-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға мәртебе берілсе екен

Басты жаңалықЖелтоқсан оқиғасына қатысқандарға мәртебе берілсе екен

Бүгін Тәуелсіздік мерекесі. Он алтыншы желтоқсан. Қазақ халқы үшін азалы күн, қаралы күн.  Сонау жылы Кенесары атқа қонып, орыс империясына қарсы азаттық үшін күресіп, жеке басының қамынан елінің біртұтастығы мүддесін жоғары қойды. Кейін, араға ғасырлар салып, 1986 жылы Қазақ жастары мызғымай тұрған Одаққа қарсы шықты. Одақ күйреп, шаңырағы ортасына түсті. Одақтың бұлбұлдарының ұлы мақсаты жай әншейін елеске, құр дақпыртқа айналды.

Менің бір көпті көрген ағам айтады:

– Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздікті жариялаған күні, парторг жездем еңіреп тұрып жылап, өкіріп тұрып байбалам салған. Горбачевты боқтады, «сатқын» деді, «тыңшы» деді. Сол жездем әлі күнге дейін орыс империясын аңсап, он алтыншы желтоқсан күні бір шишасын алып, гөй-гөйлеп отырады, – деп ыза болады.

Суретте: Жанат Қасым.

Қазақтың мыңдаған жастары он алтыншы желтоқсанда  қасірет тартып таяқ жеді, оқудан шықты, азап көрді. Мен білетін көкшетаулық жігіттердің бірі мысалы қазір Абылай хан ауылында тұрып жатқан Жанат Қасым. Бестөбелік Дәуренбек Тегжанов, Қарлыкөл ауылының тұрғыны Төлеген Ерденов, Алматыда қаза тауып мәйітін Зеренді ауданына қарасты Ортақ ауылына әкеліп жерлеген батыр қыз Бақыт Махамбетова.

Бұл Желтоқсан оқиғасы жалғыз Алматыда ғана болған жоқ, Алматыдан басталған дүрбелең  еліміздің барлық қалаларында байқалды.

Қазіргі күні қасіретті желтоқсанда таяқ жеген, оқудан шыққан жігіттердің барлығы әлі күнге дейін мәртебесін ала-алмай жүр. Тіпті кейбіреулерінің басында баспанада жоқ,  жұмыссыз.

Ал оларды қудалап, ұрып-соққандардың мүйізі сынып, мұрны да қанаған жоқ. Көрбейнетті көріп егемендікті  алып берген жігіттер мен қыздардың еңбегі еш болғандай осы күні.

Империяны құлатқан желтоқсаншы азаматтарды һәм аға, апаларымды мерекелерімен құттықтаймын!

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар