20.4 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Таңғы ас тәңірден…. 

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Талаптыға нұр жауар… / халық даналығы./

Олжастың көзі ілінер емес. Түн жарымынан ауды. Ойы он, санасы санға бөлінді.  Ертең кешке пойызбен қайтуы керек. Бар жоғы 12 сағат уақытта алатынын алып үлгермесе… Ел аузында жыр болған  «банкрот» қамыты бұның мойнына килмек.   Соны ойлағанда, арқасы мұздап кетеді. Банкрот болатындай, бай кәсіпкермінбе деп, күліп қояды.  Уақыт тығыз, не аларын шеше алмай  дал болып дөңбекшиді. Алты күнде ала алмаған затын, бірнеше сағатта алатынына сенгісі жоқ.  Үш ай  шала ұйқы жүріп , шаршап шалдығып тапқан табысы, оны өсірем, баспаналы болам деген арманы алыстай бастайды.

Дегенмен, көңілі тоқ . Жүрегі тыныш. Әжесінің таңғы ас тәңірден дейтіні, есіне түсті. Күлісмсіреген болды. Көрпені басына орады. Көз алдында жақында өткен үш ай. Тізбектеліп өте берді. …Елде демократия басталысымен, аласапыран басталды. Бәрі еркін, не істесеңде өз еркің. Бұрынғы анау болмайды, мынау болмайды, жайында қалды. Елдің бәрі саудагер. Шет елден машина дейсіңбе, тауар дейсіңбе, ақшаң болса әкеле бер. Сан білесіңбе, ебің барма болды. Ұялма,  жас, кәріге еш сөкеттігі жоқ, сауда жаса…Жариялық басталды. Сөз бостандығы кеңіді. Газет журнал  қаптады. Өте өтімді. Хат танитын бес жастағы баладан, сексендегі селкілдеген шалға дейін, газет оқуға құмар болып кетті. Газеттердің жазбайтыны жоқ. Жазуға ыңғайың болса , қалам алда   сілтей бер. Бұрынғы құпиялық, саясаттан тыс жүру деген бүгін жоқ. Бірі саясаткер, бірі саудагер.  Олжас жасынан қагілез сезімтал еді. Болып жатқан өзгерістен құр қалғысы келмеді. Тұрмыстарыда шамалы болатын. Қарт әжесімен жалдамалы пәтерде тұрады.

Шыны керек туған әжесі емес. Әке шешесі ауылда қалған. Көп балалы болған соң, осы  әжесі күйеуі қызмет бабымен қалаға көшкенде ,өзінде бала болмаған соң, өзіме серік болсын, өлсек басымызды сүйейді,  асырап берем деп, туған ата анасынан қалап алып келген. Олжастың жанұясы көп балалы, тұрмысыда төмен еді. Асырап алған әкесі Олжасты жанындай жақсы көрді, өте бауырмалтын. Амал не ауырып қайтыс болды. Үкімет тірісінде пәтер беретін болған. Енді мына аласапыран басталып, не болары белгісіз болып кетті. Олжас өз қатарлы балалармен бірге газет сатумен айналысуға бел буып әжесіне айтты. Әжесі сабағың нашарлайды, қой дегеніне болмады. Сабағы кілең бес болмасада, жақсыдан жоғары болатын.

Сөйтіп Олжас бір сәтте мектепте оқушы, көшеде газет сатушы болып шыға келді. Олжастың сататын газеті аты шулы «Демократия» деген алты беттік газет. Екі күнде бір шығады.  Сатылатын газеттің жаңа нөмері таңғы алтыда сатушылардың аты жазылып, буып түйілген, баспаханның сату залында санымен сақылдап  дайын тұрады. Санап  уақыт кетірмейсің. Сатушы  балалар аманатқа қиянат жасамайтын. Егер газет бумада  артық шықса сатып бағасын, кем шықса қайтып келіп, алған газеттің санына қарай төлейді.  Үш ай газет сатқанда, ақша кеміп, газет жоғалған  жайында  сөз болған емес. Сабақ басталғанша газетті арқалай жүріп өзіне тиесілі аумағына жеткенше сатып, келісіп алған үйлердің почта жәшігіне, есігінің   астынан қыстырып кетеді.  Қалғанын   мектепке жеткенше  сатады. Бастапқыда газетті көшеде сатам деп, уақыттын жоғалтып, өткізе алмай қиналды. Адам сөйлей сөйлей шешен, көре көре көсем болатыны рас екен…

Газет сатумен, өткізудің ебін тауып алды. Кәнігі пачтоландардай үй, үйді аралап газеттерді таратып береді. Сабақтан соң, газетін сата жүріп, ақшасын жинап алады. Бірде,  газет сатып жүріп, өз мектебінің мұғалімі киоскіден газет  алып жатқанын көріп, тың ойға кетті. Мұғалімге кезігіп, газет сатып жүргенін,  қарсы болмасаңыз, керек газетіңізді  жеткізіп беріп тұрсам деген, емеурін білдірді. Мұғалім келісті. Осыдан соң, бір мұғалім емес, мектептің барлық мұғалім газетті  Олжастан алатын болды. Сабаққа келгенде  мұғалімдердің атын жазып кезекшіге тастап кетеді. Үзіліс кезінде жүгіріп жүріп ақшасын жинап алады. Сабақтан соң үй аралап ақшасын жинағанда, көзі нашар көретін, қарт адамдар газеттегі  қызықты оқиғлардың мазмұнын сұрап, әлек шығарады.

Қызықты жерін айттыру үшін қарттар шай қайнатып, тамақ дайындап қояды, жас баласың деп, ақшаны артықта береді. Олжекең бұныңда ақылын тапты. Үй сайын лекция оқуға уақыты жетпейтінін айтып, белгілі жерге жиналуды айтты. Қарттар келісті. Көбіне аулада жиналатын. Жиналғандар, бір біріне  еліктеп, жиналушылар саны көбейе берді. Кетерінде жай кетпейді, газеттен бір бірді ала кетеді. Қарттарға лекц оқимын деп, тілі жатылып, сөзі түзеліп кәнігі лектор болды. Газеттерді оқи, оқи білмейтініде қалмады. Кітаптыда көп оқитын. Соның арқасында қарттардың сұрағына қиналмай жауап беретін  қалге жетті. Арасында әжесіне газет жеткізіп кетеді. Ол кісіде қарап отырмай күніне отыз қырық газет сатып қояды.

Осылай жаз бойы тыным тапай газет сатудың арқасында сегіз мыңдай төгрөг тапты. Үш  жүзіне қытайға баратын  шақыру, үш мыңына  Пекинге барып келетін пойызға билет, бес жүзіне шет ел паспортын шығартып алды. Қалғанын долларға ауысты. Киінді, пәтерге төледі. Қытайға баратын пойызға алған билеттің   уақытына бір күн қалғанда,  қаланың шетіндегі жер үйлерге  барып,   көзін жаңа ғана ашқан төрт күшік сатып алды.Саты балды аты иттің иесіне  бір қорап кампит, бірнеше төгрөг ұстатты. Жас  күшікті қалай асыраймын деп отырған жалғыз бас кемпірге бұл өзі жақсы сауда болды. Қарт әжесіне азын аулақ ақша тастап, күшіктерін жол дорбаға салып, пойызбен үлкен сауда жасауға Пекинге тартты.  Келгеніне міне аттай алты күн.  Бұрын өтірік айтып көрмеген басы, кеденшілерге өтірік айтқаны есіне  түскенде, осы қиналысым , өтірік айтқанымнан  болды деп, ойлағанда арқасы мұздап кетеді.

Неге өтірік айттым: – Құдай көріп тұрғой. Адамды алдағанмен. Құдайды қалай алдаймын. Құдай  көрген соң, мені осылай жазалап тұрған шығар деп, налиды. Өтірік айтпасам, күшікті қалай шекерадан шығарам, күшік шықпаса, қалай ақша табам, амалсыз жасадым ғой. Құдай мейрімді кешіреді – деп, өзін өзі бір уақ жұбатып қояды.

Ойлаудың әсеріме, өңінде көргені, көз алдында  тізбектеле бастады. Шекераға таяғанда ұйқының емін суға езіп, , үлкен шприцпен , күшіктердің ауызына құйып жіберді. Онсызда көзін ашар ашпас, жол соқта болған ұйқылы күшіктер, ұйқының дәрісінен соң ұйқыға басты. Шекераға жетті. Шекерашылар паспортын әкетті. Кеденшілер келді қол жүгін сұрады, азық салған дорбам бар, анда жатыр деп, төсектің астын нұсқады. Кеденшілер басқа жүгің жоқпа, жалғыз дорбама деп, болмаған соң, алдыңғы вагонда ағам бар, қалған жүк сонда. Билет болмаған соң екі вагонға билет алдық деп, өтірікті басып жіберді. Жас балаға жармасып не қылады. Жарайды деп, кеденшілер кетті. Қытай кеденшілері жүк туралы сұрағанда жоқ. Паспортына мөр бастыда қоя берді. Пекинге таяғанда, күшіктер оянып  қыңсылай бастады. Купедегілер күшіктің дауысын естіп, үрписіп кетті. Не болды, иттің даусыма деп, шошына бастады. Амалсыз болған жайды, купедегілерге жайып салды. Қаршадайыңнан, осының бәрін қайдан біліп жүрсің. Біз жүрміз доллар арқалап келіп, түйедей түйедей қап көтеріп. Сен, төрт күшікпен не істемексің. Күшіктерді сататынын айтты. Қытайдағы кәрістерге ит табылмайды. Пекинде ит қат, қымбат екен. Кәріс демей-ақ, ебін тапса, қытайларыңда, итті қымбатқа ала беретінін, газеттен оқып, бұрын саудаға барған балалардан біліп, мекен жайында алған. Төрт күшікті мекен жай бойынша апарып бір күшікті 200 юаньнан төртеуін 800 юанға берді. Өзіндегі 200 юанмен қосқанда бір  мың юань болды.  Міне содан бері бақандай бес күн не аларын білмей сенделуде.

Саудагерлердің көбі қырым күрте, пухобик алды. Бұлда алғысы келеді. Есептейді, есебі қабыспайды. Кандай зат өтімді деп, жазып алған тауарының тізімін шығарып көріп, бағасын салыстырады. Мардымды айырма жоқ…. Сауда туралы газеттен оқығандарын, көз алдында тізбектеді. Тұщымдысы жоқ.  Жалғыз ғана : – «Ине сатқан бизнесмен» -деген мақала оқығаны ойына орала берді.

Мақалада: – Бизнеспен аты шыққан Бахытбек/ аты қазақшаланды/ деген, сексенінші жылдары орыста оқып жүргенде кәдулгі іс тігетін ине сатып табыс тапқаны жайлы жазылған… Ол кезде кеңестің кезі, сауда шеңбері тар болатын. Қәзір сапырылысқан сауда, сол инені біреулер тонналап  әкелген шығар. Бұл болмайды…дегенше… Мең зең жатқан Олжасты біреу жұлқылағандай болды. Көзін ашса, үй иесі кәрі қытай екен. Кеше қытайға «Дая қаншадасың дегенде. Тоғыз саусағын көрсеткен. Онысы тоқсандамын дегені. Қытайлар көп жасайтыны рас екен. Ұрпақ жоқ жалғыз басы. Өлсе кім көмеді. Сөйтіп жүріп, үйін жалдап, шай сатып ақша табады. Не жетпейді екен. Мен мұнда әжем қандай қалде екен.» -деп, ойлап үлгерді.

