15.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарЖас келсе іске

Жас келсе іске

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көшербай Әнуар Майрамбайұлы деген ініміз хабарласты, қалам тартып жүр екен, қолына қалам ұстаған тілші болсам дейді. Аузына Алла ақ сөз салсын. Алғашқы тырнақ алды дүниелерін оқып шықтық. Жазары көп болсын! Мақала жазып талпынып жатқан Әнуар бауырымыздың қаламға икемі бар екендігін аяқ алысынан байқадық.

Жасыратыны жоқ қазіргі журналистика саласының бағыты мен бағдары өзгерді. Өсек, бос сөз, құр әңгімеден аяқ алып жүре алмай қалдық. Ұлттық құндылықты дәріптейтін жастардың өскендігін қалаймыз. Әнуарды көріп қуанып қалдық. Жас қой. Әлі де ортаға ой салатын мықты жорналшы болады деген үмітіміз бар.

Атақты Біржан сал бабамыз туған жерде, жүрген жерден Әнуардай бауырымыздың шыққанына қуанып отырмыз. Қаламын мұқалмасын! Шап… Қырандай қалықта, қырғидай іліп түс, құлагердей қыр асып ел-жұртыңыздың мақтанышы бол!..

spot_img
spot_img
Мәселе
spot_img
Барлық мақалалар

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз