Елімізде жыл басынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 20,1% қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар өткен аптада – 0,2%, ай басынан – 0,5%, жыл басынан 20,1% өсті. Жылдық мәнде 19,6% қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайыздық тармаққа жоғары», – делінген мәліметте.
Статистика дерегіне сүйенсек, өткен аптада арзандады:- пияз – 2,6%;- сәбіз – 1,7%;- картоп – 0,9%Өткен аптада қымбаттады:- жұмыртқа, І категория – 1,9%Қазақстан бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2022 жылғы 18 қазандағы жағдай бойынша):- қарақұмық – 524 тг/кг;- картоп – 152 тг/кг;- айран, 2,5% – 345 тг/л.
Айта кетейік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.