Өнертапқыш қазіргі қоғамның қозғаушы күші десе болады. Олар тапқан өнер және ғылым жаңалықтары өмірімізді жеңілдетіп, өндірісті дамытуға үлкен серпін береді. Өнертапқыш тапқан жаңалықты заңдастыру, оған патент алу мәселесін екінің бірі біле қоймайды. Міне, соның тәртібі жайында баяндамақпыз.
Арнайы білімсіз жасалмайтын өнертабыстар бар, бірақ техникада ешқашан жұмыс істемегендерге де түсінікті қарапайым өнертабыстар бар. Әділдік үшін айта кету керек, ойға келгеннің бәрін патенттеуге тырысудың қажеті жоқ. Ең алдымен, өнертабыстар қоғамға пайдалы болуы керек, сондықтан осыны баса көрсетуге тырысыңыз. Айналадағы заттарды мұқият қараңыз, олардан қандай кемшіліктерді байқадыңыз? Стандартты емес ойлауды қолданыңыз, содан кейін сіз осы кемшіліктерді жоюға көмектесетін жолды таба аласыз. Шешімді тапқаннан кейін оны қағазға жазуды ұмытпаңыз.
Бірінші қадам аяқталды, оны ойлап табу жеткіліксіз, енді сіз оны өмірге әкеліп, жасалған өнертабысқа құқықтарыңызды талап етуіңіз керек. Қазақстан Республикасының Патент заңының 6-бабының 2-тармағына сәйкес өнiмге (құрылғыға, затқа, микроорганизмнiң штаммына, өсiмдiктер немесе хайуанаттар клеткаларының көбеюiне), әдiске (материалдық объектiмен iс-әрекеттi материалдық құралдардың көмегiмен жүзеге асыру процесiне), сондай-ақ белгiлi өнiмдi немесе әдiстi жаңа мақсатта немесе жаңа өнiмдi белгiлi бiр мақсатта қолдануға жататын кез келген саладағы техникалық шешiмдер өнертабыс ретiнде қорғалады.
Егер жаңа, өнертабыстық деңгейге жеткен әрi өнеркәсiпте қолдануға жарамды болса, өнертабысқа құқықтық қорғау берiледi. Өнертабысқа құқық Қазақстан Республикасы Патент заңына сәйкес жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша берілетін патентпен қорғалады. Өнертабысқа патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi.
Патент өнеркәсіптік меншік объектісіне басымдықты, авторлықты және айрықша құқықты куәландырады. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы қолданылады.
Қолданылуы үшін Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар алу талап етілетін дәрілік затқа, пестицидке жататын өнертабысқа қатысты айрықша құқықтың және осы құқықты куәландыратын патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушiнiң өтiнiшхаты бойынша, бiрақ бес жылдан аспайтындай етіп ұзартылуы мүмкiн.
Көрсетілген мерзім бес жыл шегеріле отырып, өнертабысқа патент беруге өтінім берілген күннен бастап өнертабысты қолдануға алғаш рұқсат алынған күнге дейінгі өткен уақытқа ұзартылады.
Егер сіз өнертапқыш болғыңыз келсе, айналаңыздағы барлық нәрселерге мұқият қараңыз, кемшіліктерді анықтауға және оларды стандартты емес жолмен жоюға тырысыңыз.
Қ.Сандыбай,
Ақмола облысы әділет департаменті
зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы







