Қазақстан Журналистер одағы Ақмола облыстық филиалының жетекшісі Бақыт Смағұл өзінен Бурабай аудандық «Бурабай» газетінің редакторы, журналист Жеңіс Оспановтың басшылар тарапынан қысымға ұшырап жатқанын, соған орай араша болуды сұрап хат жазғаны туралы әлеуметтік желіде жариялады. Жеңіс Оспановтың қысым көруіне себеп болған жай, осыдан бұрын Сандықтау аудандық «Аманат» партиясының жетекшісі Л.Ловягина туралы жазған мақаласы екен.
Еске сала кетейік, екі аптадай уақыт бұрын әлеуметтік желілерде Сандықтау ауданы «Аманат» партиясының жетекшісі Л.Ловягинаның бір басқосуда 1986 жылы наразылыққа шыққан желтоқсаншыларды террористер деп айыптағаны жайынадғы видео жарияланған еді. Ұлт-азаттық қозғалыс батырлары атап жүрген желтоқсаншыларды кеңес заманындағы коммунистер таққан айыппен террорист деп атаған Жаңа Қазақстан құрамыз деп желпініп жүрген жетекші партияның аудандық филиалының жетекшісінің мына қылығы туралы дер кезінде хабар таратқан осы журналист Жеңіс Оспанов болатын. Феисбук, Инстаграм сияқты желілерде түрлі тақырыптағы өткір материалдарымен елге танылған блогердің бұл жазбасы сол тұста жұртшылық тарапынан үлкен пікір туғызған еді. Содан көп ұзамай Ловягина «жаздым-жаңылдым» деп халықтан кешірім сұрап, видеосын интернетте жариялады. Кейінірек жұртшылықтың қысымымен ол партия жетекшісі қызметінен кетті. Сөйтіп, іс осымен аяқталған сияқты еді. Бірақ, олай болмай шықты. Сандықтау ауданының әкім-қаралары өз әріптестерін қызметтен кетірген журналисті кешірмепті.
Журналист Бақыт Смағұл Фейсбуктегі жазбасында бұл іске Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков кінәлі дегенді айтады. Сандықтау ауданы әкімінің Бурабай ауданында қызмет ететін Жеңіс Оспановқа әмірі жүрмейтіні белгілі. Соған орай ол Бурабай ауданының басшысына базына айтса керек. «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дегендей, Бурабай ауданының әкімшілігі де әріптесінің сөзін жерге тастамай, аудандық газеттің редакторына қысым жасай бастаған. «Егер әлеуметтік желілердегі Логявина туралы жазбаларыңды алып тастамасаң, қызметіңнен кетесің» дегенді айтыпты. Бұл енді ашық бопсалау.
Бурабай ауданының әкімі биыл көктемде аудандық ономастика ұйымының басшысының Щучинск қаласындағы бірқатар көшелерді қазақыландыру туралы ұсынысына мұндай ұсақ-түйекпен айналысатын уақыт жоқ, қаланың басқа проблемаларын шешу қажет деп бетін қайтарып тастағаны жайында сол тұста әлеуметтік желілерде үлкен шу туғызған видео жарияланған болатын. Ұлты қазақ, тілі орыс әкімнің көше атауларын қазақыландыруға қарсы шығуы жұртшылықтың ашуын туғызған еді. Міне, сол әкім енді желтоқсаншыларға қара күйе жаққан шенеунікті қорғап, журналистке қысым жасауда.
Қазақстан Журналистер одағы облыстық филиалының жетекшісі Бақыт Смағұл журналист Жеңіс Оспановты әкімдердің талауына бермейміз, араша түсеміз деп отыр. Осы орайда, қалам ұстаған журналистер ғана емес, жалпы ұлтжанды азаматтар түгел бұл мәселеден сырт қалмай, журналисті қорғауға атсалыспаса, ертең есірген әкім қаралар сәл аузын ашқаны үшін журналистерді қуғынға ұшыратып, ойларына келгенді жасауы мүмкін.
Өңкей жағымпаздар енді жабылып Жениске ауыстыңдар ма? Кезінде «НұрОтанга»барып шеше алмаған дүниемізді Жеңіске барғанда, кәсіпкерлерге звандап, таныстарына звандап осы Жеңіс көмектескен. Осы қалада Әскер деген жігіттің жағдайы ауыр деп «Харекет корына шығып үй алуға септескин Женис.
Бір ауылда жылаған анаға орадман деп жұмыска алмаганда жумыска да алгызган
Женистін колында болмай тур әйтпесе талайына комектесип жур. Сендерге барсак отірік сөзбен алдап шыгарып саласындар. Осыдан Женистин бір тал шашы туссин ренжимендер. Женистин ози де жетисип журген жок. Акиматты коршап алып отырсындар темир шарбакпен.
Ойнайтын бала отпен ойнайды. Жеңіске звандадым. Қалың қалай деп. Жақсы деді.
Мынаны оқып сұрап едім.
А. Қояды ғой. Қойды ғой деп күлді. Қазақтың кең даласына Жеңістей азаматтар керек.
Әкімдер немене келіп кететін уақытша адамдар ғой. Ал Жеңіс сол елде қалатын азамат. Екі әкім. Ауданға әкім шығар. Президентке әкім емес. Бұл мәселені Президентке айтуымыз керек.
Сандықтаудың әкімі нағыздың өзі екен. Бурабайдың да әкімі шулатқан. Бұл мәселені Президентке жібердік хат жазып. Алдағы уақытта бір шешімі шығып қалар.
Ал Оспановқа тиісіп жатса, онда әңгіме басқа болады.
Жетіскен екен! Жетістірген екен. Жеңіс көп мәселені көтеріп жүр. Көбіне халықтың, елдің мәселесін айтады.
Осы қысым жасап, жүйкесін жұқартқаны үшін барлық БАҚ-ы Мәулен Әшімбаевқа, Ерлан Қошановқа, Әлихан Смайыловқа хат жолдап отырмыз. Кешегі прокурордың «ит» дегені бар.
Көкшетаудағы облыс әкімі мына шаруаңы қолға алмаса, арты үлкен дау болады. Сөз бостандығы деген заңда анық айтылған.
Ашумен жазамын деп пікірімді орыс штрифпен кетіп қалыпты. Жеңіс елдің азаматы
Жеңіс ініміз Аблайхан ауылының тумасы. Ол барлық қазақтарға қамқор болып жүреді. Қаншама жыл Бурабай газетінде редакторлық қызмет атқарып жүрседе , әлі ИО болып қана отыр. Аудан басшылары әдейі солай істеп отыр.
Бурабай ауданы таза орыс ауданы, биыл Бурабайға барғанда көрдім. Орысша атаудан арылмаған аудан екен.