Ақмола облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында ауқымды экологиялық іс-шара өтті. Шараны Ақмола облыстық «Ассамблея жастары» РҚБ мен ЮНИСЕФ волонтерлік ұйымы бірлесе ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғауды насихаттау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда тазалыққа жауапкершілікті арттыру.
Қатысушылар «Достық үйі» аумағын тазалап, қоғамдық орындарды ретке келтірді. Сонымен қатар, табиғатты аялаудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындар мен жастар арасында экологиялық сананы арттыруға бағытталған түрлі белсенділіктер ұйымдастырылды.
Мұнымен қатар, еріктілік қызметтің маңыздылығы кеңінен насихатталып, жастарды қоғамға пайдалы қызметке тартудың тиімді жолдары қарастырылды. Шара соңында ұйымдастырушылар жастардың белсенділігін жоғары бағалап, алдағы уақытта осындай бастамаларды жүйелі түрде жалғастыру жоспарланғанын атап өтті.
Ақмола облысындағы бұл бастама – экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі болып отыр.








