spot_imgspot_img

Жансүгір Баубекұлы

Date:

Атығай-Қарауыл руы – қазақ халқының құрамындағы ағайынды екі ру. Шежіре бойынша Орта жүз Арғын тайпасына кіреді. «Ақтабан шұбырындыда» сыр бойынан ығысып, Көкшетау, Қызылжар, Омбы төңірегіне келіп орын тепкен… Қызылжар (Петропавл) бекісіні салынған, 1775 жылы бұл жерде Арғын руынан Дәулеткелді байдың ауылы отырған. Кейбір деректер 14 ата делінеді.
«Қазақстан ұлт энц», 530 бет.

Солтүстікке бет алған жеңіл көлік, Бурабайдан шығып ызғытып келеді. Ойым сан тарапқа бөлініп, көзім ілініп кетсе керек. Әйтеуір өзіміз жаяу жүргендіктен бе, бірінші Аллаға сиынып, сосын тізгін ұстаған көлік жүргізетіннің амандығын тілеп отырамыз. Ұйықтай бересің бе?-деп күлді қасымдағы үзеңгілес жолаушы жігіт. Қалғып кетіппін дедім ақталған болды.

– Терең тыныстап тұрып, жақсы ұйықтадыңыз, ұйқы-арсыз, күлкі-арсыз, тамақ-арсыз деген. Оқасы жоқ, жолаушының мақсаты жету. Бұйыртса жетеміз,-деп күлді көлікті тізгіндеп келе жатқан көзілдірікті жігіт. Атауы ресми түрде тұрған облыс орталығы-Петропавлға алғашқы рет келе жатырмын. Ұйқым қанған соң, бойым сергіп, жан-жағыма қарай бастадым. Аралағаш ауылы деген жазуға көзіме түсті. Осы ауыл жайлы бір кітапта оқып едім, кітаптың авторы кім екенін есіме түсіре алмай келе жатып, үлкен күмбезді қорымға көзім түсті.

Не қылған зират? Аят оқып бет сипадым. Аппақ сүттей болып көрініп тұрған биік күмбезді көріп, шопыр жігіттен сұрадым. Кімнің қорымы, мүмкін тоқтап аят оқырмыз деп едім.

– Бауырым, әрбір сағатым ақша, аялдайтын уақытым жоқ, сіздерді жеткізіп, кейін қарай Көкшетауға кісі апаруым керек,-деп қысқа жауап берді. Баратын жеріме жетіп алған соң, дастархан басында жаңағы көргенімді сұрап едім, қызылжарлық ағайын иығын қиқаң еткізіп, білмедік, қазақтың даласында не көп, зират көп, көп қорымның бірі шығар,-деп басқа әңгімегенің ауанына ауысып кетті.

Қызылжарлық Сабыр Тәлиұлы деген ағамыз бірде фейсбуг парақшасына өзім көрген баяғы суретті салып: Жансүгір Баубекұлының жатқан жері деп, шағын мәлімет беріп суретімен салыпты. Алыстан көрсем де, көзіме оттай басылған суретті үлкейтіп әлсін-әлсін қарадым. Баяғы өзім көрген күмбез. ХХІ ғасыр ғой. Жетістігі осы Сабыр ағаға хат жазып, аты-жөнімді айтып таныстырып алып, телефон нөмерін сұрадым.

Екі кештің арасы. Ағамыз маған хабарласарсың деп жіберген нөмірге қоңырау шалдым. Көкшетау шаһарындағы Абай Мырзахметов атындағы университетте дәріс беремін. Мағжан Жұмабаевтың педагогика ғылымы бойынша ізденіп зерттеу жүргізіп жүрмін деп өзін таныстырды.

– Аға, жаңағы Жансүгір Баубекұлы кім болған?-деп сұрап жатырмын.

– Батыр болған. Ұрпақтары Аралағаш ауылының қасынан Ақтаудан арнайы тапсырыс беріп үлкен күмбез қойды. Абылай заманында өмір сүрген деп қысқа ғана тарихын айтты. Ағамыздың тұшымды әңгімесінен кейін, үйдегі кітаптарды оқып, мың саралап, жүз қарап іздей бастадым. Ертеңіне Солтүстіктегі журналист Сағындық Сәбитұлына қоңырау шалдым.

