Әріптесіміз, белгілі журналист Жеңіс Оспанов бүгін мамырдың 9-да 39 жасқа толып отыр. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап «Бурабай» аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып еңбек жолын бастаған ол қазірі таңда сол газеттің бас редакторы қызметінде.
Жиырма жылға жуық уақытын баспасөз саласына арнаған тілшінің руханият саласындағы сөз өнерімен өрнектеген ой еңбегінің жемістері облыстық, республикалық басылым беттерінде жиі жарияланып тұрады.
Жақсы атаға лайық ұл болып қана қоймай ұлтын сүйген ұлағат иесі екендігін толымды мақалаларымен таныта білген ол бүгінгі күні EsilNews желілік басылымында да өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Сонымен бірге, тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялауда.
Жеңіс Серікбайұлына алда да амандық пен саулық, отбасына құт-береке, шығармашылық шабыт, мол табыстар тілейміз. Жадағай шалалықты жасырмайтын, баянсыз беделге бас ұрмайтын қазақтың мықты журналисті болуға жассын!
Ізгі тілекпен, «EsilNews» ЖБ сайтының редакциясы.