20.4 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Зеренді ауданының экс-әкімі Мұстафин неге Беккожа болды екен?..

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Қазақта «байыған сайын араны ашылады, абыройы шашылады» деген сөз бар. Әй бірақ осы сөздің бүгінгі таңда жай жалпылама сөз болып қалған сияқты. Елімізде күн сайын жемқорлық фактісімен ұсталып жатқан шабақтар мен жайындардың жай-күйі қарапайым халықтан мың есе артық па дейміз.  Өйткені біздің елдегі солқылдақ заң оларды судан құрғақ шығарып жатқандай. Әңгімені мынадан бастайықшы.

«Ақмола облысына қарасты, Зеренді ауданына әкім болған Мереке Мұстафин 2019 жылы 3 миллион теңге пара алып жатқан жерінен қолға түскен болатын-ды. Экс-әкім  жеке кәсіпкерден  300 гектар жерді сатып жатқан жерінен қолға түсіп, үш жылға бас бостандығынан айырылды»,-деп жарыса жазды ақпарат құралдары.

Ал бірақ Мереке Мұстафин жақын күні Фейсбуктегі өзінің жеке парақшасына ҚР Президенттінің атынан «Алғыс хат» алып жатқандығын мақтанышпен жариялады. Тегін өзгертіпті Мұстафин емес-Беккожа Мереке Қайсарұлы. Бұл «Алғыс хатты» парақшасынан көре аласыздар.

Өзінің орынбасарын былыққа батырған Мереке Қайсарұлы  судан құрғақ шығып қазіргі таңда, Астана қаласында Кәсіпкерлер палатасында қызмет атқарып жүр.  Тіпті экс-әкімнің парақшасында елімізге танымал тұлғалармен түскен суретінде жариялап қойып қойған.

Бай байлығы үшін мақтанады, кедей кедейлігі үшін ақталады деген осы ағайын!  Зерендіге әкім лауазыма дейін Мереке Қайсарұлы (қазіргі тегі Беккожа) Мұстафин, Ақмола облысының қаржылық қадағалау басқармасының басшысы, Ақмола облыстық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы болған.  Жемқорлар қалтаға түсіп, қолын былғамайды, оның қалтасына әкеліп салады демекші, қалтасына салған қаржының арқасында Мереке Беккожа һәм бұрынғы Мұстафин алаңсыз өмір сүріп қызметін атқарып жүр.

- Advertisement -spot_imgspot_img
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

2 COMMENTS

  1. Әрине болады. Бұның крышасы Мырзалин.
    М. Мырзалин, Ақмола облысын көтермеді көтерем қылады.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here