Темекінің түтініне ысталған орсақ тісі ырсиып төніп тұр. Бұның ойын біліп қойғандай. Шайыңды іште шық, таң атты дегендей, кесені, соңынан есікті нұсқады. Бір кесе шайды асықпай сораптап ішті. Ойланып қояды. Асығар, асықпасын білмейді.  Ойына ештеңе келер емес. Түнде неге Бахытбектің ине сатқаны түсіне енді.  Неге бұл түсіме кіреді. Ол бұны түсіме, өңіме айыра алмады.  Бұл тегін емес шығар. Ине алсамба екен… Не болсада шығайынмен  базарға келді. Базар алды ығы жығы халық. Бірі кіріп бірі шығып жатыр. Аттап басудың өзі мұң. Қалықтың көптігі, құмырысқаның илеуіненде арыма дейтін. Бес күн базар аралап әбден зықысы шығып, мезі болғандықтан   базарға кіргісі жоқ. Базардың алдына біраз аялдамақ болып, шетке шегіне беріп еді.

Аяғының астында темір сылдырлағандай болды. Енкейді, қол сағат екен. Алды, тыңдады, сағат соғып тұр. Бір жақ бауының шиі шығып кетіп, қолдан түсіп қалған сияқты. Олжалы болғанына қуанып қалды. Ырымдапта тұр. Базарға кірмей жатып олжаға кезіктім. Құдай бұйырса жолым болады. Асықпай сағаттың шиін салдырып алайын, содан соң кірермін деп, базардың қарсысындағы сағаттың суреті ілінген, шеберханаға кірді. Бір жас қытай жүгіріп шығып, асты үстіне шығып зырылдады.

Қытайша сәлемдесу, бағасы қанша, тамақ, шай барма, қонатын жер барманы ғана жаттаған Олжас, қытайдың айтқан бір сөзін түсінбеді. Сағатты көрсетіп еді. Зырылдатып бір терезеге жетектеп әкелді. Терезе ішінде  сағаттың бауын ұстап тұратын шидің неше тұрі тұр ұзыны, қысқасы, жуаны бәрі тұр.  Тесікте отырған қытайға сағатты беріп еді, сып етіп алып, ылп етіп қайтарып берді.

Сағатына қараса шиін салып бауды тағып қойыпты. Жылдамдығы, өз  ісіне  шебері ғажап. Қытай ыржиып басын изеді.. Бұлда жәй тұрмай күлімсіреген болып, басын шұлғып, қанша деп еді. Басбармағымен сұқ саусағын дөңгелентіп «Ноль» санын көрсетті.  Қалтасын ақтара бастап еді. Ол басын шайқады. Оныс тегін дегені екен.

Байқамапты  жөндеткен сағатына келетін шидің 50 данасы бір юань ғана екен. Бір дана ши Монғолда 2 төгрөг тұратыны есіне сап етті. Әжесінің сағатының бауының  шиі үзілгенде, әреңге тапқаны есіне оралды. Бір юань 10 төгрөгке тең.  Сонда бір ши 20 мөнгө. Бізден 50 есеге арзан. Бір юань беріп , шиді нұсқап еді, қанша дегендей калкуляторын тосты. Елуді   жазып еді. Алпысты санап берді. Көтерме бағасы бөлек сияқты. Далаға шықты сағатына қарады. Пойызға отыруға 8 сағат қалыпты. Базарға кірді. Әжесіне  шығарып салған достарына сыйлыққа  біраз нәрсе алды. Шағын сумкасын толтырды. Саудаға арнаған 500 юаны сол қалпында. Не аларын әліде шеше алар емес. Түс болды. Күнде өріп жүретін базаршы монғолдар көрінбейді. Бүгін пойыз жүретін күн болған соң, аларларын алып, заттарын буып түйіп дайындалып жатқан сияқты. Кімнен ақыл сұрайды.  Ешкім кезігер емес.  Сенделіп әлі жүр, алған түгі жоқ…

Манағы шеберхана алдында  бір  қытай дәу сағатты шағын  автобустың есігінен кіргізе алмай әлек болып жатқанын көріп, көмектесуге жанына келді. Көтерісті, автобустың есігінен симады. Қытай ыржиып көтерісіп жібер деп, ымдады. Бір жағынан көтерісті. Сағатты шеберханаға  қайта кіргізді. Рахмет айттып 2 юань ұсынды. Алмаймын деп, еді. Бұның жолаушы екенін білдіме, әлде шаршаңқы жүзін көріп аядыма, болмай қалтасына салып берді.