– Сәке, өткен тарихты білмей, бүгінгіні тани алмайсың деген атам қазақ, солтүстік теріскей өңір болғандықтан, Атығай-Қарауылдың баласының бір тармағы болып жатқан іргелі ел ғой. Ел болғанда атынан айналайын солтүстік өңірден кім шықпады, Мағжан ақын, Сәбит, Ғабит тере берсек тарихы әріде, тереңде жатыр. Дешті Қыпшақтың кең даласынан аспанында қалықтап құс ұшса, дүбірлі тұлпарының тұяғы заманадан-заман ауысып, бүгінге жетіп отыр, Жансүгір батыр Баубекұлы жайлы бірдеңе білсеңіз, естісеңіз айта отырыңыз деп інілік ізгілікпен қолқа салдым.

Нақты тарихын білмеймін. Бірақ, кәріқұлақ, көкірегі көмбе зерделі қариялар, тоғыз жолдың торабында тұрған Аралағаш ауылының осы маңайында ертеде үлкен зират болған деседі. Жарықтық Иманжүсіп:
Құнсыз болып еріміз,
Жесір болып жеріміз,
«Жан менікі» дей алмай,
«Мал менікі» дей алмай,
Ит пен құсқа азық ек,-
деген екен баяғыда. Бұл теріскейге әу бастан орыс империясының көз тігіп, көңіл дүрбісін салып отырған жері ғой. Дегенменде, ақындар жырлағандай «Дала, дала, көшпендінің ең соңы» демекші, терілігі терге малынған даланың баһадүр бағландары қым-қуаты көп, қарбаласы мол осы далада жортып жүріп, ұлан-байтақ жерді сақтап қалды. Жалпы Жансүгір Баубекұлы жайлы алдағы уақытта ізденіп қарап, зерттейтін болып жатса байланыстамыз ғой,-деп жауап берді.

Көпшілік жақсы біледі. Көкшетау төңірегінің арғы-бергі тарихы тым тереңде жатыр. Атақты қолбасшы қазақтың тарихынан ойып орын алатын Абылайдың тарихын да әлі күнге дейін толыққанды зерттеп, орынды бағасын бере алмай отырмыз. «Ай Абылай, Абылай, сені алғаш көргенде, Тұрымтайдай ұл едің, Түркістанда жүр едің, Үйсін Төле бидің, түйесін баққан құл едің» деген Бұқар жыраудың осы сөзін алға тартатындар көп. Жарайды әулие жырау айтқан шығар. Қазақта «бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген. Оның үстіне күні бертінге дейін Абылайға аталық болған Ораз бабаның, тарихын да біресе құл, біресе сарт деп нақты бір байламға келе алмай отырғанымыз қынжылтады.

Жарайды, бұл тақырыпқа алдағы уақытта арнайы ат басын бұрып, білгенімізді жазып, ойымызды айтармыз. Жалпы Ораз аталыққа барлық қазақ қарыздар. Абылайдай сұлтанды көзінің қарашығындай сақтап қалғандығы үшін. Жансүгір Баубекұлы руы Қойлы Атығай деген соң, шежіре жинап, тарихтан тәлім түйіп жүрген Шыңғыс Оразалинге хабарластым.

Шыңғыс бүй дейді: Нақты архивте көрсетілген, Жансүгір батыр Петерборға барып, ақ патшадан алтын қылыш алған адам, тоқсаннан асып барып дүние салған. Ыдықбай Сақау бидің:
Сен Жансүгір Қойлы деген ел едің,
Ел ішінде азғантай ғана бір шіркін едің!
Сен бір түп қана тал едің,
Терек етсе тәңір етті.
Көкіректе жан барда,
Көптігіне жалынбан.
Күлтелі күрек тұрғанда,
Көліктігіне жалынбан.
Он екі түлек көк құспын,
Бір жүніме тисең шошимын
-деген ел аузында сөзі бар.

Жалпы Көкшетау төңірегіндегі ел аузынан қазыналы қарттардан әңгімесін жинап, архивке өткізген Қарта Қаңтарбаевты жақсы білесіз, осы Қарта атамыздың түп атасы Қоқан деген ұста болған, Жансүгірдің ағасы, яғни Қарта, Жансүгір-Қойлы Атығайдан тарағандар. Ал мазар басындағы жазуда жаңсақтық кетуі мүмкін. Себебі 1842 жылы Жансүгір Баубекұлы старшина 73 жасында. Енді есептейік 1842-73 =1769 туған. 1831-1835 екі рет болыстыққа сайланған,-дейді Шыңғыс Оразалин.

