-16.4 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар«Бурабай» МҰТП аумағында «BURABAY ICE - 2026» халықаралық жарысы өтті

«Бурабай» МҰТП аумағында «BURABAY ICE — 2026» халықаралық жарысы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

14 ақпанда Бурабай курортында Қазақстан өңірлерінен, сондай-ақ алыс және жақын шетелдерден келген трейлраннинг әуесқойларын біріктірген «BURABAY ICE — 2026» халықаралық мұз үстіндегі жүгіру жарысы өтті.

11 елден — Канада, Жапония, Перу, Швейцария, Косово және басқа мемлекеттерден келген 700-ден астам қатысушы қысқы курорттың ерекше атмосферасын сезініп, өз күштерін сынау үшін Бурабай көлі мұзына шықты.

Іс-шараның негізгі мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау және туристтердің Ақмола облысына деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шараны Ақмола облысы туризм басқармасының, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және өзге де серіктестердің қолдауымен «Экстремалдық Атлетика» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Жарыс 7 км, 14 км және 21 км қашықтықтар бойынша өтті. Сонымен қатар 7 км қашықтыққа скандинавиялық жүріс бойынша жарыс ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша 21 шақырым қашықтықта ерлер арасында Жамбыл облысы, Мерке қаласының тұрғыны Еркебай Әкім 1 сағат 42 минут нәтижемен жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында Дана Айдосова 2 сағат 4 минут уақыт көрсетіп, үздік нәтиже көрсетті.

14 шақырым қашықтықта ерлер арасында Жомарт Кұмақбаев 1 сағат 6 минут нәтижемен бірінші орынды иеленді. Әйелдер арасында Флорида Минянова 1 сағат 27 минут уақытпен жеңімпаз атанды.

7 шақырым қашықтықта ерлер арасында Денис Степаненко 32 минутта мәреге бірінші болып жетті. Әйелдер арасында Алена Маймескулова 42 минут нәтижемен жеңіске жетті.

«Ақмола облысының Туризм басқармасы маусымаралық кезеңде осындай ауқымды іс-шараларды белсенді түрде қолдап, бастамашы болып келеді. Бұл оқиғалы туризмді дамытуға, шетелдік қонақтарды тартуға және өңірдің халықаралық аренадағы оң имиджін нығайтуға ықпал етеді», — деп атап өтті Ақмола облысының Туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз