20.4 C
London
Сәрсенбі, Қыркүйек 27, 2023

Түркиядағы жер сілкінісі көп жайдың бетін ашты

- Advertisement -spot_imgspot_img
- Advertisement -spot_imgspot_img

Түркиядағы 6 ақпанда болған жер сілкінісінің салдарынан қаза тапқандар саны 20318 адамға жетіпті. 80052 адам түрлі дәрежеде жарақат алған. Өкінішке орай, қаза тақпандардың арасында қазақстандықтар да бар. Бүгінгі күні белгілі болып отырғаны  Мирус Құрмашев пен Әділ Қадырбеков деген азамат қаза тапқан, Сабина Мамадярова деген  қазақстандық азаматша дене жарақатын алып, ота жасатыпты.

Табиғат апаты орын алған Хатай және Аллепо провинцияларының бірқатар қалалары қатты зардап шеккен. Антакье қаласы түгелге жуық қирап қалған. Жергілікті тұрғынның айтуынша, ол тұрған пәтер екі жыл бұрын салынған екен. Құрылыс компаниясы жер сілкінісіне шыдас береді деп сендірген. Қазір үйдің үйіндісі ғана қалған. 7,7 баллдық екі дүркін болған жер сілкінісі көп қабатты үйдерді сіріңке қорабындай жапырып, қиратып кеткен.

Түркияда болған жер сілкінісі құрылыс саласындағы көптеген келеңсіз жайларды ашып көрсетті. Жері таулы, қыратты болып келетін түрік елінде жер сілкінісі қаупі бар аймақтар көп. Соңғы жылдарда құрылыс қарқынды жүргізіліп, жаңадан салынған үйлер жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай жер жерде бой көтеріп жатыр. Салынып жатқан үйлердің көптігі үй бағасының арзандығына да әсер етіп, Түркиядан пәтер алып тұруға ынталылар қатарында қазақстандықтар да аз болмаған. Табиғат апаты түрік құрылысшыларының салған үйлерінің жер сілкінісіне шыдамдылығы төмен  екендігін көрсетіп берді. Хатай провинциясының бірқатар қалалары түгелге жуық қирап қалды.

Жапонияда жер сілкінісі жиі орын алып тұрады. 2011 жылы  Фукусима аймағында болған 7,3 баллдық жер сілкінісі салдарынан 2 млн адам тұратын аймақтың электр желілері істен шығып, атом электр стансасына біршама зақым келген еді. Дегенмен, апаттан үйлер қирап, зақымданған жоқ. Жалпы, алғанда жапон еліндегі  қатты жер сілкіністері салдарынан елді мекендердің қирап, үйлердің құлап қалатын жағдайлары бола қоймайды. Яғни, бұл елде құрылысты салғанда оның жер сілкінісіне шыдамдылығы қатты назарға алынады.

Біздің елімізде жер сілкінісі қаупі бар аймақтар қатарына Алматы қаласы мен өңірі кіреді. Алматыда үйлерді қиратып, көптеген адамдардың өмірін алып кеткен бірқатар жер сілкінісітері болған. Кеңес заманында осыған орай, тұрғынүйлердің жер сілкінісіне шыдамдылығына жете көңіл бөлінетін. Ал соңғы жылдарда ақша қуған құрылыс компаниялары сыртын жылтыратып, сапасыз құрылысты қаптатып салып жатыр. Қарағанды мен Астанада, тіпті ешқандай жер қозғалысы болмай-ақ, жаңа салынған үйдің құлап қалған оқиғалары орын алғаны есімізде. Апат айтып келмейді, егер жер сілкінісі бола қалса не болмақ? Оны ойлаудың өзі қорқынышты. Алматыдағы сапасыз құрылыстардың бәрі Түркиядағы сияқты жермен-жексен қирап қалары анық.

Түркиядағы апат табиғат құбылыстарының ойламаған жерден келу қаупінің барлыын анық көрсетіп берді. Осыған орай, елімізде құрылыс сапасына жете көңіл бөлу, оның ішінде жер сілкінісіне шыдамдылығын тексеру қажеттігі анық байқалып отыр. «Сақтансаң, сақтайды» деген халық даналығын естен шығармаған абзал.

Қалкөз ЖҮСІП.

 

 

 

 

- Advertisement -spot_imgspot_img
Қалкөз Жүсіп
Қалкөз Жүсіп
Қалкөз Жүсіп ҚазМУ-дің тарих факультетін бітірген. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етті. Қима аудандық «Дала таңы» газетінің бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Атбасар аудандық «Атбасар» газетінің» редакторы, Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болып еңбек етті. Сондай-ақ, республикалық «Заң газетінің» ұзақ жылдар Ақмола облысындағы меншікті тілшісі болды. Қазақстан ақпарат саласының үздігі, түрлі республикалық конкурстардың жеңімпазы.
Latest news
- Advertisement -spot_img
Related news
- Advertisement -spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here