Суббота, 21 декабря, 2024
-9.8 C
Kokshetau

Бурабайдағы «малбазасының» тұрғындары ауыз сусыз отыр

2021 жылы шыққан заң аясында Бурабайдың сұлулығын тамашалап, ауасын жұтуыңыз үшін, Сіз енді «ақы төлеп кіресіз». Көп емес -1036 теңге. Әрине, біреулер үшін бұл ақша емес, бірақ   «қалт-құлт» етіп күн көріп отырған қара халыққа бұл әжептәуір ақша. Курорттық аймақтың дәл былай «ақылы болуы» заңды дейді біреулер.

Иә, болмаса аталмыш заңның шыққаны да екі жылдың көлемінде болған деп жатыр. Демек, күні бүгінгі дейін бурабайлықтар «бұл заңның  күшіне енгендігін білмеген» үгіт-насихат жұмысы жүргізілмеген.  «Группа создана для решения вопроса  с платным проездом в Курротно-Боровскую зону для местных жителей» деген чат группада  мыңға жуық бурабайлықтар отыр.

Әркімнің пікірі әр түрлі. Сірә, Бурабай кентінің тұрғыны болуы керек. Рысты есімді әжеміз ашынып «жазбаша түрде емес, «дауыстық режимде» өкпе назын айтып жатыр.

«Мен тек қазақша сөйлеймін, алдымен өзімнің елім! -деп бастады әжеміз. Мен Бурабайға келін болғалы елу жыл болды. Елу жылдан бері, ел жаңарып, қазан көтерілген жоқ. Талай әкімді көрдік. Талайы кетіп «әр жиналыс» сайын айтатындары құрғақ сөз, бос әңгіме… Бурабайдан ылғи байлар (келімсек шенеуніктер) жер алып, үй салып  тастаған. Қыс бойы  үйсіз жүрген қазақты кіргізіп, жаз бойы оларды қуып шығып, қаңғыртып ала жаздай ақша табады.  Былай тартса да, олай тартса да ұпайлары түгел. Міне Бурабайға талай әкім келді. Келгендері не керек? Елдің көсегесін көгертіп «шыбық басын сындырған жоқ»,  көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, мүгедектер үйсіз жүр. Солардың бірде -бір проблемасын әкімдер шешкен жоқ. Міне мен тұратын «Малбазасында»  ауыз су жоқ. Осыдан жиырма жыл бұрын, аудан әкімінің кім болғаның білмеймін, әйтеуір біреуі  «биыл су тартып», қарқ қыламын деген, одан бері қаншама әкім ауысты. Сол бос сөз. Баяғыда Цой марқұм (құс фабрикасының совет үкіметі тұсында директоры болған)  сол кісі «арнайы водовоз» жіберетін, жап-жақсы «тұщы суы бар» құдық болып еді, оны да жауып тастады,-дейді ашынған әжеміз.

Жаңағы чат группада  Рысты  әжеміз «Бурабай кентінің әкімін сайлағанбыз» осы жерде туды, осы жерде өсті. Осы группада отырған шығар? Мәу деп неге жауап бермейді!-деп күйінді.

«Бурабай көлді жер» деп айқайлап тұратын билбордтағы жазуды оқып, бурабайлықтардың барлығы жаз болса, рақаттанып жағажайда дем алады деп ойламаңыздар. Бурабай төңірегіндегі біраз көлдер «жекеменшікке» өтіп кеткен. Барлық жағажайлар «ақылы». Ал сонымен қатар осы чат группада, Ақмола облысынан сайланған «Халық қалаулылары» қайда екен деп іздеп жатыр.   Сайлау кезінде  үйіп-төгіп уәде беріп еді, енді неге  келіп «ат ізін салып» мұң -мұқтажымызды тыңдамайды дейді бурабайлық тұрғындар.

Суы төменге, кірі легенге, мүрдесі көрге, төресі төрге ұмтылған уақытта бәлкім халық пен биліктің арасындағы «ортақ іске» дәнекер болатын кім бар? Бұны уақыт көрсетер! Бәлкім Президент назарына ілігіп, бір шешімі шығатын  болар!?

Осы топта белсенді азаматтың бірі «Бурабайдағы шлагбаум арқылы» күнде жұмысқа барам. Жеке счётыма күн сайын -1036 теңге келіп жатыр. Отыз күнге есептеңіз. Сонда алатын 180 мың жалақымның отыз мың теңгесін, шлагбаумға төлесем, ар жағында қалай күн көрем деп   қиналып отыр.

PS: Жалпы еліміз бойынша  курорттық аймақ боп саналатын 12 Ұлттық Парк бар екен.  Соның барлығы осы күнге дейін «ақылы» жұмыс істеп жатқан көрінеді. Ал 2021 жылы шыққан заңды, бурабайлықтар неге кеш естіп отыр???

Hot this week

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Topics

Талғардағы оқиға барша қазақстандықтарды алаңдатуда

Қазан айының басында  Алматының іргесіндегі Талғар қаласында  орын алған...

Ресей мен Украинаның арасында бейбіт келісім бола ма?

Украинадағы қанды қырғын соғыстың жүріп жатқанына үш жылдай уақыт...

Бөліп-жарып билеу тәсілі жалғаса бере ме?

Қазақ елі үш ғасырдан астам уақыт Ресейдің боданы болып...

Қазақстан үшін Ресей сенімді әріптес пе?

Күні кеше өткен Ресей президенті Путиннің Қазақстанға іссапарына қатысты...

Апостиль электрондық қызметін қалай жылдам алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа мемлекеттің...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен...

Трамптың билікке келуі Ресейге тиімді ме?

АҚШ-тағы президент сайлауы барша әлем елдерінің назарында болды десек,...

Украина өз ядролық қаруын жасай ма?

Өткен аптада интернеттік ақпарат желілерінде талқыланған ең өзекті мәселе...
spot_img

Related Articles

Popular Categories

spot_imgspot_img