Қытай таксфонмен  ағылшынша сөйледі. Олжас қытайшаға жоқ болсада,  ағылшынша әжеп тәуір сөйлейтін. Одан түсінгені сағатты жөндеттім. Көлік жоқ, көлік жібер дегенді  ұқты. Олжекең ойдан арылар емес, ойдан арылуда мүмкін емес. Не алам, не апарып саттсам, қалай пайда табам. Түсіме неге ине кіреді, неге сағаттың маңында айналсоқтап қалдым. Манағы бау тоқтататын шиді барып көріп, тағы біразын алайын деп, терезеге таяды. Манағы қытай аржағында ыржиып, басын шұлғып күліп қояды. Ағылшынша білесібе деп, еді. Ол басын шайқады.

Бұның сөзін естіп тұрған манағы дәу сағаттың иесі, сөзге араласты. Мен түсіндірем ағылшынша айта бер деді.  Шиден тағыда бір жүз дана алатынын және арзандатасыңба деп, сұрауды өтінді. Анау аударып еді. Бір қорапта екі жүз мың дана,  жүз юанға береді деп, жеткізді.  Жүз юанға ши алсам басқаға ақшам азайып қалады. Ары тарт бері тартпен, ойланып шамалы тұрды. Ана екеуі қытайшылап бірдемелерін кеңесіп жатыр. Қайдан келгенін сұрады. Монғолдан келгенін айтты. Саудагерсіңбе деп, күліп қояды. Саудагеріңе болайын деп, іші қыж қыж қайнайды. Екі жүз мыңды алып, елге барғансоң екі тенгеден сатам, төрт жүз мың төгрөг. Ал біздегі халық саны 2 млн. Он кісіге бір шиден деп, еріксіз күліп жіберді. Ана екеуі бажырая қарайды. Күлгеніне аң таң. Бұл ойын айтып еді. Түсінбеді ме. Олар үндемеді. Орысқа шығармаймынба. Бес жүз юанға бір миллионды алып, аш құлақтан тыш құлақ,  шаруаны бітірейін, нар тәуекел деп шешті.

Ана екеуі шыныңба дегендей бажырайып қарайды. Тілмашқа қайта айтып, бір миллион алатынын жеткізіп 500 юань шығарып еді. Қытай қасындағы телефонға жармасты. Тілмаш қәзір мұнда бір млн жоқ, зауытқа телефондады, ертең таңертең дайын болады. Ертең келсін деп, жеткізді.  Бүгін кешкі алтыда да кететінін айттып еді. Қытай телефонға қайта жармасты. Ұзақ сөйлесті. Телефонды ұстап тұрып 4 саусағын шошайты. Бұл басын шайқап 3 саусағын шошайтып еді. Біраз сөйлескен соң «окей» деп телефонды қойды. Тілмаш үшке дейін далада жүре тұр деді.  Бұл нақпа деп қайта сұрап еді. Сатушы  500 юанды алып  қытайша жазған бланкке бір млн оған қосу белгісін салып жүз мың деген сан жазып қолын қойып ұстатты. Тілмаш оқып бәрі дұрыс 2 аса келсең болады деп, дәу сағатына қарай кетті. Сағатты көлігіне артысып берді. Рахмет деп, ол кетті.

Айтқан екі  сағатында келіп еді. Манағы қытай тосып тұрекен, ыржалаңдап жетіп келіп, басқа бөлмеге алып жүрді. Кіргізіп қораптың бірін  ашып көрсетті, толы екен, басқа төртеуін көресіңбе дегендей, ымдады. Бұл басын шайқаған соң, аналардың жартысындай қорап шығарып аштыда, қолына ұстатты. Бұл саған силық деп тұрғанын сезді. Шап шағын алты қорап. Алып жүруге, көтеруге жеп жеңіл. Күшік салған  дорбасына  сиып кетті. Төрт күшігім  1.1 млн сағаттың бауын тоқтататын ши болды. Біреуін екі төгрөгтен сатсам 2,2 млн төгрөг.

Бәрі сатылып кетсе, пәтердің көкесін  алар едім, әжем қандай қуанар еді. Тіпті машина алуғада жетеді деген ой келгенде, денесі  дір  етті. Мен не ойлап кеттім. Бұл күпіршілік қой. Құдайдан бұйрықсыз ойлап, күпіршіліке барғанына құдайдан кешірім сұрап «Тәубәсіне» келді. Пойызға үлгерді. Шекерадан тиыш өтті. Ел дәу дәу аладорбаны купеге сидыра алмай келгенде, бұның құржиған дорбасын кеденшілер сыртынан қарап, кете барды…

Олжастың ендігі уайымы шилерін тез сатып , пайдасын көру қиялына ұштасты. Ұланбатырдағы сағат жөндейтін шеберлерді аралады. Ең көбі 500 данадан артық алмады. Бұрынғы газет апарып беріп жүрген үйлергеде кіріп шықты. Баланың көңілін қимай 10- 20 данасын алған болады. Одан көпті қайтеді. Қажеті жоқ нәрсені. Бір айда 100 мыңды әреңге өткізді. Кейбірін арзанға берді. Республикалық тұрмыс қажетін өтеу басқармасына барып жағдайын айтып жалынып еді, бір төгрөг елу мөнгөмен 500 мыңды алайық. Біздің бір аймақ жылына 20 мың  сағат жөндейді, оған бау керекпе жоқпа, білмейміз. Темір ғой  шіріп кетпес, сақтап қояр, арзан дүние болған соң алып отырмыз.  Дайын ақша бере алмаймыз.

Ақшаңды салатын есеп шоттың № әкел деді. Мектеп бітірмеген, жасыда 18 толмаған Олжаста қайдағы есеп шот. Есеп шот болғанда, мекемені ұйымның шоты керек. Мұндай қыруар ақшаны жеке адамның шотына салу заңда  жоқ. Шала таныс бір екі кәсіпкерлерге барып еді. Кіріс көбейеді.  Салық ұсталады. Машақаты көп, сағанда бізгеде тиімсіз болады, деп маңайлатпады. Негізі сенбеді. Сабақ басталып кеткен. Бұл әлі сабаққада барған жоқ. Миы айналып көшеде жүр.

Тарығып бұрынғы газет басатын баспаханасына барды. Бәрі жамырай қарсы алды. Бұл мұңын шақты. Газет сатып жүр берсейші десті. Кетерінде сатып ақшағып ал деп, екі бума газет  берді. Арқалап үйіне келді. Сатылмаса отқа тамызық. Бірақ үй жағдайы бұрынғыдай емес түзеліп қалды. Ши сатып түскен  ақшаға шындаса ортаң қол машинада  алуға болатын еді. Бұғанда шүкір деп қояды. Әкелген газеттерді шетінен қарай бастады. Оқу жылы басталған, оқуға шақырған жарнамаға толы. Бұған қайдағы оқу, енді ғана 10 сыныпқа барғалы отыр.

Жә,  бір жөні болар әжем атқан  «Таңғы ас тәңірден» деген бар емеспе… Сабақ басталғалы аттай он күн. Бұл үйде.. Ермегі газет оқу.  Газеттің жаңа санын қарап отырып, үкімет жанынан маркетинг және  менеджмент акедемиясы жаңадан ашылды. Бизнеске қабілетті жастарды қабылдаймыз деген жарнамаға көзі түсті. Қайта қайта оқыды. Кәсіпкерлік, бизнестің жолын жоғарғы денгейде үйретеміз дегені, есінен кетпеді. Шіркін он тауысқан болсам, барар едім. Жоғарғы денгейдегі бизнесмен болсам, мына заттарымды қиналмай сатып, қиналмай пайдаға кенелер едім деп қояды.

Дегенмен, бір көмегі тиер, ректорына барып жолығайын, тонымды шешіп алмас деп, ши салған қораптың біреуін көтеріп академияға барды. Қабылдауына жазылды. Көмекшісі қабылдап танысты. Жас жігіт екен. Болған оқиғаны қайта қайта тәптіштеп сұрады. Сен өзің онсызда оқымай ақ бизнесмен болыпсың ғой деп қояды. Оған Олжекең мынау шын айтама, әлде мазақ етіп отырма деп,бетіне бажырайа қарап еді. Анау, шын айтам. Бұндай іс он алтыдағы  сен тұрғой, білдей оқымыстылардың қолынан келмейді.

Ректор келсін саспа, көмектесем деп желпінеді. Тым жылпылдақсың, табысымның жартысына жармасқалы отырсың ғой, өткізіп берсең онсызда берем деп, бұл отыр. Ректор келді. Көмекші кіріп, біраздан соң шықты. Кіргізді аты жөнін сұрады. Көмекші жағдайды  таныстырған сияқты Затыңды өткізіп береміз. Банкіден өз атыңа депозитке шот аштыр, ана ақшаңды соған салып береді. Жеке кәсіпкерлік аш, көмектесеміз. Сатылмай қалған  600 мың дана шиді, ресейге  шығарамыз. Оған асықпа. Сен ерекше туған бала екенсің. Талабың зор, маңдайың жарқыраған  бағың бар. Енді миллионермін десеңде болады. Қалай ғана, осының бәрін ойлап тапқансың. Ойға келмейтін жәйт екен. Оқыған газетпен ,кітабыңды жатқа соғасың, өте зерек екенсің. Ойламыңда тез. Ой өрісіңде кең шығар. Елімізге сендей қабілетті  жастар керек. Сендерді қолдау міндетіміз. Сендер еліміздің ертеңісіңдер.  Ертеңнен бастап бізге сабаққа кел. Қалғанын мына көмекшім түсіндіреді бара ғой деді.

Көмекші ыржиып мәз, айттым ғой, сен нағыз бизнесменсің. Ертеңнен бастап бізде оқисың. Ректор саған бұйрық шығар деген, мына қағаздарды толтыр, кел дос болайық деп, қолын ұсынды. Қуанғаны сонша. Бұлда тартынған жоқ. Қолымен қоса өзінде құшақтай алды.  Мен орта мектеп  тауысқам жоқ, қалай жоғарғысын оқимын десе, жартыжылға дейін тыңдаушы боласың, оншы класты сырттай  оқып куәлік аласың.

Бәріне үлгеру керек.  Нарықтың заманы ешкімді аямайды, талап, білімің  болса жергеде тастамайды. Уақыт алмай айтқанымды орында. Ректор бәрін реттеуді тапсырған қам жемей кәрекетіңе кіріс.  Шот аштыр. Таңертең сабақтан қалма. Бар дем ал, деп шығарып салды. Ғимраттың есігінен шыға бергенде, артынан Олжас деген дауыс естілді. Қараса,  ректордың көмекшісі екен. Қораптағы шилеріңді қалдырыпсың деп, әкеліп тұр. Оған қиналатын Олжас па. Менде әлі  төрт жүз мың данасы бар. Солда жетеді. Қалса қала берсін. Ертең сабаққа келгенде алармын. Кабинетіңе қоя сал деп, қолын бұлғап кете берді. Көмекші келіскендей басын  изеп : –  Шиіңді ал. Әйтпесе шиіңмен қосып, миыңды  шашып жіберем. Шиді миллиондап табасың. Ми табылмайды. Миың шашылмасын. Сенің миыңдай миды жаратушы, мыңның біріне ғана береді –  деп, қарқылдай күліп қорапты алып кері қайтты.

Олжастың көзіне жас үйірілді. Арқасы қызды. Осындай жаны жомарт, елінің ертеңін, халқының қамын  ойлайтын ағалары бары Олжастың көңілін шалқытып жіберді. Есіктен шыға кеудесін кере дем алып, Монғолдың ұлы ақыны Д.Нацагдоржының «Отаным» толғауының    «Қолқа жүрегіме байланған Монғолдың әсем отаны» – деп басталатын шумағын  ыңылдай әндетіп бара жатты. Ол, өз заманының   жаста болса, бас болар миллионері болды. Ол табысты бұдан кейінде күреп тапты. Бірақ, қарапайым болмысын,миллионерлік сезімге ешқашан  жеңдірмеді.  Атағы аспандасада қарапайым  Олжас қалпынан ауған жоқ.

Ескерту: – Әңгіме өткен ғасырда Монғолияда болған    оқиға  ізімен жазылды.           Кейіпкерлердің есімі қазақшаланды.

Төгрөг, мөнгө. – Монғолияның ақшасы, тиыны.

Дая –қытайша- ақсақал.

 

 

- Advertisement -spot_imgspot_img
Дахан Жәмшин
Дахан Жәмшин
Дахан Шөкширұлы Жәмші. Монғолияның Баян- Өлгий аймағының Толбо ауылында дүниеге келген. Білімім жоғары. Монғолия Мемлекеттік университетінің саулет және құрылыс факултетінің құрылыс инженері, МХРП –ның Ұланбатыр филалының Марксизим – Ленинизим кешкі университетін саясаттанушы – журналист мамандығы бойынша бітірген. 1978-1992 жылға дейін Монғолияның Ауыл шаруашылық, Қазына шаруашылығы министрлігінде бас маман, дербес бөлім басшысы, Монғолияның ауыл шаруашылық министрлгі жанындағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия, Монғолия Бірлестікшілер Одағының Жоғарғы кеңесінде жауапты хатшы сияқты жауапты қызметтер атқарған. Монғолияда қалалық, аудандық, ауылдық мәслихат депутатына сайланған. 1992 жылы Ата жұрты Көкшетау облысы Ленинград ауданына қоныс аударды. 1992 – 1996 жылы аталған ауданда жеке кәсіпкер. Көкшетауға 1997 жылы көшіп келіп Отанына оалушыларды қолдаушы Солтүстік Өлкелік "Аңсап "жеке қорын құрып шеттен келген ағайындарға қолдау көрсетуде. 1996- 2011 жылы аралығында «Қазақ елі», «Жас Алаш», «Дала» журналы 2011 жылдан Халықаралық «Qazaqstan-dauiri» / бұрынғы «Қазақстан-Zaman»/ газетінің Ақмола облысындағы тілшісі «Ұлт», «Ел АнА» порталында қызмет атқарып келеді. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Дүние Жүзі Қазақтарының II және IY құрылтайы, алғашқы Республикалық кәсіпкерлер форуымына қатысқан. Монғолия мемлекеті тәуелсіздігінің 70, 90, Монғолия бірлестікшілер одағының 20, 30 жылдық мерекелік медалы және «Құрметті бірлестікшісі», Ауыл шаруашылық министірлігінің «Озат қызметкері» «Құрметті тың игеруші» атағымен сыйланған. «Қазақстан Республикасының 10 және 30 жылдығы мерекелік медаль», «Ақпарат саласының үздік қызметкері» атағы және Ақмола облысы әкімі, «Нұр Отан» партиясы, Көкшетау қаласы әкімінің силықтарымен бірнеше мәрте силанған. 2013 – 2016 жылдардағы облыстық «Алтын қалам» байқауының 3 дүркін, республикалық «Ғажайып Бурабай» атты байқаудың 2018 жылғы жеңімпазы.
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here