-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Желтоқсандықтарды «террорист» деген Ловягинаның соты басталды

Өңірлер тынысыАқмола облысыЖелтоқсандықтарды «террорист» деген Ловягинаның соты басталды

Еліміз бойынша желтоқсандық ардагерлерді «террорист»  деп пікірін айтқан Ақмола облысына қарасты Сандықтау ауданының «Аманат» партиясының эксбасшысы  Л.Ловягинаның бүгін соты басталды. Ал желтоқсандықтардың ар-намысын қорғап жүрген, желтоқсаншы заңгер Ә.Алмабаевтың айтуынша, сот отырысы кейінге қалдырылып отыр.

«Сот отырысы онлайн форматта қаңтардың оныншы жұлдызы күні болуы керек еді, бірақ Л.Ловягинаның қорғаушысы келмеуіне байланысты, сот кері шегерілді, бұл кіріспе сот, қорытынды  сот қаңтар айының 16-17 күндері офлайн форматта өтеді», – деп жауап берді хабарласқанымызда заңгер.

Сандықтау ауданындағы «Аманат» партиясының эксбасшысының 1986 жылы бейбіт алаңға шыққан жастарды террорист дегені туралы алғашқы рет «Бурабайдың Жеңісі» деген Фейсбук парақшасымен танымал Жеңіс Оспанов, өзінің парақшасына жариялап, қоғамдық резонанс туған болатын.

Лариса Ловягина Сандықтау ауданында мемлекеттік қызметтерді атқарған, еңбек өтілі көп маман екен. Ал бір қызығы желтоқсандық ардагерлер Сандықтау ауданының сотына арызды мемлекеттік тілде бергендіктен, сот тілмәш арқылы өтіп жатқандығын еске саламыз.

Сондай-ақ, оқыңыз...

1 Пікір

  1. Осы ауданның әкімі ә деп аузын ашпай отыр. Аудан түгілі, ауылға әкім бола алмайтын жігітті қайдан тауып алған. Экономикасы әлсіреген аудан. Қазақ тілінде бірде -бір жиыны, жиналысы өтпейді. Бір қызығы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы басқа ұлттан. Тілдің дамымай жатқандығы осыдан.
    Астанадағы басшыларға айтып хат жаздым. Жауабын күтіп отырмын. Болмаса өзім барамын әкіміне. Тілдерді дамыту бөлімінің бастығына қазақша бірер сұрақ қоямын

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар