Ұлы Отан соғысына 9783 ақмолалық аттанып, оның 7414 от құшағынан оралмаған. Ақмолалықтардан Кеңес Одағының Батыры атағымен 47, жауынгерлік «Даңқ» орденнің үш дәрежесімен 7 жауынгер сыйланған. Бүгінгі күні, яғни 2023 жылдың 1 сәуіріндегі дерек бойынша өңірде сегіз соғыс ардагері өмір сүріп жатыр. Оларға жеңіс күніне орай бір ардагерге 1,5 млн тенге бір реткі көмек берілмекші екен.
Ақмола және орталық, солтүстік облыстардан 1941 жылы 29, 310, 387 –атқыштар, 106 атты әскер дивизиялары жасақталыпты.
387 –дивизия Сталинградты қорғап, генерал-фельдмаршал Манштейннің атақты «Дон» құрмасын талқандауға қатысады. 29-атқыштар дивизиясы фельдмаршал Паулюстың құрамасымен соғысып, 1943 жылы қаңтардың 10-31 аралығында жаудың 52 мың солдатын жойып, 13 мың адамы және 2 генералын тұтқындаған. Дивизия Румыния, Трансильания, Венгерия, Австрия, Чехославакияны азат етуге қатысқан.
Осы әскери құрамалар сапында соғысқа қатысып ерен ерлік көрсеткен Ақмолалық батырлар туралы «Ұлы жеңістің 78 жылдығына орай «Ерлігі аңыз, өмірі дастан , есімі естен кетпес батырлар» – тақырыбында сыр шертетін боламыз.
Рейхстагқа ту тікен Рахымжан Қошқарбаев

Соғыста ақырына жетіп. Фашистердің соңғы демі Рейхстагтың көк түтінге оранған биік мұнарасына ғана тіреліп тұрды. Жау ақырғы тұяқ серпілісін жасап жанталасқан кез. Әр майдангердің кешегі арманы соғыстан еліне аман қайту болса, бүгінгісі қайтседе елден ерек шығып Рейхстагқа жеңіс туын желбірету болды. Міне осы көптің арманын қазақтың кеудесін оққа тосқан қазақтың қайсар, өжет ұлы Рахымжан бірінші болып орындап кетті.
Соғыстың дала күнделігінде:- Қызыл Армияның 150 атқыштар дивизиясы, 674 атқыштар полкінің лейтананты Р. Қошқарваев және сарбаз Г. Булотав Рейхстаг ғимратының ортаңғы бөлігінің бас қақпасына 1945 жылы сәуірдің 30 күні 14 сағат 25 минутында қызыл жалау тікті-деп таңбаланған. Жалауға ту тігушілер: « 74 полк, 1 б-н. Л-т Кошкарбаев, қызыл әскер Булотав» -деп, аты жөнін жазады. Полк командирлері бұл екеуінің ерлігін жоғары бағалап Кеңес Одағының батыр атағына ұсынады. Бірақ шовонистер оларды ұсақ ұлтқа балап «Қызыл ту» орденімен шектейді. Рахымжан ағамыз соғыстан кейін Алма-Ата ресторанында басшы болды. Батырға Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылығы 7 мамырдағы жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Дұғасы қорғаған- даңқты ұшқыш Талғат Бигельдинов

Қазақстан Республикасының авияация генерал-майоры Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов 1922 жылы Май-балық ауылында дүниеге келген. Талғат Саратовпен Оренбург соғы авиация училищесін тауысып, 1943 жылдың қаңтарында Калинин фронтының 296 дивизиясы, 800 полкінің Ил-2 ұшағына ұшқыш болып соғысқа кіріседі.
Ол әуе соғысына 200 рет қатысқаны үшін 1944 жылдың 26 қазанында Кеңес Одағының батыры атағын бірінші мәрте, 305 реттен көп ұшып , көк жүзінде 500 сағаттан артық атой салып 1945 жылы 27 маусымда екінші рет алады. Егер 330 рет шабуылға шыққанда, үшінші мәрте Кеңес Одағының батыры атағы берілер еді..
Фашистер Талғат мінген ұшақты « қара ажал» атаған. Талғат аға сонда 23 жаста екен. Батыр аға соғыс жолын 1945 жылдың 24 маусымдағы жеңіс парадымен аяқтайды. Ол аспанға көтерілген сайын әжем үйреткен «Ләә хаула уә ләә қууата иллә билләәһил ъалийл ъазиим. Машаа алллаһу кәәна уә мәә ләм яша’ ләм укян. Әл-имәәну иқрарун бил-лисаани уә тасдииқун бил қалби, би мәә жәә-а биһи мин ъиндилләәһи. Мухаммадун расулуллаһ саллаллааһу әлайһи уә салам» дұғасын 305 рет айттым деген екен. .
Әуе соғыс акеадемиясын 1950 жылы бітіріп, Кеңес одағының Қарулы күшінде қызмет еткен. 1956 жылы «МиГ» әскери ұшағын сынап жүріп, апатқа ұшырап, денсаулығына байланысты запасқа шығады.
Батыр аға «Илдер шабулдайды», «305» және «Әуедегі қорғаныс» кітаптарының авторы. Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар мектебіне батырдың есімі берілген. Көкшетау қаласында 2000 жылы ескерткіші орнатылды.
2014 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.
Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов

Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманының № 1 иегері Сағадат Нұрмағамбетұлы Ақмола, облысының Қосым ауылында дүниеге келген. Әскер қатарына 1942 жылы рота, батольон басқарған. Пенде болғанның өзіне тән арманы болады. Сағадат ағаныңда арманы жасында география және тарих пәннің мұғалімі болу екен.
Бірақ тағдыр балаға емес, жастарға, кемеліне келгендерге ұстаз болуды жазыпты. Қатардағы сарбаздан, армия генаралына дейін өсті… Ол Берлинге жасы 20 сәл асқан комбат болып кіреді. Батьлон 4 рота және артилериялық батерея, шаруашылық взводын қамтыған 300 адамнан тұрады. Айтуға оңай, көзге елестетіп көріңіз. Өзі соғыс кезі болса…Ойлауға минут, шешімге секундт жетпейтін кез.
Кеңес Одағының батыры атағын фашистердің орасан көп күші шоғырланған Польшаның Выборув селосын азат ету шайқасында пулеметшылар ротасын басқарып кіріп, ерен ерлік көрсеткені үшін алған. Сағадат батырдың есімі Астанадағы « Жас ұлан» әскери мектепке берілген. Өзінің туған жері Ақкөл ауданында мұражайы бар. Сағадат Қожахметұлы өмір бойы адалдықпен ар-ожданның құлы болып, елдік намысты жоғары ұстаған қазақтың рухы асқақ ұлдарының бірі.
Батыр, ғалым Мәлік Ғабдуллин

Ерлік ақылмен, ақыл санамен келеді. Санаңыз жетілсе – ғалым. Ерлік пен ақыл ұштасса батыр боласыз. Міне тең тастаған тұлпар дың төрт тағанындай батырлық пен ғалымдықты бойына жиған қазақтың бір туар ұлдарының бірі Мәлік. Мәлік 1915 жылдың 15 қарашасында Ақмола облысының Зеренді ауданы Қойсалған ауылында дүниеге келген. Мәлік аға 1941 жылы Алматыда жасақталға атақты И. Панфилов бастаған екпінді 8-ші дивизиясында, политрук, полк комиссары болып соғысқа қатысты. Москваны қорғағаны үшін «Қызыл жұлдыз» « Қызыл ту» ордені 1943 жылы асқан ерлігі үшін Кеңес одағының батыры атағын алған.
Қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет зертеушісі, филология ғылымдарының докторы, КСРО Педогика Ғылым академиясының академигі, еңбек сіңірген ғалым қайраткері…
Көкшетау қаласында батырдың ескерткіші және мұражайы бар. Сонымен бірге, болашақ өрт сөндірушілерді даярлайтын Көкшетау техникалық институты Азаматтық қорғау академиясы болып өзгертіліп, оған Мәлік Ғабдуллинің есімі берілді.
«Жас қазақ» әнінің авторы Рамазан Елебаев

Ұлы Отан соғысында 425 мың қазақ опат болыпты. Соның біріде, бір егейі 21 жасар Кеңес Одағының батыры Төлеген Тоқтаров. Ол ішінен жаралансада, ішегін сүйретіп жүріп, жекпе жекте неміс офицерін ұрып жыққан жүрек
жұтқан батыр еді. Төлеген досының қаһарман ерлігіне бас иген майдандасы Рамазан Елебаев «Жас қабірдің басында» деген ән арнаған. Бұл әннің сөзін кейін жазушы Ғ.Мұстафин өңдеп «Жас қазақ» деп атады. Әнші, компазитор Р. Елебаев Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы «Құдық ағаш» ауылының тумасы. Осы ауылда батыр атында мектеп бар. Ол 1910 жылы туып, 1943 жылы Ресейдің Псков облысының жерінде ерлікпен қаза болған. Атақты 8- екпінді гвардиялық панфилов дивизиясының жауынгері. Екі реткі соғыс қызыл ту орденнің иегері. Өмірден жас кетседе, өшпестей із қалдырып «Жас қазазақ» «Бақыт жолында» және «Талғар полкның маршы» әндерін жазған.
Оқ боратқыш «Катюша»-ның командирі Ақтан Төлебаев

Ақмолалық өрендердің арасында жауға аждақадай тиіскен, атақты от боратқыш «Катюшалар» батерясын басқарған, өз ісінің білгірі, техникаға алғыр қазақ офицері майор Ақтан Төлебаев есімді жас командир болғанын біреу білсе, біреу білмес. «Катюша» атанған оқ боратқыш, оқ тұмсық алғашқы кезде Кеңес одағының бас қолбасшысы В. Сталиннің жеке резервінде, өте құпия, қажетті жағдайда ғана соғысқа кіріскені белгілі. А. Төлебаев соғыс аяқталар алдында Польшада өткен Кеңес әскерлері құрамасының ең таңдаулы артеллерия бөлімшелерінің байқауына қатысады. Маршал Қонаевтың ұтымды сұрақтарына, дәлме дәл ұтқыр жауап беріп, стратегиямен тактиканы мүлтіксіз ұштастырған офицерлік алғырлықтың үлгісін көрсетеді. Қазақ офицерінің осы бейнесі Маршал Қонаевтың көкейінде сақталып қалса керек. Соғыстан кейін Кремьлдің Съездер сарайында А. Төлебаев маршал Қонаевқа кезігіп, әскери ғұрыппен сәлем береді. Маршал офицерін бірден танып, «Жеңісті әкелген өрендерім»-деп арқасынан қағып, көпшіліктің алдында мерейін көтереді.
Бұл ақмолалық өрендердің ерлігінің бір парасы ғана… Айтылмаған, жазыл маған өрендер қаншама. Ерлігін тек «Аллаһ» қана біліп, айқындайтын қанша қаһарман боздақтар елеусіз, қыршын кетті…
«Даңқ» орденінің толық кавалері атанған барлаушы

Барлаушы Әлмұқан Сембинов 1924 жылы Ақмола ауданы Жаңабірлік ауылында дүниеге келген. 1942 жылы қызыл әскер қатарына шақырылып, 1210 – атқыштар полкының барлаушылар взводына қосылып, соғыстың соңына дейін алғы шепте соғысқан..
1944 жылдың жазында Беларусь жерінде Днепр өзенінен алғашқылардың бірі болып өтіп, Быхов қаласына азат ету үшін болған ұрыста ерен ерлігімен көзге түсіп ІІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен соңынан. «Қызыл Жұлдыз» орденінмен марапатталады.
1945 жылдың сәуір айында Ә. Сембинов бөлімшесін бастап жау тылында Одер өзенінің жағасындағы Мюльроз қаласы және Шеспцинг елдімекеніні маңында бронды көліктерге шабуыл жасап екі жолыда бірнеше жау солдатын, офицерімен қатар тұтқынға алды. Соңғы жолы серіктерін тұтқындарды алып шегініп кетуіне жағдай жасап, жауды бөгеу үшін Әлмұқан жалғыз атысып, жалғыз өзі он шақты дұшпанның көзін жояды. Осы жорықта көрсеткен ерлігі үшін Әлмұқан Сембинов ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды.
Әлмұқан ұрыс кезінде бірнеше рет жеңіл жараланса да, алғы шептен кетпе ген. Көптен күткен Жеңіс күнін қаруластарымен бірге қарсы алады. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін Әлмұқан Сембинов 1945 жылдың 15 мамырында І дәрежелі «Даңқ» орденін кеудесіне қадайды. Осылайша, жиырма бес жасында «Даңқ» орденінің толық кавалері атанды. Сөйтіп, Кеңес Одағының батыры атағымен бірдей дәрежеге ие болады.
Ә.Сембинов 1951 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтын тарих мамандығы бойынша бітіріп, Целиноградта жаңа ашылған Құрылыс техникумының ең алғашқы директоры болады. Жеңіс күнін жақындату үшін басын бәйгеге тіккен батыр бейбіт күннің қызығын көп көре алмай 1972 жылы ерте өмірден озады.
…Бұл ақмолалық өрендердің ерлігінің бір парасы ғана… Айтылмаған, жазыл маған өрендер қаншама. Ерлігін тек «Аллаһ» қана біліп, айқындайтын қанша қаһарман боздақтар елеусіз, қыршын кетті…