4.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАтбасар қаласын Колчак басқыншыларынан азат еткеніне-100 жыл

Атбасар қаласын Колчак басқыншыларынан азат еткеніне-100 жыл

Сондай-ақ, оқыңыз...

1918 жылдың мамырында жергілікті кеңес үкіметін құлатып адмирал  Колчак Сібірді басып алады. Приморск республикасын жариялайды. Сонымен бірге Қазақстанның солтүстік өңірлерін жаулап алған еді.

Оның құрамына  Ақмола, Қостанай, Көкшетау, Атбасар, Петропавловск  қалалары мен Торғай өңірінің кейбір аймақтары кірді. Басып алған жерлерінде ақ гвардияшылар коммунистер мен оның белсенді мүшелерін аяусыз жазалайды. Тұтқынға түскен большевиктерді дарға асып, атып  тіпті отқа тірідей өртейді.

Солардың ішінде Атбасар уезінде кеңес үкіметін орнатушылардың бірі Әділбек Майкөтов бар еді. Ол туралы Семейден шығатын «Сарыарқа» газеті: «Ұсталған қазақ большевиктері қамауға алынды. Омбы облыстық абақтысына Көлбай Төленгітұлы, Ермұхамед Тоңбайұлы, Атбасар түрмесіне Әділбек Майкөтұлы қамалды…» деп жазады. (1919 жыл, №56).

1919 жылы маусым айының 20-сы күні Совдеп мүшелері Әділбек Майкөтов, Дмитрий Солонов және Мойнақ көтерілісіне қатысушылар Иван Лозицкий, Поликарпа Швачкина, Трофим Лучко тағыда басқа қызылдардың бірнеше адамдарын  ақтар атып тастайды. Олардың мүрделерін қазіргі қазақ орта мектебі тұрған жерге ор қазып көмеді.

Сол жылдың қарашасында ақтар жеңіліп Атбасар қаласы азат етілген соң қаза тапқан марқұмдардың денесі бауырластар зиратына қайтадан жерленеді. Басына ескерткіш орнатылады. Тақтаға  есімдері  жазылады.

Ал, 1920 жылдың қаңтарында Колчак армиясы толықтай талқандалады. «Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» деген. Кеңес үкіметі тұсында қараша айында Атбасардың азат етілген күнін қала тұрғындары атап өтетін. Қазіргі таңда мұның бәрі ұмытыла бастады…

Темірбек ҚАСЫМЖАНОВ, өлкетанушы (Атбасар қаласы, қараша айы, 2019 жыл). (Сурет 1969 жылы түсірілген. Фотосуретші Михаил Резниковтың (1911-1984) жеке архивінен алынды)

 

 

spot_imgspot_img
- Жарнама -spot_img
Мәселе
- Жарнама -spot_img
Бүкіл мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз