9.6 C
Kokshetau
9.6 C
Kokshetau
Воскресенье, 8 сентября, 2024
Маңызды«Депутат» БИ сайласа, сайласын..! Бірақ «елге іріткі» салмасын!

«Депутат» БИ сайласа, сайласын..! Бірақ «елге іріткі» салмасын!

Бөлісу

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қанжығалы елі,
Қарт Бөгенбай батырдың елі!
Саққұлақ бидің елі!
Әулие, көрегендердің тал бесігі мен жер бесігі атанған атынан айналайын Ерейменнің елі! Басынан бақ таймай, сонау сәбет үкіметінің тұсында да қазақтығынан бір елі ажырамай, со қалпы тұрып едің!
Ақсақалдары батагөй еді,
Қарттары данагөй еді,
Аға буыны алғыр еді.
Сол ізді жалғап келе жатқан алымды да, шалымды аға буын бар. Солардан үлгі, солардан насихат тыңдаймыз. Соларға қарап бой түзеп, ойымызды қалыптастырамыз.

Опыр-топыр болды. «Айхай Ереймен елі «би сайлағалы» жатыр, би сайлайтын топты қақ жарып Ақмола облысының мәслихат депутаты Б. Әкімов бастаған кіл мықтылар, қасқалар, жайсаңдар келе жатыр»,-деген әңгіме желдей есті.

Күншалған ауылы осы депутаттың мандатын кері қайтарсын «мал жаятын жеріміз жоқ» бір өзінің қара басында меншігінде төрт мың гектар жер бар «Аманат» партиясының атына облысқа сайланған азуы алты қарыс депутаттың үстінен күншалғандықтар жан-жаққа үшбу хат емес-арыз хат жазды, «мал жаятын жеріміз жоқ, облыстық депутат барлық жерді бауырына қысып бермей отыр»-деп. Елдің сенген «Аманаты» әу демеді ол хатты оқыды я оқымады. Былқ етпеді. Мыңқ демеді. Көптің сөзі талқы. Көп қаласа хан тағынан түседі деуші еді аталарымыз. Сірә Ақмола облысының «Аманат» партиясының ішінде қазақша білетін, сөз түсінетін ұғатын еш-кім жоқ-ау! деп ұқтық.

Әйтпесе, елді алатайдай бүлдіріп жүрген депутатқа «-Айналайын анау емес, мынау емес дүрдей дүркіреген депутатсың, елдің мал жаятын жерін қызылкөзденіп қызғанба» деп тым құрмаса бір ауыз сөз айтып «мандатын алмаса да» салқын жымиып айтпай ма?! Айтпады. Қалды солай.

Сонымен «би сайлайтын» болды деген соң бардық. Билер инситуты бұрыннан қалыптасқан. Би елдің сөзін сөйлейтін бірлікке шақыратын адамы болуы керек және тұрғылықты. Елде тұруы керек. Ереймен елінен өзімдің ұлт жанашырларын көрмедік. Облыстық мәслихат депутаты Б. Әкімов Президент саясатына қарсы шығып, елді теріс бағытқа үгіттейтін Дүйсен Ербол Құсайынұлы деген Астана қаласының тұрғының алып кепті. Біздің елдің аға буынынан бірен-саран адам ғана бар.

Елді татулыққа шақыруға емес-қайта теріс бағытқа үгіттейтін адамды ертіп жүрген Ақмола облысының мәслихат депутаты Бегім Акимовтың мына қылығын түсінбедік! Әлде «Аманат» партиясының атынан сайланған депутат байлығына сеніп, барына сеніп «маған қарсы кімің бар келетін» деп тұрған шығар!?

Мейілі білсін! Бірақ бізде елміз… Аға буын ақсақалдарымыз бар. Айтары бар жігіттеріміз бар. Осы Ерейментау елінің ішкі тұрақтылығына сеп боп жүрген азаматтарымыз бар. Әрі-беріден соң бұл «би сайлауы» жайлы дұрыс естіген де жоқпыз. Жалпы би боп сайланатын адам елдің құрметті азаматы болуы керек. Ел сөзін тыңдайтын, елді ұйытып, өзіне қарата алатын адамды сайласа хұп дер едік. Бұлар болса ат үсті би сайлап үй ішінен «үй тігіп» елдің ашу-ызасын келтіріп отыр.

«Ереймен елі» қоғамдық бірлестігінің міндетін атқарушы боп жұмыс істеп жүрмін. Менің жасап жатқан тірлігімді біреу білер, біреу білмес. Маған атақ пен даңқтың, мансап пен биліктің қажеті жоқ. Бастысы аталарымыздың аруағы разы боп, Алла жар болса, халқымның ниеті оң болса болғаны. Мені «би сайламай» ақ қойсын. Бірақ неге келіп тұрғылықты азаматтармен ақылдасып алмайды. Әлде облыстық мәслихат депутаты жерді алып, елді сарсаңға салғаны былай тұрсын іштей ірітуді бастады ма!?

Бұған Ақмола облысының мәслихат төрағасы Бейбіт мырза Жүсіпов не дейді екен? Әлде «депутатының» деміне нан пісіртіп, халықты ашындырып осылай қоя бере ме?

Бізде елміз. Енді болмаса бұл мәселені тікелей Президенттін өзіне жазып халықтың мәселесін айтып шағым жазаймыз. «Әділетті Қазақстан» халықты ойыншық қыла қоймас деп сенеміз. Президент саясатын қолдаймыз. Олар сияқты түске дейін бір, түстен кейін мың құбылмаймыз.

Құрметті Бегім мырза! Елді ірітіп бүлдірмеңіз! Алдымен өзіңізді сайлаған халқыңыздың жағдайын жасап, мал жаятын жерді оңтайландырып шешіп беріңіз». Бұл менің өтінішім емес-Күншалған ауылының өтініші, Сізді сайлаған. Әйтпесе мандатыңызды кері қайтарсаңыз тіпті жақсы. Би сайлауы Сізге саясаттың сайлауы емес, өзінің ішкі тәртібі бар екендігін естен шығармаңыз!

Аманжол Апенов,

«Ереймен елі» қоғамдық бірлестігінің төрағасының м.а.

Барлық материалдар ESILNEWS.KZ желілік басылымының және «ESIL-MEDIA» ЖК, сондай - ақ, оның лицензиарларының меншігі. Сайт материалдарын коммерциялық мақсатта толық немесе ішінара көшіруге тек сайт иесінің жазбаша рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.
Жеңіс Оспанов
Жеңіс Оспанов
Ақмола облысы Бурабай ауданының Абылай хан ауылында дүниеге келген. Абылай хан атындағы орта мектепті аяқтап, он тоғыз жасынан бастап баспасөз саласында қызмет атқарып келеді. Өзекті мақалалары әр түрлі деңгейдегі басылым беттерінде Бурабайдың Жеңісі деген атпен жиі жарық көреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Соңғы мақала

Өзге де жаңалықтар