Қоянды ауылында дұрыс жабылмаған құдыққа бір жасөспірім бала түсіп кетті. Абырой болғанда, оқиға куәгерлері дер кезінде көмек көрсетіп, баланы шығарып алған, деп хабарлайды Esilnews.kz тілшісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл — бірінші жағдай емес. «Әкімдікке айтқанмен, ешкім мән бермейді. Балалар мектепке осы жолмен жүреді, күн сайын қорқамыз», — дейді тұрғын Ермұхамбет Ахунов.
Қазір ашық құдықтардың орнын адамдар өздері ескі шиналармен жауып жүр. Ал Көкшетаудағы Сабатаев көшесінде асфальт төсегеннен кейін қираған қақпақтар сол күйі қалпына келтірілмей тұр.
Қар жауған сайын қауіп күшейіп барады.
Балалар мен тұрғындардың өмірі — салғырттықтың құрбаны болмауы керек!






