More

    Қуаныш ақша санаудан басталады

    Сондай-ақ...оқыңыз

    Жеңіс Оспанов
    Жеңіс Оспанов
    Жеңіс Серібайұлы Оспанов бұрынғы Фрунзе, қазіргі Абылай-хан ауылында қарапайым отбасында 1984 жылы 9 мамыр күні дүниеге келген. Орта мектепті тәмәмдап он тоғыз жасынан бастап "Бурабай" аудандық қоғамдық-саяси газетінде тілші болып қызметін бастаған. Қазіргі таңда "Бурабай" газетінің редакторы. Әңгімелері әр басылымдарда жарық көріп келе жатыр. Ақмола облысы әкімінің "Алғыс хаты" және әр түрлі байқауларда проза жанры бойынша жүлде алған. Өзекті тақырыптарда мәселе көтеріп жазып жүр. Көбіне тарих, ауылдағы ескі әңгімелерді жинақтап басылым беттеріне жариялайды.

    Сонымен кешегі мақалада Ақмола облысының Біржан сал ауданындағы Ұйымшыл ауылының мектебі, жайылымдық жері жайлы баяндадық. Бүгін түс әлетінде, жер иесі Амантай Амрин келді.

    Амантайдың айтуына қарағанда, жәбірленуші болып тұрған, қытайдан келген ағайын Махаббат Бейісханды ұрған жоқпын!.. Жай желкесінен алып, ашу шақырғаным рас… Оған мен үйімді сатамын дегенімде рас… Бірақ, 8 бөлмелі үйімнің батериясын қатырып тастады. Ал ақша алғаным жоқ!..-деп ақталды.

    Бізге жеткен ақпаратқа сенсек, кеше Амантай Амрин, Махаббат Бейісханмен кездесіп, ауылдағы үйімнің қорасын бұзып ал, саған бердім,-деп алдынан кешірім сұрап өтіпті. Ат шапан айыпты зор қорасымен өтей саламын деп, қазақбайшылыққа барып отырған, пайғамбар жасына жеткен азаматтың бұл қылығын түсінбей дал болдық. Бес отбасы ғана қалған ауылға шындығын айтқанда, қораның да қажеті жоқ сияқты. Өйткені, қолындағы малына жайылымдық жер таба алмай отырғандығын бәріміз көріп отырмыз.

    Амантай Амрин …90 жылдары осы Ұйымшыл ауылында басқарма болған. Ауылдардың құлдырап құрып бара жатқан тұста, еріні қимылдап, жеке фермер болып шыққан. Айтуына қарағанда жайылым мен егістік жеріне ие 8 адам. 1100 гектар жер бар.

    А.Амрин:- Бәріне кінәлі анау Аза деген кісі, 150 басқа дейін шеттін жылқысын ұстап отыр, қой, сиырға жер вот так жетеді, өзім де сан рет айттым «отгонға» малдарынды жіберіңіздер деп, тыңдамайды. Маған сенбесеңіз ветврачтың қағазында, базасында бар ғой..! Ал мектепті менен көріп жатыр. Оның тарихы былай: Махаббат екеуміз тұрғанбыз, Науан Алтаев деген азамат келді.

    -Амантай деген сіз боласыз ба?-деп сұрады.

    -Иә, менмін. Не болды? деп сұрадым.

    – Мектептің кілті сізде ме?-деді.

    -Иә, менде дедім. Өйткені, мектеп жабылған соң, келіншегім осы мектепте бір жыл бойы күзетші болды. Кілті бізде болатын. Оны қайтесіз?-деп едім.

    -500 мың теңгеге аукцион арқылы сатып алдым,-дедім.

    Мектепті қарады да. Мынаны сатып алатын адам бар ма?-деп сұрады.
    Қасымдағы Махаббат мен алайын, қытайдан ағайындарым келуші еді, деген соң, екеуі келісіп Махаббатқа 300 мың теңгеге сатып кетті. Міне нөмері де бар. Бүгін звандадым.

    -Не бүлдіріп жатырсың?-деп. Ол кешке хабарласамын,-деді.

    Ал Біржан сал ауданының әкімдігі менің фейсбук парақшама шыққан материалға байланысты. Мынандай жазба қалдырған болатын-ды «Сәлеметсізбе. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «Білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативін бекіту туралы» N 1256 қаулысының негізінде, 2017 жылғы 22 тамыздағы Еңбекшілдер ауданы әкімдігінің № а-8/183 қаулысымен Ұйымшыл толық емес орта мектебі жойылып, 2020 жылы мектеп ғимараты мемлекеттік мүлік реестрі веб- порталы арқылы заңды түрде сатылды. Жеңімпаз болып Көкшетау қ. тұрғыны Нұрғалиев Мақсұт Мұратұлы болып анықталды. Наушанова Ләззат ханымның жер телімдеріне тоқталатын болсақ, бүгінгі күні аталмыш азаматшаның жер телімдерінің мақсатты пайдаланылуына қатысты құжаттар Мемлекеттік жер инспекциясы департаментінде тексерістен өтуде. Тексеріс қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.»,-деген.

