-12.4 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарБір қоңырау – 7,6 миллион теңге: Көкшетауда оқытушы алаяқтардың құрбаны болды

Бір қоңырау – 7,6 миллион теңге: Көкшетауда оқытушы алаяқтардың құрбаны болды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қаласында ірі интернет-алаяқтық дерегі тіркелді. Қаскөйлердің құрбаны – қаланың жоғары оқу орындарының бірінің оқытушысы. Келтірілген залал көлемі 7,6 миллион теңгеден асты.

Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, арыз 19 ақпанда түскен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Алдын ала деректерге сәйкес, ай басында жәбірленушіге өзін оқу орнының заңгері ретінде таныстырған белгісіз адам хабарласқан. Ол «жеке ісіне күштік құрылымдардың қызығушылық танытып отырғанын» айтып, жақын арада қосымша хабарласу болатынын жеткізген.

Кейіннен әйелге кең тараған алаяқтық схема бойынша әрекет еткен адамдар қоңырау шала бастаған. Олар тексеру жүргізіліп жатқанын және «қаражаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» қажеттігін алға тартып, барлық нұсқауларды қатаң орындауды әрі бұл туралы ешкімге айтпауды талап еткен.

Психологиялық қысымға бой алдырған оқытушы екі банкте несие рәсімдеп, алтын бұйымдарын ломбардқа тапсырған. Түскен қаражат белгісіз шоттарға аударылған. Жалпы шығын көлемі 7,6 миллион теңгеден асқан.

Полиция қызметкерлері банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері азаматтардан несие алуды немесе қаражатты «қауіпсіз шоттарға» аударуды талап етпейтінін еске салады. Сондай-ақ ресми құрылымдар телефон арқылы SMS-кодтарды, банк карталарының деректерін және жеке мәліметтерді сұратпайды.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды қырағылық танытуға шақырады. Егер белгісіз тұлғалар шұғыл әрекет етуді талап етіп, әңгімені құпия ұстауды сұраса және қаржылық операциялар жасауға көндірсе, мұндай сөйлесуді дереу тоқтатып, полицияға жүгіну қажет.

Мамандардың айтуынша, қазіргі алаяқтар техникалық тәсілдерден гөрі психологиялық ықпал ету әдістерін жиі қолданады. Сондықтан сындарлы ойлау мен сақтық – мұндай қылмыстардан қорғанудың басты тетігі.

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз