсек, керемет болады деп ұсыныс жасайды. Оны өзі сияқты өмірден мүлдем аулақ, анау жетінші аспанның арғы жағында өмір кешіп жатқан  қалтасы қалың әріптестері бірауыздан қолдайды. Сөйтіп, еліміздегі баяғыдан қалыптасқан екі сағат белдеуі біріктіріліп, біркелкі етілді. Бұдан кім, не ұтты?

Қазір міне, кешкі сағат 4-те қараңғы түсіп, түн болады. Қараңғы түскен соң жұрт электр жарығын жағады. Сағат белдеуі кері жылжытылған солтүстік аймақтың тұрғындары қазір  электр қуатын бұрынғыдан әлдеқайда көп пайдаланатын болды. Сағат белдеуін ауыстырудың бір «пайдасы» осы. Одан қалды жұмыстан бұрын 6-да шығатын адамдар қазір қараңғы түскенде шығып, қас қарайғанша жұмыс істеп жүргендей әсерде жүр. Сағат белдеуінің ауысуының психологиялық теріс әсері және бар. Жалпы, бұл жаңалықтың ешкімге ешқандай пайда әкелмегендігі, керісінше біраз залал тигізіп отырғандығы қазір есі дұрыс әрбір адамға түсінікті болып отыр. Ешкімге пайдасы жоқ мұндай заңның халыққа қанша қажеті бар?

Осыдан бірнеше жыл бұрын талай жылдардан бері қалыпты жұмыс істеп келген пәтер иелері кооперативтерін (КСК) бір білгіш тарату қажет деп жаңалық ұсыныпты. Оны басқа да білгіштер қос қолдап қолдаған. Сөйтіп, қалыпты жұмыс істеп тұрған, халық үйренген КСК жойылып, таратылды. Реформаторлардың пайымынша, олардың орнына ОСИ деген ұйым құрылуы тиіс және ол ұйым бірден жұмысты ұршықша үйіріп, коммуналдық саланың қордаланған мәселелерін түгел әп сәтте шешуі  қажет-міс. Бірақ іс жүзінде олай болмады. Жұмыс істеп тұрған КСК-лар таратылған соң, орнына ешқандай ұйым құрылмады, көп үйлер қараусыз, иесіз қалды.

Мәселен, өзім тұратын 80 пәтерлік үйде ОСИ деген ұйым құрылған жоқ. Неге десеңіз, ұйымды басқарамын деп шыққан адам болмады, ал басшы болмаса ұйым құрылмайды. Біздің үйдің маңындағы басқа да көп пәтерлі үйлердің ешқайссында ОСИ жоқ. Бұл салаға нақты жауап беретін ұйым болмағандықтан, пәтер иелері өз араларынан белсенді шығарып, ақша жинап, түрлі мәселелерді өз беттерінше шешкен болады. Бірақ, тұрақты жұмыс істейтін КСК кезінде болған көше сыпырушы, электрик, сантехник дегендер жоқ. Соның кесірінен аулаларда қоқыстар үйіліп жатады, светке, сантехникалық жүйенің ақуаларына байланысты пәтер иелері әрқайссы өз беттерінше әрекет жасап, мәселені өздері шешулеріне тура келеді. Міне, жоғарыда отырған рефоматорлардың реформаларының жемісі осындай. Жұмыс істеп тұрған КСК-ны құртты, оның орнына ештеңе құрылмай, үйлер қараусыз қалды. Яғни, не ол емес, не бұл емес.

Жалпы, халыққа қызмет етуге тиісті депутаттар мен шенеуніктердің  қызмет етпек түгілі, залалдарын тигізіп, жұмыс істеп тұрған жүйені бұзатын немесе жоғарыда айтылғандай 5 минуттан артық машинаны қыздырғандарға айыппұл салу сияқты ақылға симайтын есерсоқ заңдар шығаратын жайлары жиі кездесетін болды. Бұл нені білдіреді? Бұл халық сайлаған депутаттар мен  құзырлы органдардың қызметкерлерінің өз жұмыстарын мүлдем білмейтіндіктерін, қалыптасқан жайдан бейхабарлығын білдіреді. Олардың жалақылары қарапайым адамдардан әлденеше есе көп. Сонша жалақы алып, өз міндеттерін мүлдем орындамайтын және міндеттерін білмейтін адамдардың қажеті бар ма? Жұмыс істемейтін заң дайындағыш белсенділерді халық алдында жариялап, қызметтерінен шеттету қажет емес пе. Өйткені, ондайлардан еш пайда жоқ, керісінше зиян көп.

Қалкөз Жүсіп.   

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisement -spot_img

Latest