Мазар басындағы жазуда былай дейді: Жансүгір Баубекұлы 1742 жылы туған. Сонымен алшақтық бар ма әлде жаңсақтық па бұл енді архив құжаттарына байланысты «История Казахстана в Русских источниках ХVІ-ХХ веков» деген қалың кітаптың бірінші бөлімін зерттеп қарап шықтым. Дәл Шыңғыстың сөзі айна-қатесіз. Жалпы Жансүгір Баубекұлының қыстауы қазіргі Біржан Сал ауданына қарасты Аңғал батыр ауылы. Жаз жайлауы Аралағаш. Өзінің заманында Петерборға барып ақ патшамен тілдесіп, патшадан капитан шенін алып, сыйлыққа алтын қылыш алған.

Ұлы дүрбелең уақыт. Аттың терлігі терге малшынып теріскейден өріп келіп жатқан қарашекпенділердің қазақтың даласына жөнкіліп жер-суларын иемденіп аяқты қия бастырмайтын орыстың заңы орнығып жатқанда, қылыштан басқа қаруы жоқ, қазақтың даласына от қаруымен кірген русь империясына қарсы шыққан бабалар ақыры бұғалыққа бағынған асаудай болып, бір бітімгерлікке келген. Бұл жасыратыны жоқ қардың басын-қар алып, ханның басын хан алған кезеңде Абылайдан бұрын да, Әбілқайыр ханның тұсында бастау алған «орыс империясымен» достықты қалаған сол кездегі алтын тақта отырған хандардың мақсаты еді.

Ақсақ Темір заманындағы Тоқтамыс хан. Билік басына жетемін деп жанталасып русь қоғамына (Алтын ордаға салық төлеп тұрған) кен шығатын жерлерді мақсатсыз беріп қойған кесірінен араға пәленбай жыл салып, олардың күшейіп, кетуіне ықпал жасады. Тасыған қазан төгілер деген атам қазақ. Ақыры Дешті Қыпшақтың ұлы даласы адамзаттың дәуірі басталғаннан бері «Сақ пен Ғұн» бертін қазақтың еншісіне тиген өлкеге кім көрінген келіп ат басын тіреп, қазық қағып ордасына да, отанына да айналдырды.

Жаңағы архив құжаттарымен расталып жазылған кітапта Жансүгір Баубекұлы жайлы былай дейді: «Джаншагур, сын Баубеков, старшина 73 лет. Самостоятельный, в обращении грубый. Имеет детей: Искене, 32 лет. Посредственного состояния. Аккиик-Кулансу-Койлинский волости, рода койли. С 31 мая 1835 г.- волостным управителем. Награжден капитаном и золотой медалью на аннинской ленте в 1830 г в 1839 н. Награжден от правившего должность пограничного начальника похвальным листом. Под судом не был, предан. Летние кочевки при урочищах Куянды, Арчалы, Чалкере, Кендерды, Малды-Конур западу и югу от 100 до 150 верст: зимние-при озере Джамай-Камыш на северо-запад за 125 верст от приказа»,-деп жазады Көкшетау дуанындағы Сібір қазақтарының №23 шекаралық бұйрығында. 1842 жыл, 28 маусым орыс тілде.

Демек Жансүгір Баубекұлы, орыс империясының келуіне оң қабақ танытпай отыр. Әйтпесе жергілікті атқамінерлердің мінездемелік характерлік сипат беріп протокол толтырып отырған орыс офицерлері жәдігөй, екіұрықты біреу болса әдеттегіндей байсалды, кеңпейіл т.т сипаттап жазар еді.

Жалпы ол кездің адамдары «есті болған ғой» қаптап келіп жатқан қара шекпенділердің қатары қалың болғандықтан русь империясының мақсаты қалайда қазақ жерін соғыссыз жаулап алуды қатты жоспарлаған. Осы тұста Қазтуған жыраудың, мына сөзі еске түседі.

