-8.7 C
Kokshetau
Сәрсенбі, Наурыз 22, 2023

«Үздік ауылдық клуб-2022» байқауының жеңімпаздары анықталды

Мәдениет«Үздік ауылдық клуб-2022» байқауының жеңімпаздары анықталды

Материалдық-техникалық базаны нығайту, клубтық мәдениет объектілерінің қызметін ынталандыру, ауыл халқына мәдени қызмет көрсету сапасын жетілдіру, шығармашылық жетістіктерді көтермелеу, мәдени-демалыс саласындағы бастамаларды қолдау, клубтық мәдениет қызметкерлері кәсібінің беделін арттыру, ауылдық мәдени-демалыс объектілерінің оң имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған облыстық «Үздік ауылдық клуб-2022» байқауының жеңімпаздары анықталды.

А.ж. 15 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында өткен байқаудың іріктеу кезеңіне Ақмола облысының аудандары мен қалаларының ауылдық жерлерінде орналасқан, белсенді шығармашылық қызметті жүргізетін, тұрақты жұмыс істейтін үйірмелері, көркемөнерпаздар халық шығармашылығы ұжымдары, инновациялық жобалары бар, халықпен, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар, бизнес-қауымдастықтар мен меценаттармен жұмыстарды белсенді жүргізетін үздік клубтар қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша келесідей номинациялармен марапатталды:

– қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін дәріптеп, жаңғыртуға қосқан зор үлесі үшін «Үздік ұлттық салт-дәстүр» номинациясымен Жарқайың ауданы Уәлихан ауылдық мәдениет үйі;

– өскелең ұрпақты әсемдікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін «Үздік балалар жобасы-2022» номинациясымен Зеренді ауданы Өркен ауылдық клубы;

– жоғары көркемдік деңгейі мен орындаушылық шеберлігі үшін «Үздік көркемөнерпаздар ұжымы – 2022» номинациясымен Атбасар ауданы Новосельское ауылдық мәдениет үйі;

– ауылдық мәдениет үйінің, бизнес құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысы және ауылдық клубтың әлеуметтік мәртебесін арттыруға қосқан үлесі үшін «Ортақ мүдде, бір мақсат» номинациясымен Сандықтау ауданы Максимовка ауылдық мәдениет үйі;

– белсенді клубтық қызметі мен халық шығармашылығын сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін «Ауыл мәдениетінің ошағы» номинациясымен Аршалы ауданы Түрген ауылдық мәдениет үйі;

– жергілікті қоғамдастықпен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін «Ынтымағы жарасқан» номинациясымен Астрахан ауданы Каменка ауылдық мәдениет үйі музыкалық акустикалық жүйе бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Жоғары кәсіби шеберлігі, белсенді шығармашылық қызметі және ауыл мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Үздік ауылдық клуб меңгерушісі – 2022» номинациясымен Ерейментау ауданы Малтабар ауылдық клубының меңгерушісі Өмірбаева Әлия Бүркітбайқызы;

– өз ісіне деген адалдығы, ауыл мәдениетін дамытуға қосқан елеулі жеке үлесі үшін «Өз ісіне адалжан» номинациясымен Ақкөл ауданы Урюпинка ауылдық мәдениет үйінің директоры Алдажаров Руслан Валерьевич астау бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Облыстық байқауға төрелік жасаған қазылар алқасы шешімімен «Үздік ауылдық мәдениет үйі-2022» БАС ЖҮЛДЕСІН екі ауылдық мәдениет үйлеріне беруді ұйғарды:
халық шығармашылығын дамытудағы жоғары жетістіктері және мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайтып, ауыл мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін «Үздік ауылдық мәдениет үйі-2022» номинациясымен Целиноград ауданы Софиевка ауылдық мәдениет үйі және Бурабай ауданы Оқжетпес ауылдық мәдениет үйі бағалы сыйлықтар – цифрлық пианинолармен марапатталды.

Марапат иелерінің құрметіне Целиноград және Бурабай аудандарының жетекші көркемөнерпаздар ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынды.

Сондай-ақ, оқыңыз...

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Ұқсас мақалалар

Тегтер бойынша оқыңыз:

Көп оқылған мақалалар