    Сонда Науан Алтаев деген азамат кім? Мектепті қалай сатып кетті. Амантай Амриннің айтуына қарағанда, Біржан сал ауданының әкімінің орынбасары Кәрібай Шаймерденовке сол мектеп сатылған күні бірден қоңырау шалдым,-дейді.

    Менің мектепке қатысым жоқ,-дейді. Сонда бұл жердегі логикалық жағын түсінбей отырмыз. Аукционға түскен мектепті Науан Алтаев, 500 мың теңгеге алады, оны Махаббат Бейісханға 300 мың теңгеге сатады. Біздің түсінгеніміз сатып алушы байпағы түбіттен, шұлғауы жібектен болған біреу ғой. 500 мың теңгеге алып, 300 мың теңгеге сата салатын. Жомарттық дейміз бе бұны. Әлде?..

    Ал Біржан сал ауданының әкімдігіндегі Нұрғалиев Мақсұт Мұратұлы қайдан шықты? Домбырам не дейді, мен деймін?.. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?

    Міне неше күннен бері, Ұйымшылдағы драма жайлыы жазып, жанайқайға басып жатырмыз. Біржан сал ауданының әкімдігі, өкілетті органдардың қызметкерлері қандасымыз Махаббат Бейісханның бір емес, екі рет таяқ жеп, жәбірленуші болғандығын біліп отырса да, ләм деп аузын ашып, арнайы түсініктеме берген жоқ. Үлгі ауылының әкімі тіпті бұдан мүлдем хабарсыз болған. Махаббат Бейісханнан соңғы рет, ауыл әкімін қашан көрдіңіз?-деп сұрап едік. Бұрынғы әкімді көргенмін, жаңа әкімді көргенім жоқ,-деді.

    Адам құқығы тапталып жатқанда, ләм деп ауыз ашпай, қалталы азаматтардың сөзін сөйлегендей үнсіз отырғандары қызық екен? Президент ауылдағы жайылым мәселесін, иегерілмей жатқан жерді қайтару керектігін айтып, сан рет ескертті. Бұны тіпті депутат Бақытжан Базарбек Парламентте жиі -жиі көтеріп отыз жыл бойы былықтарды біртіндеп шығарып жатыр.

    «Ақжол», «Ауыл», «Аманат» партиясының Парламенттегі сайланған депуттаттары Әділетті Қазақстанның градустық бағыты әлділердің уысында қалып қоятын түрі бар. Бұл кісілер қалтасындағы қаражатына, қызметтегі ұлы мен қыздарына сеніп қоқаң-лоқы жасап, қанап жатыр.

    Айтпақшы Амантай Амрин «НұрОтан» партиясының атынан кезінде сайланып депутат болғандығын көпшіліктің есіне саламыз.

    Қуаныш ақша санаудан басталмайды. Адамгершілік, мейірімділіктен басталатындығын айтқанымыз абзал шығар. Амантай Амринге, қытайдан көшіп келген Махаббат Бейісханды желкесінен түйіп ұстауға, оған қоқаң-лоқы жасаудың қылмыс екендігін ескерткен болдық. Ал «Ұйымшыл» ЖШС-нің Л. Наушанова ханымның жолдасы Ермек мырзаның қандасымыздың әйеліне боқтап «үйіңді өрттеймін» дегені де қылмыс емес пе? Бұны Біржан сал ауданының әкімдігі, құзырлы органның қызметкерлері сарапқа салып, заң шеңберінде жұмыс жасап, тиісті шешім шығарады деп ойлаймыз. Шешім шықпаған жағдайда Президент аппаратына арнайы хат дайындаймыз.

    Істі аяқсыз қалдырмаймыз. Қазақтың ұлан-байтақ жері бірер адамның ғана иелігінде емес. Қазаққа ортақ! Бұл істі аяқсыз қалдырмай, нақты нәтижесін шығаруға барынша күшімізді саламыз.

    2 ПІКІРЛЕР

    1. Қазақты лақтырып үйренген ғой. Анау Ермекке расында да неге іс қозғамайды. Біржан сал районы

    ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

    Пікіріңізді енгізіңіз!
    мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

    - Жарнама -spot_img

    Соңғы мақалалар