Мен заманнан қорқып барамын:
Кейінгі өскен жас бала,
Күндердің күні болғанда,
Кімдерге кіріптар болар деп,
Обалы маған қалар деп,-
сонау Асан қайғының заманында айтып кеткен. 1822 жылы Қазақ даласына саясат жүргізу мақсатында қатты жоспар құрған Сперанскийдің мына сөзі кімді болсын, қазіргі уақытта ойландыруы керек.

«Ресей патшасының қабылдауында болған Михаил Сперанский Қазақтар жайлы былай депті:

– Қазақтар көшпелі өмір сүретін өте жауынгер халық. Арақ ішпейді және табиғи қиыншылықтарға өте төзімді. Далада соғысудың өнерін жақсы меңгерген…
Ресей патшасы І Александр «Олардың бағындырудың жолын ойластырдың ба?»,-деп сұрағанда М. Сперанский:

– Қазақ даласында сексеуіл деген ағаш өседі. Өте қатты, балтамен шауып сындыра алмайсың. Оны тек бір-біріне ұрып сындырады. Қазақтар руға бөлінеді. Оларды бір-біріне айдап салып, әлсірету қажет»-деп жауап берген.

Содан бері үш жүз жыл өтсе де қазақтың арасындағы рубақастық, руға бөліну, жіктелу, бір-бірін аяқтан шалу, тізеден тебу үрдісі жойылмай келе жатыр. Жалпы ақ патша мақсатына жете алмаса да, сол патшалық империяны құлатып, билік басына төңкеріспен келген Лениннің саясатын жалғастырушылар, қазақ халқын толыққанды шоқындырудың алдында қалдырды.

Біріншіден; арақ ішу, темекі шегу, бейпіл сөйлеу анайы көріністерді ұят санамау, тілді ұмыту, діннен безу айналып келгенде бір ғасырға толмай тұрып, қазақтың біраз бөлігін мәңгүрттендіріп жібере жаздады.

Екіншіден «ауру қалса да, әдет қалмайды» демекші бізде рулық тапқа бөліну осы күнге дейін жүріп келе жатыр. Кешегі топырағына шөп шығып кеткен коммунистік партияның тұсында да, қазақ үш жүзге бөлініп, бір-бірін аяқтан шалып отырған. Орта жүз, кіші жүз, ұлы жүз деп бөлінудің соңы жетістікке жеткізбей отыр.

Қараңғылыққа жарық сәуле боламыз деп ұмтылған алаш қайраткерлерінің көзін осы руға бөліну, сексеуілді сексеуілге ұрып сындыру теориясы толық нәтиже беріп көздерін жойды. Көңіл дүрбісімен әлемді барлаған белгілі ғалым Ш. Уәлиханов «Жаныңды жай тапқызар шын «алтын жалқаулық» дегеннің не екенін тек нағыз далалықтар ғана біледі. Далалықтар ғана қайғы-мұңсыз, ертеңі жайлы ештеңе ойламай еркін өмір сүре алады»,- депті. Демек, сол кездегі көкірегі ояу, көзі ашық Шоқан Уәлиханов аңғарып байқаған. Ертеңгі күнді ойламай түстігін ойлайтын кеңқолтық қазекемнің аңғалдығын.

Ішіміздегі өкпе мен шерді айтып алдық. Әрі қарай Жансүгір Баубекұлына оралайық. Арман -ұзақ, ғұмыр-қысқа демекші. Жансүгір Баубекұлы орыс империясына жұмыс істеген адам ба? Логикалық теориялық бағытпен қарайтын болсақ, жарықтық Жансүгір отарлаушы, озбыр империяға жан-тәнімен жұмыс істеді деп айта алмаймыз.

Себебі, жаңағы толтырылған характерлік мінездемеде «өте дөрекі» деп жазғандығынан аңғаруға болады. Демек маған шен беріп, шекпен жауып жатырсыңдар деп, орыс ұлықтарына тақа бас ие қоймаған-ау деп ойлаймын. Капитан шенін алса дағы. Соның өзіңде тәкәппар. Ішкі ойы түбі осы басымызға сор болады деп ұрпағын ойлағандықтан шығар.

Иә, жарықтықтың ойлағаны тура келді. Араға жүз жыл толмай тұрып: ҚАЗАҚ. 1915. №115. 31 М